2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстанда 204 238 автокөлік есепке қойылған. Бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 9%-ға аз, деп хабарлайды 7kun.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасында тіркелген жеңіл автомобильдердің жалпы саны 3 833,3 мың бірлікті құрады.
Ал 2022 жылғы бірінші тоқсанда 2600 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 3968 адам зардап шеккен. Өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда апат саны 0,8% азайды.
1 сәуірдегі жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 10,7 млрд теңге сомасында 21370 сақтандыру төлемін жүзеге асырған.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024