К.Мәсімов спортшылар допинг-тесттен өтуі үшін зертханалар сатып алуды тапсырды
ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов сейсенбідегі Үкімет отырысында допингке қатысты мәселені қозғады. Ол қазақстандық спортшылар Олимпиада қарсаңында допинг-тесттерден өту үшін зертханалар сатып алуды тапсырды. Бұл туралы премьер-министрдің ресми сайты хабарлайды.
«Қазіргі таңда біздің спортшылардың, ресейлік спортшылардың допинг қолдануына қастысты және жалпы олимпиада қозғалысына қатысты көптеген сұрақтар туындап отыр. Қазір біздің команда Олимпиада ойындарына және басқа да ірі жарыстарға қатысуға дайындалып жатыр. Сондықтан, Ұлттық олимпиада комитетіне беретін тапсырмам, Тимур Құлыбаев мырзаға (ҚР ҰОК Президенті) айтар өтінішім, бірінші кезекте біздің спортшылар бұл сынақтан сүрінбей өтуі үшін барлық жағдай жасалуы тиіс», - деді К.Мәсімов.
«Мүмкіндіктерді қарастыруымыз керек. Бәлкім, жеке демеушілердің есебінен жақсы зертхана сатып алуымыз қажет. Сонда біздің спортшылар жарысқа қатыспас бұрын осы тесттен өте алады. (…) ҰОК-мен бірге осы мәселеге қатысты жақсы және маңызды жұмыс жүргізілуі тиіс», - деді Үкімет басшысы.
Өз кезегінде отырыс барысында ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қазіргі таңда қазақстандық спортшылар 102 лицензия алғанын мәлімдеді.
«Алда тағы екі халықаралық ойындар өтеді, қосымша 10 лицензия аламыз деген үміттеміз. Бізде 105-107 астам лицензия болады. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Сіз дұрыс айтасыз, қазіргі уақытта біз бұл жағдайды бақылауға алдық (…) 27 маусымда Лозаннада тәртіптік комиссияның ақтық отырысы өтеді. (…) Біз қазір Риодағы Олимпиада қарсаңында біздің зертханалық медициналық құраушыларды күшейтеміз. Себебі бұл қателіктердің қайталанбағаны өте маңызды», - деді министр.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024