ГАМБУРГ – Гамбургте биылғы G20 саммиті соңғы жылдардағы ең қызықтысы болайын деп тұр. Бастысы, онда көп тарапты және халықаралық қатынастарды жек көретін АҚШ президенті Дональд Трамп алғаш рет қатысады.
Трамп Гамбургқа өткен жылы өткен саммиттің басты міндеттемелерінің бірі - Париж климат жөніндегі келісімге «мүмкіндігінше тезірек қосылудан» бас тарта отырып келеді. Және ол осы кездесулердің протекционизмнен бас тарту немесе босқындарға көмектесу тәрізді әдеттегі ұсыныстар жайында үлкен ынта білдірмейтіні де рас.
Сонымен қатар, Гамбургтағы саммит наразылық көтерілістері басылғаны мүмкін екі авторитарлық елдерде өткен, яғни 2015 жылы Түркия және 2016 жылы Қытайдағы жыл сайынғы G20 кездесулерді жалғастырады. Биылғы саммит барысында Трампқа қарсы ғана емес, сонымен бірге Түркияның Реджеп Тайип Ердоған мен Ресейдің Владимир Путиніне қарсы бағытталған көшедегі шерулер өтуі әбден мүмкін.
G20 екі идеяға негізделген: бір маңызды және өзекті, екіншісі жалған және алаңдатарлық. Бразилия, Үндістан, Индонезия, Оңтүстік Африка және Қытай секілді дамушы және дамып келе жатқан нарықтық экономикалар маңыздылығы артып, олар жаһандық басқару туралы пікірталастан шығарылып тастауға болмайды. G7 әлі алмастырылмады, оның соңғы саммиті мамыр айында Сицилияда өткізілді, сондықтан G20 кездесулері диалогты кеңейтуге мүмкіндік береді.
G20 Азия қаржы дағдарысынан кейін, 1999 жылы құрылған. Дамыған елдер бастапқыда оны дамушы елдерге дамыған әлемдік стандарттарға сәйкес қаржылық және монетарлық басқаруды орантуға көмектесетін ақпараттық форум ретінде қарастырды. Уақыт өте келе дамушы елдер өз дауыстарын ие болып және топтың күн тәртібін жасауда үлкен рөл атқарды. Қалай болғанда да, АҚШ-тан шыққан 2008 жылғы жаһандық қаржы дағдарысы және одан кейінгі еуро аймағының бұзылуы, дамыған елдердің осы мәселелерді шешуге пайдалы ақпаратқа ие екендігі туралы пікірді мазаққа айналдырды.
Екіншіден, G20-ның негізіндегі пайдасы аз идея бойынша әлемдік экономикадағы өзекті мәселелерді шешу жаһандық деңгейдегі бұдан да тығыз ынтымақтастық пен үйлестіруді талап етеді. Әлемдік экономика - бұл «жаһандық бірлестік» деген салыстыру жиі кездеседі: барлық елдер осы бірлестікті сақтауға өз үлестерін қосады, немесе барлығы бірге зардап шегеді.
Бұл шындыққа жақын және кейбір салаларға қатысы бар. Климаттың өзгеруіне байланысты негізгі мәселені шешу ұжымдық әрекеттерді талап етеді. Көмірқышқыл газының шығарындыларын тоқтату шынайы жаһандық игілік іс болып табылады, өйткені егер әрбір ел бұл мәселемен жеке қалса, ол өз шығарындыларын азайтпай, басқалардың азайтуы арқасында өтіп кетуі мүмкін.
Сол сияқты шекаралардан өтетін жұқпалы аурулар да ертерек ескерту жүйелерін, бақылау және алдын алуды іске асыру үшін жаһандық инвестицияларды талап етеді. Мұнда да жеке елдер осы инвестицияларға үлес қосуға аз ынтасы болып, керісінше, басқалардың жарналарының арқасында құтылып кетуге ынтасы зор болады.
Мұндай мәселелерді G20-тің өзекті экономикалық мәселелері - қаржылық тұрақтылық, макроэкономикалық басқару, сауда саясаты, құрылымдық реформалармен бірдей жағдайда қарастыру қиын. Бірақ «жаһандық бірлестік» логикасы көбінесе мұндай экономикалық проблемаларга тап болғанда бірге бұзылады.
