Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ

КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ

Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де арасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 15 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды, сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігін, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты халқына жолдауында «… кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс. Қордың өкілдік желісін кеңейту, өңірлердегі кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмысты күшейту қажет. Сонымен қатар, метталлургияда, банк саласында, сақтандыруда, химия өнеркәсібінде және басқа салаларда сақталып қалған «жасырын» монополияларды құрту қажет. Мұны монополияға қарсы заңнаманы реформалау арқылы, сондай-ақ отандық және шетелдік жаңа компаниялардың экономиканың осы секторларына кіруі үшін тартымды әрі ашық жағдайлар туғызу арқылы, яғни осы секторлардағы бәсекелестікті арттыру арқылы жасау керек». Кәсіпкерлік саласы Қазақстан Республикасының экономикасының дамуына орасан роль атқаратыны мәлім. Еліміздің жоспарлы экономикадан нарықты экономикаға көшуінің өзі, қоғам өмірінің барлық салаларына үлкен өзгерістер алып келді. Бүгінгі күні кәсіпкерлікті дамыту үшін жаңадан көптеген жағдайлар жасалынуда. Елдің жаңа экономикалық қатынастарға түсуі, оның дамуының мықты инфрақұрылымын құру, әрине, кәсіпкерліктің дамуынсыз жүзеге асуы мүмкін емес. Кәсіпкерліктің даму деңгейіне байланысты, артықшылықтар кешені, атап айтқанда нарық коньюктурасының өзгеруін тез сезіну, айналым қаржыларының жоғары айналымдылығы, халықтың қаржы ресурстарын шоғырландыру, прогрессивті жаңа идеяларды жүзеге асыру, мөлшері жағынан азғана алғашқы капиталды пайдалану, бәсекелестік ортаны құру, тұтынушыларға жақын орналасу, инновациялардың жартысынан көбін құру және тағы басқалары, көптеген өнеркәсібі дамыған елдер кәсіпкерлікке жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) негізгі бөлігін өндіруге, жұмыспен қамту проблемаларын шешуге, әлеуметтік шиеленісуді жоюға, ғылыми-техникалық прогресстің дамуына ықпал етуге, өнімді өндіруді және бюджетке түсетін төлемдерді ұлғайтуға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлік қазіргі қоғамның саяси тұрақтылығының негізі – орташа топтың пайда болуына әлеуметтік-экономикалық алғышарттарды құрады. Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуімен байланысты барлық экономика салаларында басты ұйымдастырушы күш – кәсіпкерлер тобы өмірге келе бастады. Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің, барлық экономиканың негізгі буыны – бұл кәсіпорындар. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, сапалы қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған жағдайлар да жасалған. Өйткені кәсіпорында ең білікті мамандар жинақталады. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсап, жоғары өнімді техника мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Кәсіпорында өндірісті және өнімдерді сатуға немесе өткізуге кеткен шығындарды мейлінше азайтуға тырысады. Сол сияқты Бизнес – жоспарлар, маркетинг қолданылады, тиімді басқару жүйесі – менеджмент, есеп жүргізу – бухгалтерия іске араласады. Мұның барлығы терең экономикалық білімді қажет етеді. Қазіргі нарықтық жағдайда тек мынадай ғана кәсіпорын өміршең бола алады, егерде ол нарықтық талабын аса сауаттылықпен және компоненттілікпен анықтайтын, сұраныс талабын қанағаттандыратын, өнімдерді өндіруді ұйымдастыратын және білікті қызметкерлерге жоғары табыспен, ең сонында көп пайданы табуды қамтамасыз ете алатын болса, болашақта өндірісті жүргізуге маманданған экономистер үшін кәсіпорынның экономикалық негізін терең білгендері қажет. Бұл жұмыста халық шаруашылығының негізгі буыны кәсіпорындардың өндірістік әрекеттерінің проблемалары, кәсіпкерліктің дамуы баяндалады. Сондай-ақ, өтпелі экономиканың қалыптасуы негізінде, жаңадан пайда болып жатқан әр түрлі меншік формалары мен нарық жағдайына, өндірістің әлеуметтік- экономикалық проблемаларына сүйенеді. Осыған байланысты тақырыптың мақсаты: - Кәсіпкерлік, оның қалыптасуы, мәні, мазмұны және түрлері; - Кәсіпкерліктің теоретикалық-экономикалық негізін зерттеу; - Кәсіпкерлікті ұйымдастыру – экономикалық формалары; - ҚР-дағы халық шаруашылығының бастапқы буындарының пайда болуы және даму процестері; - Сақтандыру – кәсіпкерлік қызметтің түрін айқындау; - Қазақстан Республикасының сақтандыу нарығының даму тенденциялары; - Кәсіпкерліктің қызмет етуінің шетелдік және отандық тәжірибесін қорыту; - Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің проблемалары және оны шешу жолдары болып табылады.

І ТАРАУ. КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ 1.1 Кәсіпкерліктің экономикалық мәні мен мазмұны

Кеңес Одағының ыдырауымен және халық шаруашылығының реформалар кешені мен құрылымдық қайта құрулар арқылы экономикасы нарықтық қатынастарға өткен бірқатар тәуелсіз мемлекеттердің құрылуымен кәсіпкерлік жаңа күшпен жанданды және халықтың материалдық тұрмыс жағдайының жақсаруының, тұтастай елдің экономикалық өрлеуінің ішкі көзі болды. Қазіргі уақытта ғалым-зерттеушілер кәсіпкерлік проблемаларын әр түрлі жалпы экономикалық баптар тұрғысынан белсеңді қарастыруда: басқару, қолданылатын салық салу жүйелері, атқаратын қызметтері, мемлекеттік, аймақтық және салалық деңгейлерде шаруашылық жүргізуші субъектілерді қолдаудың әр түрлі құралдары, субъектілерді шағын, орташа және ірі кәсіпкерлікке жатқызудың сандық және сапалық бағалау өлшемдерін анықтау, кәсіпкерліктің қызмет атқару жүйелері. Осы зерттеулер санының көптігіне қарамастан, отандық және шетелдік ғалымдарының еңбектерінде шешілмеген проблемалар әлі де көп. