Выбор редактора
Медиа
Фото: Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтті
Алматы. 1 ақпан. 7kun.kz - Бүгін Алматыда Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресейдің үкімет басшылары мен Арменияның вице-премьері қатысқан екі ірі жиын өтті. Бірі түске дейін ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі ұйымдастырған «Жаһандану дәуіріндегі цифрландырудың күн тәртібі 2.0» форумы.
[caption id="attachment_102264" align="aligncenter" width="954"]

Фото: 7kun.kz[/caption]
Екіншісі бесінге қарай басталған Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы. 7kun.kz форумнан ақпарат ұсынады.
[caption id="attachment_102266" align="aligncenter" width="5472"]

Фото: 7kun.kz[/caption]
Күн тәртібінде 16 мәселе, оның 10-ы шағын құрамда талқыланды.
Сауда - экономикалық ынтымақтастық, Одаққа мүше мемлекеттер арасында өзара сауда көлемін ұлғайту, экономиканың кейбір салаларында ықпалдастықты арттыру, сауда, энергетика, ауылшаруашылығы, көлік және логистика, салық пен кеден саласындағы заңдарды біріздендіру, сондай-ақ түске дейін талқыланған цифрландыру мәселесі де айтылды.

Кеңейтілген құрамда 2018 жылдың ЕЭО мүше мемлекеттер арасындағы сауда келісімі, макроэкономикалық жағдай айтылып, тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ету туралы ЕЭК Коллегиясының ұсынысы тыңдалды.
[caption id="attachment_102271" align="aligncenter" width="5472"]

Фото: 7kun.kz Үкімет басшылары шағын құрамдағы талқылауға кеткен сәт. Министрлер де уақытты құры жібермеді[/caption]
Жиынға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бес мемлекеттің үкімет басшылары мен ЕЭК Коллегиясының төрағасы қатысты.
Қазақстанның Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев 2018 жылы жүзеге асқан жобаларға тоқталды.
[caption id="attachment_102267" align="aligncenter" width="5472"]

Фото: 7kun.kz[/caption]
Ресей үкіметінің басшысы Дмитрий Медведев сөзін қазақ тілінде амандасудан бастады. Айта кетейік, өткен жылы Ресей ЕАЭО төрағалық жасады. Оның айтуынша өткен жылдың 10 айында ішкі сауда 12% өскен. Сыртқы серіктестермен сауда 21% ұлғайған.
[caption id="attachment_102268" align="aligncenter" width="5472"]

Фото: 7kun.kz Д.Медведев форумда[/caption]
Отырыс соңында кедендік алымға нормативтік бөлініс, қазақстандық көмір экспорттаушыларды Ресейдің теңіз порттары арқылы тасымалдау, ЕАЭО цифрландыру бойынша жобаларды жүзеге асыру тетіктері, алкоголь өнімдерін реттеу жобасының келісімі мақұлданды.
[caption id="attachment_102272" align="aligncenter" width="5472"]

Фото: 7kun.kz
Қазақстан тарапы үшін су тасымалы, көмір тасымалдау бағытында сәтті келісімге қол қойылды[/caption]
Сонымен қатар одаққа мүше елдер арасында тұрақты кеңес беру, кеме қатынасы, жүк тасымалы үдерістерін ықшамдау, одақ елдерінің өзен, суларында жүк тасымалы кезінде туындайтын қатынасты реттеуге бағытталған құжатқа қол қойылды.
[caption id="attachment_102273" align="aligncenter" width="5472"]

Фото: 7kun.kz
Арменияның Вице-премьері Мгер Григорян қол қоюда[/caption]
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің келесі отырысы сәуірдің соңы, мамырдың бас кезінде Армения астанасы Ереванда өтетін болды.
Фото: Азамат Құсайынов
Редактор: Таңшолпан Тарғынова, «7»