Қазақстан мен Ресей арасындағы көлік пен құс еті тасымалына тыйым салу туралы шешім 6 ақпанда Мәскеуде қаралады. Бұл туралы «Атамекен» кәсіпкерлер Ұлттық палатасы төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев мәлімдеді деп хабарлайды «Астана» арнасы. Оның айтуынша 2 күннен кейін Қазақстан мен Ресей арасындағы екі жақты кеңес өтіп, біздің еліміз тарапында осы мұрақ қойылады.
Еске салайық, осыған дейін кәсіпкерлер Ұлттық палатасы рубльдің құнсыздануынан бағалары тез көтерілуге бейім тауарлардың импртталуына шек қоюын сұраған еді. Олардың қатарында арматура, автомобильдер және құс еті де бар. Сондай банк саласындағы, «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова да теңге курсын ретке келтіргеннен бұрын, осындай қадамдар дұрыс деп есептейді.
«Егер біз ішкі экономиканы қолдап отыруымыз керек болса, онда тек 2 жол ғана бар деп есептеймін. Бірі - валютаны ретке келтіру немесе шекараны жабу. Менің ойымша, шекараны жабу өндірушілеріміз үшін де, экономикамыз үшін ауыр тимейтін, ыңғайлы тәсіл болар еді», - деді Үміт Шаяхметова.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024