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев кәсіпкерлердің оныншы форумында, елде жеке кәсіпкерліктің көпшілікпен мақұлданған анықтамаларының болмауын, орташа және ірі кәсіпкерліктің аяғына дейін өнделген сандық және сапалық бағалау өлшемдерінің критерияларының, шағын кәсіпкерліктің соңына дейін ойластырылмаған ұғымдық аппараттарының жоқтығын атап өтті. Сонымен бірге, кәсіпкерліктің мәнін анынтауда алдымен «кәсіпкерліктің» негізгі түсінігін нактылау қажет ашып және айқындалған орынды. Кәсіпкерлігік экономикалық жүйенің белгілі түрімен байланысты және оның пайда болуына бірнеше маңызды алғышарттар себепші болды: - Азаматық қоғамның және құқықтық мемлекеттің пайда болуы; - Дүниеге келгеннен ажыратылмайтын құқықтар мен бостандықтыр кешенімен үйлестірілген, жеке адам санасының қалыптасуы және қоғам мен мемлекет мүддесіне қарсы келетін мүдделер; - өзінің қазіргі түсінігінде жеке меншікке ажыратылмайтын құқық санасының қалыптасуы мен нығаюы және сонымен байланысты экономикалық еркіндік немесе экономикалық тандау еркіндігі; - меншіктің мемлекеттік биліктен және соған сәйкес экономикалық биліктің саяси биліктен бөлінуі; - өмірдің экономикалық, әлеуметтік және саяси сфераларының бөлінуі; - нарықтық экономианың пайда болуы және тағы басқалары. Жоғарыда айтылған алғышарттар өндірістің капиталистік тәсілін сипаттайды және автордың мәләмдеуінше, кәсіпкерлік өндірістің капиталистік тәсілінің өнімі болып табылады. «Кәсіпкерлік», «кәсіпкер» және «кәсіпкерлік табыс» эволюциясының барлық кезеңдерін талдай отырып, берілген түсініктердің әрбір кезең сайын толықтырылғанын және түрін өзгерткенін айтуға болады. ХIV ғасырдан бастап, Батыс Еуропаның алдыңғы қатарлы елдерінің экономикасында натуралды шаруашылықтың тауарлы-ақшалай қатынастармен біртіндеп, бірақ әйтседе тез ығыстырылуы болды және мұнын бәрі алтын мен күміс түріндегі ақшаның қолда бар қорларының тапшылығы жағдайында өтті. Бұл жағдайларда ақша жеке алынған индивидум мен мемлекеттің тұтастай экономикалық ойының басты тақырыбы болды, өйткені олардың жеткілікті мөлшері өндірушілердің шаруашылық өмірінің бір қалыпты өтуіне және дамуына, демек, мемлекет табысының өсуіне мүмкіндік тұғызады. Кәсіпкерлік теориясы ғасырлар бойы дамыды, оған классикалық экономикалық теорияға (саяси экономияға), неоклассикалық теорияға, кейнсианстваға, неолиберализмге және қазіргі заманғы экономикалық ілімдерге негізделген әр түрлі бағыттар тән. Әрбір бағыт мектеептер мен ілімдердің алуан түрімен сипатталады. Хроникалық ретпен әр түрлі мемлекеттерде экономикалық ойдың даму тарихына экскурсия жүргізіп, «кәсіпкерлік», «кәсіпкер» және «кәсіпкерлік пайда (табыс)» терминдерінің эволюциясын қарастыруға талпынайық. Берілген дәуірдің экономикалық қызметін жүйеге келтіру өз көрінісін меркантилизмде тапты, оның негізін қалаушы А.Монкретьен, Т.Ман, Р.Кантильон, Ж.Б.Кольбер және тағы басқалары болып табылады. Меркантилизм теориясының мәні келесі ерекшеліктермен сипатталады: алтын және қандай да болмасын қазыналар ел байлығын көрсетеді, олардың келіп түсуі дайын өнеркәсіптік өнімді импорттау арқылы сыртқы саудамен қамтамасыз етіледі. Осындай жағдайларда айналым сферасымен байланысты, өсімқор және көпес кәсіпкерлердің қызметі капитал қорлануының негізгі көздері болып табылады. Осы аралықта көпестердің сауда қызметінің мемлекет үшін мәні зор, оның нәтижелеріне жеке алынған индивидум мен жалпы ұлттың тұрмыс жағдайы байланысты болды. Сонымен, француз ақ сүйегі Антуан де Монкретьен кәсіпкер-көпестің сауда қызметін елге байлықты тартатын насоспен салыстырды. Сөйтіп, орта ғасыр дәуірінде кәсіпкерлік деп көпестердің сауда, коммециялық қызметін, кәсіпкер деп – саудагерді (көпес) түсінді, ал кәсіпкерлік қызметтен алынатын пайда – бұл ақша түріндегі сыртқы сауда қорлары немесе асыл металдарды және тастарды шығару. Француз тілінен таралған «кәсіпкерлік» (enttrepeneur) ұғымын экономика теориясына тұңғыш рет ағылшын банкирі, әрі экономисті Р.Кантильон енгізді. Р.Кантильон кәсіпкер деп бағаның тұрақсыздығы мен болашағын болжауға болмайтын жағдайда тауарларды сату менсатып алу процестеріне қатысатын, бірақ кірістерінің жалпы сомасын біле білмейтін адамдарды (саудагерлер, шаруалар, қолөнершілер т.б.) аталған. Оның пікірінше, кәсіпкердің басты ерекшелігі ретінде тәуекелшілдік қарастырылады. Кәсіпкерлік ұғымын зерттеуге алғашқы ден қойғандар «саяси экономияның» ғылымы ретінде қалыптасуының іргесін қалаған физиократия мектебінің өкілдері болады. Аталмыш мектебінің негізін салушы Ф.Кэне (1694-1774), өнім өндіруші фермерлерге әр қашан жоғары баға беріп отырған. Физиократтардың пайымдауынша, жерді жалға алып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші кәсіпкер – шаруа қоғамдық саудагерлікте басты роль атқарады. Бұл ғылыми бағытты француздік мемлекеттік қайраткері, әрі экономисті А.Тюрго (1721-1781) жалғастырған. Ол кәсіпкерлерді үш топқа бөлді: өнім өндіруші (жерді жалға алушылар), меншік иелері (жерді жалға берушілер) және өнім өндірмейтіндер (осы жұмысқа қатысушы қалған адамдардың барлығы). Соңғы топты А.Тюрго тағы да екі топқа бөлді: а) кәсіпкер-мануфактурашылар, фабрика басшылары және қарапайым қолөнершілер. ә) еңбек ақы алатын қарапайым жұмысшыларға аванс беретін кәсіпкер – капиталистер, яғни тікелей өнім өндірушілер. Ақырында ол кәсіпкер белгілі бір дәрежеде тәуекел етіп ғана қоймайды, сонымен қатар оның белгілі бір дәрежеде басқарушылық қабілеті де болуға тиіс деген түйін жасаған. Француз экономисті Жан Батис Сей (1767-1832) кәсіпкерді өз есебінен тәуекелімен, өзіне пайда табу үшін өнім шығарушы адам – деп түсіндіреді. Ғалымның ойынша кәсіпкерде тұрақтылық, айналадағы жағдайды сезетін адамдармен түсінісе алушылық қасиеттерімен қатар өндірістің үш факторы – табиғат, еңбек пен капиталды – біріктіріп іске қоса алатын мықты қабілеттілік болуы тиіс. Неміс ғалымдары М.Вебер (1864-1920) «кәсіпкерлік дегеніміз – іс адам үшін емес, адам іс үшін өмір сүру тәсім» десе, В.