Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллардың ресми бағамы 330 теңгеден асты

Доллардың ресми бағамы 330 теңгеден асты

Алматы. 1 маусым. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 1 маусымдағы доллардың орташа бағамы 330,70 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 330,66 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 330,78 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 330,78 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 42 млн 850 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 90.

Ақша айырбастау орындарында 1 маусымдағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.10) Алматыда 332 теңгені құраған.

Похожие материалы