Авто
Медиа
Ешқашан бәсекелеспен қақтығыспа. Alibaba-ның негізін қалаушы Джек Мадан 10 кеңес.
Атақты Alibaba Group-тың негізін салушы Джек Ма аталмыш компанияның жиырма жылдығына орай 2019 жылдың 20 қыркүйегінде төрағалық қызметтен кетеді. Бірнеше күннің ішінде "зейнеткерлікке" шығады деп жаһанға жариялаған журналистер компания басшысының сөзін дұрыс түсінбепті.
Джек Ма компанияны басқаруды жас менеджерге тапсырып, өзі қайырымдылық шарасымен айналысып, әрі білімін жетілдіруге уақыт бөлетіндігін жеткізді.
Халық Джек Маны азиялық Марк Цукербергке немесе Джефф Безосқа теңейді. Өйткені ол алып империя қалыптастырған, Forbes мұқабасына суреті шыққан ең бірінші қытайлық кәсіпкер. Сондай-ақ, Джек Маның ерекшелігі бизнесті "0-ден" бастағандардың бірі. 7kun.kz бизнестегі әр қадамынан үлгі алуға болатын бизнесменнің он кеңесін ұсынады.
Бәсекелес компания дұшпан емес
Нарықтағы соғыс құдды бір шахмат ойынын еске салады. Егер сіз жұмыс барысында ұтылсаңыз, онда қам жемеңіз. Екінші рет жеңіске жететін ойын кезеңі бар. Ұрысып, “төбелесіп”, өзге компанияны жек көру бизнесті тығырыққа тірейді.
Бәсекелестіктен қорықпаңыз
Егер бәсекелесіңіз алып компания болса, одан үйренетін нәрсе көп. Сонымен қатар өз қателіктеріңізді де байқайтын боласыз. Басқаны «басып оза алмаймын» деген оймен салыңыз суға кетпесін. Кейде сіз көзге ілмейтін кішігірім компания да сізді шаң қаптырып кетуі ғажап емес.
Алыстан болжап, ой түбіне жетіңіз
Жиналыста ұсынылған идеяны қол астыңыздағы қызметкерлер қарсылықсыз 90 пайыз қолдай кетсе, онда ойыңыздан бас тартыңыз. Себебі нағыз нәтижелі жетістікке қол жеткізу үшін істің тереңіне үңілу керек.
Ақша мен саясат - жарылғыш қоспасы
Саясатты таңдаған адам қомақты қаражатты ұмыта берсе болады. Ал бизнес жолына түскен адам саясаттан сақ жүргені оң шешім. Өйткені ақша – сіріңке, ал саясат- жарылғыш зат.
Қызметкердің қарқынымен теңеспеңіз
Қызметкерлердің техникалық дағдылары әрқашан басшыға қарағанда жоғары болуы керек. Егер бұлай болмаса, сіз қателестіңіз. Компания басшысының қырағылығы мен алыстан жоспарлайтын қасиеті болуы шарт. Сондай-ақ, сіздің қатал мінезіңіз бен сіз төтеп бере алатын мәселеге олардың қауқары жетпейтіндігін ескерткен жөн.
Қателесіңіз
Өз кәсібіңізді бастағанда толықтай тұрақты табыстан, демалыстан және еңбекке жарамсыздық уақытынан бас тартасыз. Мұндай шешімнен қорықпаңыз. Жастарға айтар кеңесім: Қателесіңіз, бірақ одан ойын туындатыңыз. Бірде сүрініп, бірде биікке көтерілуден ләззат алыңыз.
Тұтынушы алғашқы орында
Amazon-ның негізін қалаушы және Alibaba-ның ең басты бәсекелесі Джефф Безостың айтуынша, бақталастықты ұмытып, тұтынушының ниетіне көңіл аударған жөн. Тіпті, Джек Ма да дәл солай ойлайды. «Ең бірінші орында үнемі клиент тұрады. Екінші орында – қызметкерлер. Соңғы кезекте ғана акция ұстаушы», - дейді кәсіпкер.
Тым көп жұмыс істемеңіз
Жұмыс сізге қалыптасқан кертартпа тәртіпті емес, рақат сезімін тудырсын. Жұмыс орнында фокусыңызды шашыратпай, пайдалы іспен айналысуға тырысыңыз. Күні бойы қол қусырып отыру өзіңізді тірідей өлтіргенмен тең.
Өзіңізді дұрыс бағалаңыз
Ma, снобизм мен өзі жайлы жоғары ойлау және өзін-өзі жоғарылатуы кәсіпкер үшін ең жаман қасиеттердің бірі деп санайды. Егер тез қарқынмен дамып және сол қарқынды дұрыс бақылай алмасаңыз, онда сөзсіз Сіз жеңілеске ұшырайсыз.
Үлкен істі бірнеше бөлікке бөлу
Джек Ма алғаш компаниясын құрған сәттен бірнеше жыл алдыға жоспар құрды. Сонымен қатар үлкен істі бастап, мақсатқа қол жеткізу үшін жоспарын бірнеше этаптарға бөлді. Мұндай әдіс қиын жұмбақтардың шешімін тауып, табысқа жеткізді.