Зомбарт (1863-1947) кәсіпкерлікпен сәтті айналысу үшін әр заманның өзіне тән рухы терең сезініп, дөп басып білу керек, тек осылай өткенде ғана кәсіпкерліктің ісі оңға басылады деп түсіндіреді. Кәсіпкер әрбір мүмкіндікке дұрыс баға беріп, оның көп формасының ішінен жаңа кәсіпорынды ұйымдастыруға ең қолайлысын таңдауы қажет.[2. 245б.] Қолайлы мүмкіндіктер ресурстарды тиімділігі төмен аймақтардан тиімділігі жоғары аймақтарға ауыстыруға мүмкіндік береді. Өз кезегінде кәсіпкерлік қауіптер, есептелінетін және есептелімейтін формаларда көрінетін, екі бөлікке бөлінеді. Қауіптің бірінші түрі – бұл жай қауіп. Екіншісі – белгісіздік. Егер қауіп нәтижелердің белгілі жинағын болжаса, онда белгісіздік, өндірілген өнім немесе қызметтерге сұраным мен ұсынымның сәйкессіздігімен қамтылған, үнемі өзгеретін нарықтық жағдаймен байланысты. Кәсіпкердің негізгі сипаттамалары сақтық, тәкаппарлық, ұқыптылық, ұстамдық, пайданы алудың пайда болған мүмкіндіктеріне сезімпаздық және ең бастысы, қоршаған ортада болашақта болатын өзгерістерді болжау сияқты белгілермен толықтырылды. Ал кәсіпкерлік пайда, неолибералистер пікірі бойынша, бұл күтілген және нақты түсімдер арасындағы ойда болмаған айырма, ол Й.Шумпетердің (J.Schumpeter) кәсіпкерлік табыс анықтамасына сәйкес келеді. Ғасыр ғалымдарының экономикалық ойларын жүйеге келтіру кәсіпкерлік түсінігін ескішілдікке негізделген бизнестен түбегейлі өзгешеленетін, инновациялық процесс ретінде; кәсіпкерді – қолайлы мүмкіндіктерді іздеестіретін және өз қызметін болжай алатын, жаңашыл ретінде; кәсіпкерлік табысты – бұл тек пайда емес, сонымен қатар үстеме пайда ретінде анықтауға мүмкіндік береді. XX ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бастап кәсіпкерліктің проблемалары отандық ғалымдардың және ТМД елдерінің ғалымдарының еңбектерінде кеңінен қарастырылады. Әрине, жүргізілген зерттеулерде кәсіпкерлікке, кәсіпкерге және кәсіпкерлік табысқа ортақ анықтама берілмеген. Сонымен қатар, бірқатар авторлардың айтуынша, зерттеушілердің барлық талпыныстары алғашында сәтсіздікке ұшырайды. Бұл әр түрлі елдердегі кәсіпкерлікті дамытуда мемлекетпен жүргізілетін саясатқа, қойылған зерттеу мақсаттарының әр түрлілігіне, тікелей кәсіпкерліктің даму деңгейіне және тағы басқаларға байланысты. Сонымен бірге, соңғы еңбектерде кәсіпкерлік процесін өзін жаңарту мен өзін ұйымдастырудың синергетикалық модельі ретінде қарастырған. Кәсіпкерлер жұмысты тиімді жүргізу нәтижесінде капиталды жинау мүмкіндігіне ие болады. Өндірістің алдағы дамуы спираль бойынша жүзеге асырылады. Сонымен, кәсіпкерлік пен кәсіпкерлік қызмет проблемалары ғалым-зерттеушілермен ертеректе және әр түрлі варианттарда қарастырылды. Орындалған экономикалық зерттеулер талдауының негізінде, кәсіпкерліктің экономикалық мәнін нақтылап, толықтыруға талпынып, «кәсіпкер»(enterpmeneur) категориясын тұжырымдау қажет. Сөйтіп, әлемдік экономикалық ойды ұғыну, зерттеу мен қорыту кәсіпкердің келесі сипаттамаларын ажыратуға мүмкіндік берді: 1. кәсіпкер – бұл қауып, белгісіздік; 2. кәсіпкер – бұл пайданы және үстеме пайданы, яғни кәсіпкерлік табысты алу; 3. кәсіпкер өндірістің барлық факторларын үйлестіреді: еңбек, жер, капитал; 4. кәсіпкер жаңалықтарға бейім: жаңа өнім мен қызметтергді өндіруге, жаңа әдістерді енгізуге және өткізудің жаңа нарықтарын іздеуге, инновациялық менеджментке; т.б. 5. кәсіпкер – бұл кәсіпкерлік істі жүргізу үшін жігерлі, білім мен ақпараттың белгілі деңгейін меңгерген адам; 6. кәсіпкер, табыс алу мақсатында, жаңа идеялардың болашағын бағалауға, алынған ақпаратты талдауға және нарықтың қалыптасқан коньюктурасы тұрғысынан шешімдерді қабылдауға қабілетті болуы; 7. кәсіпкер кез келген, әсіресе белгісіз жағдайларда бір ғана дұрыс шешімді қабылдауы тиіс. Кәсіпкердің берілген қабілеттері, кәсіпкерлік процестің барлық сатыларына (өнімді құру сатысы, еңбек өнімін өндіру сатысы, еңбек өнімін тұтыну сатысы) сәйкес бірқатар белгілі функцияларды орындау арқылы жүзеге асады. Ол: 1. сатып алушылардың сұранысын және олардың төлем қабілетін зерттеу бойынша ғылыми зерттеулерді жүргізу; 2. өнімнің бәсекелестігін қамтамасыз ететін, бұйымның белгілі өлшемдері мен сыртқы түрі бойынша техникалық құжаттарды дайындауға; 3. бұйымдардың тәжірибелік үлгілерін дайындауға; 4. өнімді өндіруді барлық қажетті шикізат, материалдық және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етуге; 5. берілген өнімді өндіру үшін ең жетілген технологиялық процесс пен басқарудың тиімді схемасын таңдауға; 6. халықтың төлем қабілеті едәуір жоғары өткізу нарықтарын анықтауға міндетті. «Кәсіпкер» түсінігінің ұсынылған сипаттамаларын және оны орындауға тиісті функцияларының тізімін пайдаланып, «кәсіпкерлік» анықтамасын нақтылауға тырысамыз, және де берілген анықтама кәсіпкерліктің әр түрлі формасына қатысты алғанда толық, онда тек сапалық сипаттамаларорын алып, сандық бағалау өлшемдері мен шаруашылық жүргізу субъектілердің ұйымдастыру-құқықтық формаларының болмауы тиіс. Өйткені, кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің сандық сипаттамалары мен ұйымдастыру-құқықтық формалары арнайы қабылданған нормативті-құқықтық актілермен бекітіледі. Кәсіпкерлік – бұл табысты алу мақсатында өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретін, қауіп пен белгісіздіктің белгілі үлесімен жанасатын инновациялық процесс. Кәсіпкерліктің берілген анықтамасы қазіргі заманғы кәсіпкерліктің табиғатын сипаттайтын шарттармен толықтырылуы және оның кәсіпкерлердің күнделікті қызметінде бағыттаушы болуы керектігін атап өту қажет. Кәсіпкерліктің отандық теориясында қазірге дейін кәсіпкерлік мәнінің нақты анықтамасы жоқ, әдетте ұсынылатын тұжырымдар кәсіпкерлік қызметтің мақсатын көрсетеді немесе кәсіпкерлікті әдеттегі бизнеске теңестіреді. Сонымен, бұл процесті пайданы алу мақсатымен экономиканың әр түрлі аймақтарындағы қызмет ретінде сипаттайтын, кәсіпкерліктің тұжырымдары бизнес пен кәсіпкерлікті теңестіреді, ал жоғарыда келтірілген талдау, кәсіпкерліктің инновацияға негізделген бизнестің ерекше түрі екендігін, оның қызметінің нәтижесі орташа пайданы алу емес, үстеме пайданы, яғни кәсіпкерлік табысты алу болып табылатындығын көрсетеді. Кәсіпкерліктің басқа тұжырымдары оны шаруашылық жүргізудің инновациялық бағыты ретінде сипаттайды. Кәсіпкерлік процесстегі шаруашылықты жүргізудің инновациялық бағыты ғалымдармен әр түрлі көзқараста түсіндіріледі. Бір ғалымдар, инновация – бұл жаңа өнім, өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың жаңа әдістері, жаңа техника және аналогтары жоқ технологиялар деген Й.