Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Иранда бензин бағасы 40%-ға қымбаттайды

Иранда бензин бағасы 40%-ға қымбаттайды

Иран үкіметі бензин бағасын 40%-ға жоғарылату және ай сайын азаматтарға 60 литр отынды жеңілдікпен алуға мүмкіндік беретін бағдарламадан бас тартуға қатысты шешім қабылдады деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.

Iranian Oil Products Distribution Co. мемлекеттік корпорациясының басшысы Насер Саджадидің айтуынша, сейсенбіден бастап қарапайым сападағы бензиннің бағасы литріне 10 мың риал ($0,34) болмақ, ал бұған дейін ирандықтар 60 литр бензинді литріне 7 мың риал ($0,24) жеңілдетілген бағамен алу мүмкіндігіне ие болған-тын. Сейсенбіден бастап премиум сападағы бензиннің бағасы литріне 12 мың риал болады, дизель отынының литрі - 3 мың риал, әуе отыны - 6 мың риал. Елдің бұрынғы президенті Мұхаммед Хатамидің кеңесшісі әрі экономист Сейіт Лейлаздың айтуынша, мұндай шара 2016 жылдың наурызында аяқталатын қаржылық жыл ішінде бюджеттік табысты 1,8 млрд долларға жоғарылатуы мүмкін.

Похожие материалы