Алматы. 12 ақпан. 7kun.kz – «ForteBank» АҚ Гурам Андроникашвили банктің басқарма төрағасы қызметіне тағайындалғанын хабарлады.
«ForteBank» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен, 2018 жылдың 9 ақпанында Мағжан Әуезовтың өкілеттігі, директорлар кеңесінің мүшесі лауазымына кандидатурасын ұсынғаны және директорлар кеңесі төрағасының лауазымына тағайындалуына байланысты тоқтатылады.
Директорлар кеңесі «ForteBank» АҚ-ның басқарма төрағасы қызметіне бұрын басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған Гурам Андроникашвилиді тағайындады. «Банк Kassa Nova» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған Жұмабек Мамутов «ForteBank» АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары қызметіне ауысты.
«Бір жыл жұмыс істеп, Мағжан Әуезов өзіне қойылған талаптарды орындап, ForteBank-ты еліміздегі ең үздік 5 банктың қатарына қосты. Ол қаржы айналасындағы терең білімі арқасында осы лауазымға тағайындалды. Ендігі директорлар кеңесіндегі оның жаңа рөлі – банктің стратегиялық мақсаттарына назар аудару», - деп атап өтті «ForteBank» АҚ-ның мажоритарлы акционері Болат Өтемұратов.