Алматы. 18 қаңтар. 7kun.kz - Итальяндық консерватор Антонио Таяни Еуропалық парламенттің жаңа төрағасы болып сайланды. Ол - Еуропалық халық партиясы фракциясының өкілі.
Таяни дауыс берудің екінші турында 351 дауыс жинады. Ал оның қарсыласы - социалист Джанни Пителлу 282 дауысқа ие болған.
Таяни үміткерлігін консерваторлармен коалиция құрған либерал депутаттар қолдады. Либералдар мен консерваторлар еуроинтеграцияға қарсы шыққан популистердің ықпалын басу үшін біріккен еді.





