Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Күндізгі сессияда доллар 319,86 теңге болды

Күндізгі сессияда доллар 319,86 теңге болды

Алматы. 4 сәуір. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 4 сәуірдегі доллардың орташа бағамы 319,86 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 319,45 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 320,24 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 320,19 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 70 млн 750 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 146.

Ақша айырбастау орындарында 4 сәуірдегі доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 15.40) Алматыда 320, 50 теңгені құраған.

Похожие материалы