Илон Маск Марсқа ұшуға арналған жаңа ғарыш кемесінің алғашқы сынақ мерзімін айтты
Алматы. 12 наурыз. 7kun.kz – SpaceX компаниясының негізін қалаушы Илон Маск Марсқа ұшуға арналған жаңа ғарыш кемесінің алғашқы сынақ мерзімін айтты. Алғашқы сынақ мерзімі 2019 жылдың бірінші жартысында болады. Осы уақытқа дейін жаңа ғарыш кемесі қысқа ұшуға дайындалады. Бұл туралы CNBC News жыл сайын Техастағы Остинде өтетін SXSW технологиялық жәрмеңкесінде айтты, деп жазды rb.ru сайты.
Шара аясында Маск қазіргі уақытта SpaceX компаниясы «марстық немесе ғаламшараралық кемелер» жасаумен айналысып жатқандығын мәлімдеді. Оның есептеуінше, ғарыш кемесі алдағы жылдың бірінші жартысында қысқа ұшулар жасай алатын болады. Дегенмен, ол бұл жоспардың асыра сілтеушілік болу мүмкін екендігін де қоса айтты.
Маск түсіндіргендей, SpaceX-тің негізгі міндеті 2022 жылға қарай Марсқа жүк миссиясын жіберу, ал одан әрі компания Қызыл ғаламшарға адамзатты орналастыру үшін негіз қалауы керек.
Ғаламшараралық (планетааралық) ғарыш кемесі енгізілетін жаңа зымыран Spacex-тің BFR (Big Falcon Rocket) болуы тиіс. Алдын-ала болжам бойынша, кеменің өзі ғарышкерлерге арналған 40 кабинамен жабдықталады. Оның ұзындығы шамамен 48 метр және ол қайта қолданылатын болады. Ал ракета биіктігі 106 метр, диаметрі 9 метр, ол 150 тоннаға дейінгі пайдалы жүктемелерді таси алады.
Маск SpaceX BFR ұшыру құны 5-6 млн долларға бағаланған Falcon 1 ракетасын ұшыруға қарағанда арзанға түседі деп жоспарлап отыр. Алайда SpaceX BFR құны қанша болатындығы айтылмады.
Қания Табыс
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024