Шумпетердің пікірін қолдайды. Басқа ғалымдар иммитацияны жеке шаруашылық жүргізуші субъектінің инновациялық бағыты деп санайды, яғни жаңалықтарды белсеңді түрде шеттен алып пайдалану ол үшін инновация болып табылады. Иммитациялық процесті жүзеге асыру тек елде ғана емес,сонымен қатар оның сыртында да пайда болған жаңа идеяларды енгізу бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілермен көрсететін ынталы қызметсіз мүмкін емес. Сонымен қатар, еліктеушілер өз қызметімен жаңашылдарды жаңа ойларды дайындауға итермелейді. Ғалымдардың келесі тобы инновациялық бағыт белгісін «ресейлік экономиканың кәсіпкерліктің субъектілері көздейтіе ақырғы мақсаттарға, әдістер мен тәсілдерге қатыссыз нарыққа ауысуына көмектесудің» факторы ретінде кең түрде қарастырады. Осының нәтижесінде нарықтық қатынасты қалыптастыру мен дамытудың барлық белсеңді қатысушыларын жаңашылдар деп қорытуға болады. Жоғарыда айтылғандарға сүйеніп, оның қазіргі жағдайдағы іс-әрекеті мен пайда болуын ескеріп кәсіпкерлікті былайша түсіну қажет: «Кәсіпкерлік – бұл табысты алу мақсатымен өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретің және толық экономикалық жауапкершілікке негізделген, қауіптің және белгісіздіктің белгілі үлесімен жанасатын, шаруашылық жүргізуші субъектілердің ынталы, инновациялық қызметіне негізделген өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі жаңарту процесі. Ал кәсіпкер – бұл табысты алу мақсатымен қауіп және белгісіздік жағдайларында жұмыс істейтін, өндірістік-шаруашылық қызметтің барлық аймақтарындағы жаңалықтарға бейімді, жігерлі, білімдер мен ақпараттың белгілі деңгейіне ие адам. Өз кезегінде кәсіпкерлік табыс – бұл кәсіпкердің пайдасы (таза табыс)және үстеме пайдасы». Көріп отырғандай, кәсіпкерліктің тектілік түсінігіде өлшемдер және мөлшерлік бағалау өлшемдері жоқ, кәсіпкерлік процесс ынтамен, жаңалықпен байланыстырылған, олардың негізгі мақсаты кәсіпкерлік табысты алу. Кәсіпкерлікті, кәсіпкерді және кәсіпкерлік табысты сипаттайтын, негізгі қағидалардың бірдей дәрежеде шағын, орташа және ірі кәсіпкерлікке қатысты екендігін атап кету қажет, бірақ сонымен қатар кәсіпкерліктің әрбір формасының өзіне тән ерекшелігінің болатынын ескереміз. Қазіргі уақытта кәсіпкерлікті жандандыру процесі экономикалық және инвестициялық дағдарыстармен; білікті мамандардың жоқтығымен; нормативті-құқықтық базаның жетілдірілмеуімен, коррупциямен, тікелей шаруашылық-коммерциялық қызметпен, тұрақты қауіппен, капиталдың тапшылығымен; шаруашылық жүргізуші субъектілердің моральды және табиғи тозған материалдық базасымен байланысты қиын жағдайларда өтуде. Осыған қарамастан Республикада кәсіпкерлік қызметтің алғашқы жемістері бар, бірақ оның көпшілігі сауда мен делдалдық қызметтерде. Кәсіпкерлік – адамдармен олар құрған бірлестіктерді белсеңді, дербес шаруашылық қызмет. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. 1.2. Кәсіпкерлік субъектілерінің жіктелуі, түрлері Кәсіпкер тауарлар өндіреді, содан соң оларды сатады. Осыған орай, кәсіпкерлік - өндірістік, коммерциялық, қаржылық және кеңес берушілік болып бөлінеді. Осылардың әрбір формасы өзіндік ерекшелігі, өзгешелігі, демек өзіндік технологиясы болады. Өндірістік кәсіпкерлік - бұл кәсіпкерліктің негізгі түрі. Мұнда тауар өндіру, қызмет көрсету асырылады.Тұтынушылардың кейіннен сатып алуына тиісті өнім өндіру, жұмыстар жүргізу және қызмет көрсету, жинау, өндеу және ақпарат беру, рухани құндылық жасау тағы басқаларға бағытталған қызметтер жатады. Өндірістік кәсіпкерліктің мүдделік өрісі едәуір түрліше және оны іске асыру үшін қаржылық және материалдық ресурстар, ал кейде олар көп мөлшерде қажет болады. Өндірістік кәсіпкерлік қызметінің нәтижесі мол өнім өндіру және оны сату мүмкіндігі болып табылады. Кәсіпкерлікпен айналасу үшін қандай тауар өндіру, қандай қызмет көрсетуді іске асырумен шұғылдану керектігін білу керек. Одан кейін маркетингтік іспен шұғылдану болашақ тұтынушылармен байланысу сонымен қаиаршикізат, материалар, энергия т.б. жабдықтаушылармен ара қатынасты орнату. Келесі кезең өндіріс факторлары: а) негізгі өндірістік қорлар, ғимараттар, құрылыстар, өндірістік құрал жабдықтарды сатып алу немесе арендаға алу. б) өндірістік айналым қоры; еңбек заттары, шикізаттар, негізгі және қосымша материалдар, отын және энергетика ресурстары, жөнінде жасауға қосалқы бөлшектер, сатылып алынатын құрастыру бөлшектері, полуфабрикаттар келешекке керекті шығындарды жабу көзі. Инструменттер мен инвентарлар айналым қорына екі белгісімен: бағасмен және пайдалану мерзімінен бөлінеді. Алдағы уақыттағы шығындар дегеніміз –бірінші кезегі тауар өндіруді меңгергенше көбірек шығатын шығындар. Ол шығындар тауар өніміне тікелей қатынасады. Жұмыс күшін кәсіпкер еңбек биржасы, немесе құлақтандыру арқылы жалдап алады. Жұмысқа аларда кадрлардың білімі, мамандығы,тәжірибелілігі жеке қасиеттері т.б. ескерілуі керек. Қажетті ақпарат –ресурстары қосымша қосуға мүмкіндіктерді ойластырып, алдын ала есептеу. Финанс қаржыларының керек мөлшерін анықтау. Жалпы ақшаның қажеттік көлемін мынандай формуламен шығаруға болады: Аж=A1+A2+A3+A4+…AN Аж - жалпы керекті қаражаттар; А1- жалпы қоры; А2- айналым қоры; А3- құрал жабдықтар; А3- ақпратқа т.