Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Гурам Андроникашвили ForteBank-тың басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды

Гурам Андроникашвили ForteBank-тың басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды

Алматы. 12 ақпан. 7kun.kz – «ForteBank» АҚ Гурам Андроникашвили банктің басқарма төрағасы қызметіне тағайындалғанын хабарлады.

«ForteBank» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен, 2018 жылдың 9 ақпанында Мағжан Әуезовтың өкілеттігі, директорлар кеңесінің мүшесі лауазымына кандидатурасын ұсынғаны және директорлар кеңесі төрағасының лауазымына тағайындалуына байланысты тоқтатылады.

Директорлар кеңесі «ForteBank» АҚ-ның басқарма төрағасы қызметіне бұрын басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған Гурам Андроникашвилиді тағайындады. «Банк Kassa Nova» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған Жұмабек Мамутов «ForteBank» АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары қызметіне ауысты.

«Бір жыл жұмыс істеп, Мағжан Әуезов өзіне қойылған талаптарды орындап, ForteBank-ты еліміздегі ең үздік 5 банктың қатарына қосты. Ол қаржы айналасындағы терең білімі арқасында осы лауазымға тағайындалды. Ендігі директорлар кеңесіндегі оның жаңа рөлі – банктің стратегиялық мақсаттарына назар аудару», - деп атап өтті «ForteBank» АҚ-ның мажоритарлы акционері Болат Өтемұратов.

Похожие материалы