Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Күндізгі сессия: 1 доллар — 334,80 теңге

Күндізгі сессия: 1 доллар — 334,80 теңге

Алматы. 7 желтоқсан. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 7 желтоқсандағы доллардың орташа бағамы 334,80 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 334,40 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 334,95 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 334,40 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 50 млн 700 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 145.

Ақша айырбастау орындарында 7 желтоқсандағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 15.40) Алматыда 336 теңгені құраған.

Похожие материалы