б интелектуалды қызметке төлем; А4-басқа мекемелерді атқарған жұмысына төлем т.б. Бастапқы капитал а) жиналған қор; б) несиеге ақша алу. Өндірістік істің қорытындысы. Сатудан түскен түсімнен өндірісте және коммерциялық шығындардың, яғни толық шығындардың айырмасы жалпы пайда болады. Жалпы пайда = жалпы түсім алу өндіріс және комерциялық шығындар, яғни пайда бұл салық төленгенде дейінгі пайда. Барлық салықтар, айыптар мен баждарды, төлегеннен кейін қалған пайда –таза пайда деп деп аталады. Кәсіпкерліктің финанс жағдайы бағалау үшін рентебельдік деңгейін шығарады. Рентабельдік деңгей = таза пайда / шығындар + төлемдер Х100% Венчурлік бизнес деген болады. Бұл инновациялық кәсіпкерлік –тәуекелдік бизнес. Ол технологиялық жаналықтардың бір түрі. Бұл ғылыми зерттеу жұмыстарының қорытындысы комерцияландыруға,әсіресе ғылым сайымдылығы көп өндіріс салаларында, бірінші кезекте жоғары технологиялық өндірістерде қолданылады, онда тәукелділік, тиімділікке кепілділік болмау мүмкін. Коммерциялық кәсіпкерліктің іс өрісі тауар биржалары сауда мекемелері. Тауар биржалары ең көп тараған бірқалыпты істейтін көтерме сауда нарығы. Тауар биржаларында тауармен, жабдықтаушылармен, сауда жасаумен бірге, келісім шарттар жасау, яғни фьючерлік айырбас келісімдері жасалады. Мұнда шарттар бойынша төлемді мерізім уақыт өткенен кейін келісімге бағамен сатады. Мысалы, диханшылардың егін оруға қаражаты жоқ. Оған банкир ақша берем, сен 4-5 айдан кейін астағыңды мынандай бағамен сатасың деп келісім шарт жасайды. Ол көпшілік жағдайда нарық бағасынан төмен болады. Тауар биржалары мынандай қызмет атқарады: - Сауда –сатық келісім жасауға делдалдық қызмет атқарады; - Тауар сатуды тәртіпке келтіреді, сауда операцияларын реттейді - Баға туралы, өндіріс жағдайын, тағы басқа бағаға ықпал ететін факторлар зжөнінде мәліметтер жинап жариялайды. Тауар биржасының айналымының көп бөлігі нақты тауарлар сату емес, тауарларды келісім бойынша сату, болашақта тауарлармен тұтынушыларды жабдықтау туралы шарттар жасаудан турады. Коммерциялық кәсіпкерліктің негізгі жұмысы тауарды сатып алу –сату операцияларымен байланысты. Өндірісті кәсіпкерліктен коммерциялық кәсіпкерліктің айырмашылығы, бірінші тауар өндірсе, екіншісі сатып алып сатады. Сауда өндірістің жалғасы болып табылады. Коммерциялық кәсіпкерлікке – қызмет түрін сипаттайтын, оның мазмұнының мәнін айқындайтын тауар-ақша қатынастары, тауар айырбастау операциялары жатады. Мұның өндірістік кәсіпкерліктен айырмашылығы – мұнда өнім өндіруге – байланысты өндірістік ресурстарды қамтамасыз ету қажеттілігі тумайды. Технологияның бастапқы сатысы ретінде, не сатып алу, нені қайта сату және қай жерде екенін таңдай білу қажет. Бұл мәселелерді іске асыру, ең алдымен тауар бағасының өткізу бағасы жағдайында көтерме сатып алу бағасы елеулі жоғары болуы керек екеніне сүйену қажет. Коммерциялық кәсіпкерлікпен шұғылданар алдында нарықты маркетингалық талдау жасау керек. Жалпы алғанда маркетинг барлық шаруашылық істердіұйымдастыру, басқару жүйесін жасақтау болып табылады. Коммерциядық келісімдер бағдарламасы: - Сауда делдалдық жұмыс атқаруға жұмысшылар жалдау; - Ғимарраттар, қоймалар, ұсақ сауда үй сатып алу немесе жолдау; - Тауар сатып алу, сату; - Тауар сатып алуға керекті несиелерді ұйымдастыру, табу және оны уақытында пайыз ставкасымен қайтару; - Жоспарлауға керекті ақпараттарды табу, жасақтау; - Тұтынушыларға тауар сатып ақшасын алу; - Финанс органдырына салық және басқа төлемдер мерізіміне төлеу. Қаржылық кәсіпкерлігіне негізімен коммерциялық банкілер және қор биржалары кіреді. Коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі, солай болғандықтан оның сатып алу, сату объектісі айрықшылығы – тауар болып есептелінеді: ақшалар, валюта, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, вексельдер, кепілдіктер және т.б.), яғни бірдей ақшаларды сату тікелей немесе жанама формада жүргізледі. Кеңес берушілік кәсіпкерлік бұл ой нарығының бір бөлігі онда мынандай жұмыстар істеледі, финанстық, инвестициялық саясаттарды жасақтау белсенді маркетинг тәуелсіз кеңестер. Нарыққа бағыттану туралы финанстық, шаруашылық талдауды жасауға, басқару мәселелері жөнінде көмектер т.б. көрсетіледі. Консультация ( кеңес беру ) әдістері: 1. экспертік кеңес беру –мұнда маман өз бетімен диагноз қояды, шешімдер жасақтайды және енгізуге ұсыныстар береді; 2. Процестік кеңес беру –кәсіпорынның маманы клиетпен белсенді түрде қарым – қатынаста болады, оны өз ойы айтуына ынталандырады, клиетпен бірге талдау жасайды сонан кейін ұсыныстар белгілейді; 3. оқулық кеңес беру – лекция оқу, семинар өткізу, оқу құралдарын жасақтау т.б.

ΙΙ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ «ҚАЗПОЧТА» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛДАУ 2.1. «Қазпочта» акционерлік қоғамына технико-экономикалық талдау Қоғамның рыноктық экономика және ақпараттандырудың қазіргі даму кезеңінде почта байланысы ақпараттық инфрақұрылымның маңызды элементі болып табылады. Бүгінгі күні «Қазпочта» акционерлік қоғамының кең ауқымды почта, қаржылық, және агенттік қызмет көрсету үшін бар күшін жұмсауда. Қызмет көрсету механизмін тұрақты түрде жетілдіріп отырады, жаңа қызмет түрлері жобаланып жасалады және енгізіледі, клиентке қызмет көрсету сапасын арттыру үшін ең жаңа технологиялар пайдалануға енгізіледі. Сонымен қатар кеңінен тармақталған филиалдық желі біздің қызметті елдің ең шалғайдағы аймақтарының тұрғындарымен қоса, тұтынушылардың барлық топтарының бірдей пайдалануына жағдай жасайды. Қазіргі кезде уақыт талабына сай, почта байланысының тиімділігінің арта түсуімен қатар, жаңа қызмет түрлері, жаңа технологиялар енгізіліп, көрсетілетін