Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Еуропалық парламенттің жаңа спикері сайланды

Еуропалық парламенттің жаңа спикері сайланды

Алматы. 18 қаңтар. 7kun.kz - Итальяндық консерватор Антонио Таяни Еуропалық парламенттің жаңа төрағасы болып  сайланды. Ол - Еуропалық халық партиясы фракциясының өкілі.

Таяни дауыс берудің екінші турында 351 дауыс жинады. Ал оның қарсыласы - социалист Джанни Пителлу 282 дауысқа ие болған.

Таяни үміткерлігін консерваторлармен коалиция құрған либерал депутаттар қолдады. Либералдар мен консерваторлар еуроинтеграцияға қарсы шыққан популистердің ықпалын басу үшін біріккен еді.

Похожие материалы