Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар бағамы көтерілді

Доллар бағамы көтерілді

Алматы. 6 маусым. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 6 маусымдағы доллардың орташа бағамы 331,64 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 331,39 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 331,95 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 331,80 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 56 млн 300 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 103.

Ақша айырбастау орындарында 6 маусымдағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.10) Алматыда 333 теңгені құраған.

Похожие материалы