қызмет сервисі арта түсуде. Сонымен қатар почта жөнелтілімін адресатқа жеткізу мерзімі қысқарып келеді. Өткен 2002 жыл, «Қазпочта» акционерлік қоғамы үшін қоғамның кезекті қаржылық тұрақтану және негізгі экономикалық көрсеткіштерінің өсу жылы болды. Төменде келтірілген деректер осы айтылғандардың айғағы болмақ. Қазақстандағы «қазпочта» акционерлік қоғамына технико-экономикалық талдау № КӨРСЕТКІШ ТЕР өлш. бірл 2001 2002 + - % 1 Көрсетілген қызметтен түскен табыс Мың. тг 2989304 3915671 926367 30% 2 Көрсетілген қызметтің өзіндік құны Мың. тг 1980827 2507131 526304 26% 3 Жалпы табыс Мың. тг 1008477 1408540 400063 39 4 Кезеңдік шығындар Мың. тг 11152 6232 -4920 -45 5 Негізгі қызметтен түсетін табыс Мың. тг 997325 1402308 404983 40 6 Негізгі емес қызметтен түсетін табыс Мың. тг 399563 85009 -314554 -79 7 Салық салуға дейінгі табыс Мың. тг 1396888 1487317 90429 6 8 Корпоративті салық (30%) Мың. тг 26775 15635 -11140 -42 9 Салық салынғаннан кейінгі табыс Мың. тг 1370113 1471682 101569 7 10 Төтенше жағдай шығындары - - - - 11 Таза табыс Мың. тг 1370113 1471682 101569 7 12 Негізгі қорлардың орташа жылдық құны Мың. тг 24473595 31011905 6538310 26 13 Қор қайтарылымы тг 0,12214 0,12626 0,00412 3 14 Қор сыйымдылы ғы тг 8,187 7,919 -268 -4 15 Жұмысшылар саны Адам 15782 16146 364 2 16 Еңбек ақы қоры Млн. тг 10,4 19,9 -50млн 91 17 Еңбек өнімділігі Мың.тг 189,4 242,5 53,1 28 18 1 жұмысшы ның еңбекақысы тг 5491,48 10270,86 4779,38 87 19 Қызмет көрсету рентабельділігі 0,691 0,586 -0,105 -16 20 Қызмет рентабельділігі 0,458 0,375 -0,083 19 Акционерлік қоғам «Қазпочта» кәсіпорнының технико-экономикалық жағдайына талдау кезінде көрсетілген қызметтен түскен табыс 2002 жылы 926367 мың теңгеге өсті, яғни 30 пайызға. Бұл жағдайға әсер еткен фактор корпоративті табыс салығының 2002 жылы кемуі, яғни -42 пайызға. Көрсетілген қызметтің өзіндік құны 2002 жылы (есепті жылы) 526304-ке өсті, яғни 26 пайызға мұның көбейген себебі жалпы табыс 2002 жылы 400063 мың теңгеге өсті, сонымен 39 пайызға, ал кезеңдік шығындарды талдаған кезде ол 4920 мың теңгеге кеміді, оған түрткі болған себеп негізгі қордың орташа жылдық құны 2002 жылы 6538310 –ге сай келді. Салық салуға дейінгі табыс 2002 жылы 90429 –ға өсті және негізгі емес қызметтен түсетін табыс 2001-ші жылмен салыстырғанда 2002 жылы 314554 –ке кеміді, оған жұмысшылар санының 2002 жылы 369 адамға өсуі , яғни 2 пайызға өскені әсер етті. Ал, қызмет көрсету рентабельділігі есепті жылы 0,105-ке кеміді оған әсер еткен фактор көрсетілген қызметтің өзіндік құны есепті жылы 526304-ке өсуі. Қор сыйымдылығы есепті жылы 268-ге кемісе және қор қайтарымдылығы 0,00412 –ге өсті, оған әсер еткен фактор негізгі қордың орташа жылдық құнының 6538310-ға өсуі болып табылады. 2001 жылдың қаңтар айында Қазақстан почтасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен теңгемен және шетел валюталарымен бірқатар банкілік операциялар жүргізуге лицензия алды. Осы лицензияға сәйкес «Қазпочта» акционерлік қоғамының жеке және заңды тұлғаларға кең ауқымды банкілік қызмет көрсетуге құқығы бар. Ондай қызметтер қатарына мыналар жатады: • депозиттер қабылдау, заңды тұлғаларға банкілік шоттар ашу және жүргізу; • депозиттер қабылдау, жеке тұлғаларға банкілік шоттар ашу және жүргізу; • кассалық операциялар: банкноттар мен метал ақшаларды қабылдау, беру, қайта санау, ұсақтау, алмастыру, сұрыптау, буып-түю және сақтау; • аудару операциялары: ақша аудару жөнінде заңды және жеке тұлғалардың тапсырыстарын орындау; • банкноттарды, метал ақшаларды және құндылықтарды инкассациялау; • шетел валюталарымен алмастыру операцияларын ұйымдастыру; • шарттың (лизингтің) барлық әрекет ету мерзімінде жалға берілетін мүлікке жалға берушінің меншіктік құқығын сақтай отырып, мүліктерді жалға беру; • меншікті бағалы қағаздар (акциялардан басқа) эмиссиясы; • факторингтік операциялар: төленбеу тәуекелділігін қабылдау арқылы сатып алушыдан тауар (жұмыс, қызмет көрсету) төлемдері талаптарының құқығын иелену; • форфейтингтік операциялар (форфейтингтеу): сатушыға айналымсыз вексельдерін сатып алу жолымен тауар (жұмыс, қызмет көрсету) сатып алушының қарыздық міндеттемесін төлеу.

2.2. «Қазпочта» акционерлік қоғамының кәсіпкерлік қызметінің даму жағдайы «Қазпочта» акционерлік қоғамы қаншалықты дамып жатыр десек те, кез-келген ұйым, кез-келген өнеркәсіп болсын кедергілер кездесетіні сөзсіз. Мысал келтіретін болсақ, қазіргі кезде көптеген адамдар хат арқылы алмасуға қарағанда, телефон арқылы қатынасып тұруды қалайды. Бұған себеп болып тұрған мәселелердің бірі хат – ол ұзақ уақыт жүретін процесс. Осының тез жетуі үшін олар көптеген мәселелерді қарастыру керек. Солардың бірі хат тасымалдаушы жұмысшылар санын көбейту. Қазіргі кезде белгілі хат тасымалдаушы адамдар өте аз, сондықтан кейде хат алушыға ұзақ уақыт жетпейді. Мысалға 2001 жылы бір жұмысшының орташа еңбек ақысы 5491 тенге болды да, 2002 жылы ол 87 пайызға өсті, яғни 10270 тенгені құрады. Менің ойымша «Қазпочта» акционерлік қоғамы жалақыны біршама көтеру керек. Өткен 2002 жыл «Қазпочта» акционерлік қоғамы үшін, ежелгі почта байланысының операторы ретінде және тұрғындарға кең ауқымды қызмет түрлерін ұсынуға дайын, бірегей қаржылық институт ретінде қайта қалыптасқан жыл болды. «Қазпочта» акционерлік қоғамы республикамызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық даму өзгерістерінің ырғағына орай, өзінің дәстүрлі қызмет көрсету саласынан тыс, қызмет көрсету ассортиментін мүмкіндігінше кеңейтуге ұмтылады. 2002 жылы қоғамның қызмет көрсету әрекеті - жалпыға бірдейлік, тиімділік, клиенттер талабын барынша қанағаттандыру, қауіпсіздік және орташа тарифтер қолдану принциптерін сақтау арқылы жүргізілді. «Қазпочта» акционерлік қоғамы қызметінің қаншалықты жемісті болғандығын және қандай нәтижеге қол жеткізілгендігін көрсетеді.

