Алматы. 21 желтоқсан. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 21 желтоқсандағы доллардың орташа бағамы 333,70 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 333,10 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 334,41 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 333,80 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 176 млн 400 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 317.