Айшылық алыс жерге бармай-ақ, шаруаларыңызды бір жақты еткіңіз келе ме? Кезек күтуден жалыққан, уақыты тығыз адамдар үшін интернет-банкинг атты қызмет бар. Бүгін 7kun.kz өз оқырмандарын осы қызметпен таныстырады.
Бұл не?
Интернет-банкинг — интернетке қосылатын кез келген компьютерден банктік қызметтерді қашықтан қолдану. Интернет желісіндегі банк сайты арқылы клиент нақты уақыт режимінде әлемнің кез келген нүктесінен банк қызметкерінің қатысуынсыз (ұялы телефон арқылы да) өз шоттарының жай-күйі туралы ағымдағы ақпаратты ала алады, қаражаттың шот бойынша қозғалысын, төлем құжаттары туралы деректерді қарай алады, пластикалық карталармен операциялар жасай алады. Айталық, ұялы телефоныңыздың бірлігі таусылып қалған болса, үйде отырып-ақ есебіңізді толтыруға мүмкіндік бар. Яғни, бұл жүйені қолдану үшін сізге бар болғаны компьютер/смартфон, интернет және авторизациядан өту қажет.Қандай қызметтер ұсынады:
- шоттар бойынша үзінді көшірмені алу; - банк қызметтері бойынша ақпаратпен танысу (депозиттер, несиелер және т.б.); - депозиттер ашу, несие, банк карталарын алу және т.б. өтінімдер беру; - банк шоттарына ішкі аударымдар жасау; - басқа банк шоттарына аударымдар жасау; - қаражат айырбастау; - қызметтер бойынша төлем жасау.Интернет банкингтің даму тарихы
Интернет банкинг жүйесінің негізі өткен ғасырдың 80-жылдарында қаланған. Ең алғашқы жүйе АҚШ-та жасалып, Home Banking деген атауға ие болады. Аталған жүйе арқылы салымшылар өз есепшоттарын банк компьютеріне өз телефондарын байлау арқылы тексеріп отырған. Интернет дамыған сайын бұл жүйеге түрлі өзгерістер енгізілді. Есепшоттан қаражатты аудару қызметі бірінші рет 1994 жылы қосылған. Ал, 1995 жылы алғашқы Security First Network Bank виртуалды банк іске қосылады. Бірақ, ол кезде жаңа жүйе ел ішінде сенімсіздік тудырып, ғұмыры ұзаққа бармады. Онлайн банкинг саласында жетістікке жеткен алғашқы банк - Bank of America. 2001 жылға қарай e-банкинг қызметін ұсынатын барлық банктердің ішінде аталған банк нөмірі бірінші болады. Себебі, қолданушылар базасы 2 миллионнан асып, 1 млрд АҚШ доллары шамасында қаржылай аударымдар жасалған. Бүгінде e-банкинг қызметін Еуропа мен Америка елдерінде ересектердің 50 пайызы, кәмелетке толғандардың 90 пайызы қолданады.Қазақстандағы интернет банкинг
Бастапқыда 2007 жылдың аяғына қарай не бары 8 банкте интернет-банкинг қызметі ашылған еді. Ол кезде 30 екінші дәрежелі банк болған. Ал, бүгінде аталған банктердің саны - 37. Жеке тұлғаларға e-банкинг қызметін ұсынатын 18 банк бар.Жүйеге қалай қосыламын?
Қазақстан банктеріндегі интернет банкингтің негізгі сипаттамалары туралы толығарық білгіңіз келсе, мына жерден оқи аласыз.- Жүйеге тіркелу үшін картаңыздың нөмірін енгізуіңіз керек. Кейбір банктерде телефон нөмірі арқылы да тіркелуге болады;
- Одан кейін өзіңіз туралы мәлімет енгізуіңіз қажет (аты-жөніңіз, картаңыздың мерзімі);
- Бірер сәттің ішінде сіз жүйеге тіркелесіз. Кейін құпиясөзіңізді ауыстыруыңызға да болады.
Төлем және комиссия
Бұл жүйе арқылы сіз ұялы телефон балансын толтырып, коммуналдық қызмет, салық және т.б төлей аласыз. Комиссиясы да түрліше болады. Қазақстандық банктердің арасында комиссиясыз төлем жасауға мүмкіндік беретіндері де бар. Және де өзге банктердегідей картаңыздың болуы да міндетті емес. Әрбір банктің сайтына кірген сәтте комиссия мөлшері көрсетіліп тұрады. Және төлем жасамас бұрын сервис сізге комиссияның үлесі жайлы ескертеді.Бұл қауіпсіз бе?
Атап өткеніміздей, құпиясөзіңізге өте абай болыңыз. Бұл адамның қатысынсыз жүретін процесс болғандықтан, кейде жүйеде ауытқулар болуы немесе біреудің жүйеге шабуыл жасауы мүмкін. Мәселен, күні кеше Павлодар қаласында аталған жүйені бұзып, 1,5 млн теңгегі қолды ету фактісі тіркелді. Қуанышқа орай, айыпталушы ұсталған. Осы тәріздес нюанстарға абай болыңыз. Уақыт - басты құндылықтардың бірі болса, оны барынша тиімді пайдаланған дұрыс. Олай болса, заман көшінен қалыспай, интернет-банкинг жүйесін қолданып бастаңыз. Дайындаған Жадыра Аққайыр "7"Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024