ІІІ-ТАРАУ. КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУДЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕЛЕРІ 3.1 Кәсіпкерлікті қолдаудың отандық тәжірибесі және әлемдік аренадағы оның даму деңгейі Кәсіпкерлік қызметті қолдау мен дамыту мемлекетпен нормативті-құқықтық актілер негізінде іске асылылады. Қабылданған нормативті-құқықтық актілердің және оларды іске асыру нәтижелерінің негізінде Республикадағы кәсіпкерліктің даму уақытын үш кезеңге бөлуге болады: 1. 1987 – 2001 жылдардың аралығы кәсіпкерліктің бірінші кезеңі. Бұл уақыт аралығында қызметтің осы түрімен айналысатын халық саны он есе дамыту жөнінен көптеген заңдар мен бағдарламалар қабылданды; халық шаруашылығы кәсіпорындарының біраз бөлігін мемлекет меншігінен шығару мен жекешелендіру кезеңдерін бастан кешірді; еліміздің экономикасы дағдарыстық күйден өз қызметін тұрақтандыру кезеңіне өтті. Тұтастай бұл уақытты Республикадағы кәсіпкерліктің қалыптасуы кезеңі ретінде сипаттауға болады. 2. 2002 жылмен қазіргі уақытты қоса алғанда – бұл кәсіпкерліктің тұрақты дамуының екінші кезеңі. Бұл кезеңнің басталуы дайындалған нормативті-құқықтық базамен, кәсіпкерлікті қолдау бойынша ұйымдар мен институттардың тұтас құрылымдарын құрумен, шағын кәсіпкерлікті дамытудың белгілі теоретикалық және практикалық тәжірибесін жинақтаумен қоса жүреді. Өзінің екінші кезеңіне, атап айтқанда даму кезеңіне өте отырып, кәсіпкерлік Республика экономикасын гүлдендіретін басты тетіктердің бірі екенін көрсетті. Мұнымен қоса кәсіпкерліктің қолданатын формалары мен түрлері алуан түрлі. Екінші кезеңнің басталуы, атап айтқанда 2002 жылдан бастап, «Қазақстан Руспубликасының 2002-2004 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасы», «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың 2004-2006 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасын» қабылдауға байланысты, кәсіпкерліктің даму болашағы ұлттық экономиканы дамытудың жалпы жүйесімен бірге қарастырылды. 3. Экономикасы дамыған елдердегі кәсіпкерліктің дамуында қол жеткен әлеуметтік-экономикалық параметрлеріне сәйкес, мәні инновациялық процестер мен өнімді экспорттаумен байланысты үшінші кезеңді анықтауға болады. Сөйтіп, кәсіпкерліктің дамуының әрбір кезеңіне, қызметтің осы түрін қалыптастыратын, өзінің факторлары мен нәтижелері тән. Кәсіпкеріктің даму кезеңдері қосымшада көрсетілген. Кәсіпкеріктің дамуынын әр кезеңіндегі өзгешеліктерді қарастырайық. Экономиканың осы секторының дамуының бірінші кезеңі, 1987 жылдан бастап, он төрт жыл уақыт аралығын қамтиды. Осы уақыт аралығында Республика бұған дейін болып көрмеген қарқынмен елде кәсіпкерләктә қалыптастырды. Бұған бірінші кезекте нормативті-құқықтық базаны құру ықпал етті. (2-кесте) 1987 жылы Қазақстандағы кәсіпкерліктің пайда болу жылы болып саналады, осы кезде Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (КСРО) Үкіметі «Жеке еңбек қызметі туралы» заңды қабылдады. ҚР-дағы кәсіпкерлікті бірінші кезеңде реттеудің қабылданған негізгі нормативті-құқықтық актілердің тізімі № Құжаттардың аталуы Бекітілу мерзімі 1 2 3 1 “Жеке еңбек туралы” КСРО заңы 19.11.1986ж. 2 “КСРО-да коопериция туралы” КСРО заңы 01.07.1989ж. 3 “КСРО-да меншік туралы ” КСРО заңы 01.03.1990ж. 4 “Қазақстан КСР-да шаруашылық қызметтің еркіндігі және кәсіпкерлікті дамыту туралы” Қазақстан КСР заңы 11.12.1990ж. 5 “КСРО-да кәсіпорындар туралы” КСРО заңы 01.01.1991ж. 6 “1992-1994 жылдардағы кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың Мемлекеттік Бағдарламасы” 05.05.1992ж. 7 “Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы” Қазақстан Республикасының заңы 04.07.1992ж. 8 “1995-1996 жылдардағы кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың Мемлекеттік Бағдарламасы ” 10.07.1994ж. 9 “Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі” 27.12.1994ж. 10 “Шағын кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдауды күшейту және дамытуды белсеңдету шаралары туралы” ҚР-ның Президентінің Үкімі 06.03.1997ж. 11 “Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктермен шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеудің төменгі мөлшері туралы” ҚР-ның Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 08.04.1997ж. 12 “ Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жер бөліктерін несиеге сату бойынша ашық конкурстарды ұйымдастыру және жүргізу туралы” ереже 17.04.1997ж. 13 “Болашақта меншікке беру құқығымен кәсіпкерлік субъектілерне қолданылмайтын өндірістік бөлмелерді және объектілерді, мемлекеттік кәсіпорындарда офистік бөлмелерді беру жөнінен тендерлерді жүргізу туралы” ережелер (және де шағын кәсіпкерліктің кәсіпкерлеріне аяқталмаған құрылыстың мемлекеттік объектілерін беру жөнінде) 17.04.1997ж. 1 2 3 14 “Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы” ҚР-ның Үкіметінің қаулысы 26.04.1997ж. 15 “Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың маңызды және аймақтық бағдарламалары туралы” ҚР Президентінің үкімі 07.06.1997ж. 16 “Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы” ҚР заңы 19.06.1997ж. 17 “Жеке кәсіпкерлік туралы” ҚР заңы 19.06.1997ж. 18 “Шаруа (фермерлік) қожалықтары туралы” ҚР заңы 31.03.1998ж. 2-кесте жалғасы 19 “Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 1999-2000 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасы” 31.12.1998ж. 20 “Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі Агенттігі туралы қаулы” ҚР Президентінің үкімі 15.11.1999ж. 21 “Қаржылық лизинг туралы” ҚР заңы 05.06.2000ж. 22 “Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеудегі коммуналды меншік объектілерін кепілдеме ретінде пайдалану мәселелері туралы” ҚР Үкіметінің қаулысы 07.07.2000ж. 23 “Қазақстан Республикасында қолөнершілікті дамыту концепциясы туралы” ҚР Үкіметінің қаулысы 11.07.2000ж. 24 “Шағын кәсіпкерлік жөніндегі Республиканың ақпаратты-көрмелік орталығы” жабық акционерлік қоғамның құру туралы ҚР Үкіметінің қаулысы 17.10.2000ж. 25 “Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасы” 07.05.2001ж. Бұл заңға сәйкес меншіктік немесе заемдік қаржыларды тарту есебінен пайданы және табысты алуды көздейтін жеке меншік, әр түрлі бастамалар рұқсат етілді. Республика аумағында негізінен қызмет көрсету сферасында әрекет ететін, кооперативтер пайда болды: коммуналды-тұрғын үй шаруашылығында, тұрмыстық қызмет көрсетуде, медицина сферасында және т.б. Қазақстан экономикасында мемлекеттік емес сектордың қалыптасуы 1989 жылдың 1 шілдесінде “КСРО-да кооперация туралы” заңның енуімен нығайды. Ол кооперативтердің шаруашылық жүргізу формаларын еркін пайымдады. Заң жұмыс істеді, оны Қазақстандағы кооперативтік қозғалыстың даму динамикасы көрсетті. Бұл қозғалыстың жандануы 1990 жылға келеді, ол кезде кооператив саны 15 мың бірлікке теңесті, жұмысшылар саны 300 мыңнан асты. Кооперативтік ұйымдардың көбісі құрылыста 31,4 %, 12% астамы көпшілік тұтыну тауарларын өндіруге, оныншы бөлігі ауыл шаруашылығында жұмыс істеді. Кооперативтер тауарлар мен өнімдердің ¼ бөлігін өндірді.