Астана. 11 шілде. 7kun.kz - Энерготиімділікті арттыру үшін 318 млд теңге инвестиция құю жоспарланып отыр. Бұл туралы инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары Алик Айдарбаев мәлімдеді.
Неміс мамандарының айтуынша, қайта жаңартылатын энергия көздерін пайдалануға көшу кешенді түрде жүзеге асырылу керек.
Шараны Неміс энергетикалық агенттігі ұйымдастырып отыр. Екі күнге созылатын жиында тараптар энергетика саласындағы жетістіктер мен технологиялардың қолданылу мәселелерін талқылайды. «Халықаралық энергетикалық агенттік жүргізгізген сараптама нәтижесіне сәйкес 2015 жылы энерготиімділікті дамытуға арналған инвестициялар 6%-ға артқан. Құйылған қаражаттың сомасы 221 млрд долларды құрайды. Ал 2020 жылға дейін тиімділік 3,6 млн тонна болады деп жоспарланып отыр. Қаржылай есептейтін болсақ жыл сайын 63,5 млрд теңгені құрайды» - дейді Алик Айдарбаев