Гамбургтегі G20 басшыларының ойында болатын тақырыпқа назар аударыңыз (Трамптан басқа, әрине): өсіп келе жатқан сауда протекционизмнен төнген қауіп. Global Trade Alert жаңа баяндамасында G20 осы мәселе бойынша бұрынғы уәделерін орындамағанын ескертеді. Осы уақытқа дейін саудаға түскен шынайы қауіптен Трамптың сөздері ғана қорқынышты болды. Дегенмен, баяндамада көрсетілгендей, АҚШ-тың басқа елдерге экспорттауына әлі кедергі келтіретін мыңдаған протекционистік шаралар Трамптың саудаға өз кедергілерін арттыруға сылтау беруі мүмкін.
Дегенмен, ашық сауда саясатын сақтай алмау - бұл ғаламдық ынтымақтастықтың сәтсіздігі немесе жаһандық рухтың жеткіліксіздігі емес. Ол ішкі саясаттың сәтсіздігі.
Біз экономистер сауданың салыстырмалы артықшылықтары мен пайдасын насихаттағанымызда, еркін сауда еліміздің экономикалық секторын (бәліштің) кеңейтетінін түсіндіреміз. Біз басқа елдерге жеңілдіктер беру үшін емес, өз азаматтарымыздың экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту үшін сауда жасаймыз. Басқа елдердің протекционизміне тосқауылдарды тұрғызу арқылы жауап берсек, бұл өз аяқтарымызды оқпен атқанымызбен тең.
Рас, сауда туралы келісімдер көптеген американдықтарға пайда әкелмеді; көптеген жұмысшылар мен қауымдастықтар зардап шекті. Алайда, бұл нәтижелерді шығарған қате және теңгерімсіз сауда мәмілелері АҚШ-қа басқа елдермен енгізілмеген. Олар Трампты қолдайтын АҚШ-тың мықты корпорацияларының корпоративтік және қаржылық мүдделері үшін жасалған. Жеңілгендердің шығындарының өтелмеуі ғаламдық ынтымақтастықтың жеткіліксіз болғанының нәтижесі емес, ішкі саясаттың әдейі жасаған шешімі болды.
Бұл қаржылық реттеу, макроэкономикалық тұрақтылық немесе дамуды қолдайтын құрылымдық реформаларға да қатысты. Үкімет осы салаларда дұрыс жұмыс істемесе, олар басқа елдер үшін жағымсыз құбылыстарды тудыруы мүмкін. Бірақ ең көп зардап шегетіндер - олардың өз азаматтары. G20 саммиттерінде сөйлеген сөздер осы мәселелердің ешқайсысын шешпейді. Егер біз жалған протекционизмнен аулақ болғымыз келсе немесе тұтастай алғанда жақсырақ экономикалық басқарудан пайда көргіміз келсе, өзіміздің ұлттық үйлерімізді тәртіпке келтіре бастауымыз керек.
Одан да жағымсызы, G20-ның кездесулерінде орын алатын және популистер әңгімелерінің негізің құрайтын рефлекторлық жаһандану болып табылады. Ол Трамп және онымен пікірлес көшбасшыларға өз саясатына қарамай, басқаларға кінә тағуға негіз береді. Өйткені, басқа елдер біздің халқымыз азап шегеді деп айтып отырып, біздің ережелерімізді бұзып, бізді пайдаланады. Шешім ретіндегі жаһандану, оңай, бәріне кінәлі болған жаһандануға айналды.
Қазіргі кезде Цезарь айтып өтетіндей, негізі мәселе біздің сауда әріптестерімізде емес, өзімізде болып тұр.
Автор туралы: Дэни Родрик - Гарвард университетінің Кеннеди атындағы басқару мектебінде Халықаралық саяси экономия кафедрасының профессоры, Экономикалық Қағидалар: Қараңғы Ғылымның Дұрысы мен Бұрысы кітабының авторы.
Авторлық құқық: Project Syndicate, 2017. www.project-syndicate.org
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024