Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Грузияда қаржы саласын бақылау құзырын Ұлттық банкке қайтарды

Грузияда қаржы саласын бақылау құзырын Ұлттық банкке қайтарды

Алматы. 13 наурыз. 7kun.kz - Грузия парламенті "Ұлттық банк туралы" заңды бекітіп, қаржы секторын бақылау құқығын Орталық банкке қайтарды. 2015 жылы бұл функция Қаржы секторын бақылау агенттігіне берілген еді. 

Грузияның қаржы министрлігінің хабарлауынша, "соңғы уақыттағы өзгерістерге және халықаралық қаржы институттарының ұсыныстарына байланысты" қаржы секторын бақылау құқығы Орталық банкке қайтарылу қажет деп шешілген.

2015 жылдың қыркүйегінде Грузия парламенті "Ұлттық банк туралы" заңға өзгеріс енгізіп, "Қаржы секторын бақылау агенттігі" атты заңды ұйым құрылған еді. Ұлттық банктің қаржы секторын бақылау құқығы осы агенттікке берілді.

Бірақ жаңа өзгеріске Грузияның банк секторы және Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк, Азиялық даму банкі сарапшылары алаңдаушылық білдірген. 12 қазанда Грузияның Конституциялық соты парламенттегі оппозициялық депутаттардың арызына байланысты жаңа ұйымның жұмысын тоқтатты.

Енді Конституциялық сот Қаржы секторын бақылау агенттігінің қызметін тоқтатып, оның функциясын Грузияның Орталық банкіне қайтарып отыр.

Похожие материалы