Алматы. 8 желтоқсан. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 8 желтоқсандағы доллардың орташа бағамы 334,41 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 334,20 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 334,90 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 334,40 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 41 млн 550 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 103.
Ақша айырбастау орындарында 8 желтоқсандағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 15.35) Алматыда 336 теңгені құраған.