[32.7б.] Әрі қарай 1990жылдың 1-наурызында “КСРО-да меншік заңы” қабылданды. Бұл заңның арқасында кәсіпкерлер құқықтары жерге, оның қойнауына, ғимарат, құрылыс, өсімдік және жануар әлемін, бағалы қағаздарды және т.б. меншік ретінде иелену құқықтары кеңейді. 1990жылдың 11-желтоқсанында қабылданған “Қазақстан КСР-да шаруашылық қызметтің еркіндігі және кәсіпкерлікті дамыту туралы” Қазақстан КСР заңы бұл құжаттқа негізгі толықтыру болып табылады. Ал 1991жылы “КСРО-да кәсіпорындар туралы” КСРО заңы қабылданды, ол сондай-ақ әр түрлі меншік формаларында кәсіпорындарды ұйымдастырудың жалпы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін анықтады. Сонымен, 1987жылдан бастап 1991жылға дейін кәсіпкерліктің еркіндігін шектейтін бірінші заңдар қабылданған болатын. Қазақстан тәуелсіз мемлекет болуымен, 1991 жылдың желтоқсанынан бастап өз тәжірибесін және өзінің нарықтық реформаларының бағдарламаларын пайдалана отырып, елдегі кәсіпкерлікті дамытуды жалғастырды. Тәуелсіз Қазақстандағы кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы экономикалық дағдарыс, өндірістік байланыстардың бұзылуы, көптеген кәсіпорындардың тоқтауы, халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі, өзгермелі инфляция және т.б. жағдайлар болды. Қалыптасқан қиыншылықтарға қарамастан, мемлекет кәсіпкерлік проблемаларымен айналысуда. Осы уақытта Қазақстан Республикасының Конституциясы жас республикадағы кәсіпкерліктің құқықтық негізі болды. 1992 жылы ҚР Үкіметі «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» заң қабылдады. Содан кейін, 1995 жылдың 1 наурызында күшіне енген, ҚР-ның Азаматтық Кодексінде кәсіпкерлік қызметпен тек жеке тұлғалар ғана емес, сонымен қатар меншіктің барлық формаларының заңды тұлғалары айналыса алады деп көрсетілген. Уақыттың осы аралығында кәсіпорындарды мемлекет меншігінен шығару мен жекешелендіру жөнінен жүргізілген реформалар кәсіпкерліктің қалыптасуының алғы шарты болып табылды: I-кезең (1991-1992 жылдар) - қызмет көрсету аумағында жүргізілді(сауда, тұрмыстық қызмет көрсету, қоғамдық тамақтандыру т.б.); II-кезең (1993-1995 жылдар) - өнеркәсіптік кәсіпорындар арасында және ауыл шаруашылығында; III-кезең (1996-1998 жылдар) - бұл Қазақстан экономикасында жеке секторды орнықтыру; IV-кезең (1999-2000 жылдар) – жекешелендірілген мемлекеттік мүлікті есепке алуды, басқару тиімділігін одан әрі жетілдіру және бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету. Республикада 1991-2000жылдар аралығында мемлекеттік меншіктің 34,5 мыңнан астам объектілері жекешелендірілді. Кәсіпкерліктің дамуының екінші кезеңінде кәсіпкерліктің нормативтік-құқықтық базасының жетілдірілуі жалғастырылуда. Екінші кезеңде кәсіпкерлікті реттеудегі ҚР-да қабылданған негізгі нормативті-құқықтық актілердің тізімі № Құжаттардың аталуы Бекіту мерзімі 1 ҚР Үкіметінің 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасы 28.03.2002 жыл 2 ҚР “Инновациялық қызметі туралы” заңы 03.07.2002 жыл 3 ҚР “Кешенді кәсіпкерлік лицензиялары (франчайзинг) туралы” заңы 24.07.2002 жыл 4 ҚР шағын кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы 29.12.2003 жыл Бірінші кезеңде кәсіпкерліктің болашақтары мен міндеттері нормативті-құқықтық актілерімен, өзіндік проблемелар құрамында жеке қарастырылды, сондықтан бірін-бірі алмастырушы құқықтық құжаттар, мемлекеттік бағдарламалар, қағидалар экономиканың осы секторын орташа нәтижелерге әкелді, ал оның дамуының басында айда болған, проблемалар өткен он бес жыл уақыт аралығының өткендігіне қарамастан кәсіпкерліктің дамуына кедергі болатындығын атап өту қажет. 2002 жылдың бірінші жартысында Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері қарастырылған, Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде Н.А.Назарбаев “…біз көп жыл бойы шағын және орташа бизнесті, шикізаттық емес салаларды дамыту, импортты алмастыру, қосымша құнды көтеру, жаңа шектерді енгізу қажеттілігі туралы айтудамыз, бірақ бұл сферадағы жетістіктер әліде көп емес” деп айтып өтті. Кәсіпкерліктің екінші кезеңінде инновациялық процестермен, жаңа өнімдерді өндіруді қамтамасыз ететін, жаңа технологиялар, ұйымдастыру мен басқарудың жаңа әдістері және т.б. тығыз байланыстырылды. Инновациялық дамудың 2001-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасына, инновациялық жобаларды енгізу бюджеттен қаржыларды бөлуге, 03.07.2002 жылы “Инновациялық қызмет туралы” заңды бекітуіне қарамастан, Республикадағы инновациялық кәсіпкерлік дамудың бастапқы кезеңінде тұр. Менің ойымша Республикадағы кәсіпкерліктің дамуының бұл кезеңіне негізінен иммитациялық кәсіпкерлік тән, яғни жаңашылдардың жаңалықтарын белсеңді түрде пайдалану. Республикада кәсіпкерлер үшін жаңа бизнес-үлгілерді енгізу тенденциясы байқалды. Оларға франчайзингтң жатқызуға болады. Қазіргі уақытта франчайзинг әлемдік кәсіпкерліктің әйгілі түрлерінің бірі болып табылады және Германия, Франция, Австрия, АҚШ және т.б. әлемнің 80 елдерінде кеңінен қолданылады. Қазақстанда халықаралық франчайзингті ұтымды қолданудың жеке мысалдары бар. Бұл – Coca cola, Pepci, Xerox, Kodak, Zepter, Hamle және т.б. Берілген бизнес-үлгісі ТМД жеке елдерімен салыстырғанда бұған дейін Қазақстанда кеңінен қолданылмаған атап өту қажет. Елде франчайзингтік қатынастарды кең тарату үшін “Кешенді кәсіпкерлік лицензиялар (франчайзинг) туралы” заң қабылданды, ол келесі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді: елдегі өндірісті дамыту, халықтың жұмыс бастылық деңгейін көтеру, жоғары білікті мамандарды қалыптастыру, ішкі нарықты сапалы тауарлармен толтыру. Кәсіпкерліктің дамуының үшінші кезеңінде нормативті-құқықтық актілерін әрі қарай жетілдіру мен оларды орындауды бақылауды күшейту, инфрақұрылымды және оны пайдалану тиімділігін көтеру, қаржылы-несиелік және инвестициялық қолдау, өңірлік деңгейде мамандарды дайындау мен үйрету процесі жалғасады. Ал үшінші кезеңнен күтілген нәтижелер – бәсекеге қабәлетті өнім мен қызметтерге деген халықтың сұранымын толық қанағаттандыру, жаңа жұмыс орындарын ұсыну, шынайы бәсекелестік ортаны отандық кәсіпкерлер арасында ғана емес сонымен бірге алыс және таяу шет ел кәсіпкерлерімен құру, меншік иелерінің көпшілік тобын әрі қарай қалыптастыру, елдің экспорттық потенциалын көтеру, шағын кәсіпорындар ірі және оташа кәсіпрындарды құру үшін негіз болады және де кәсіпкерлікке иммитациялық қызметімен бірге инновациялық қызмет қолдау алады. Шағын кәсіпкерлік дамуының әлемдік тәжиребесіне ғылыми шолу жасау оның басты екі экономикалық ерекшелігін атауға мүмкіндік береді: а) өндірісті ұйымдастыру нарықтың сұранысына сай жүргізілетендіктен, шағын кәсіпкер соңғы тұтынушыға лайықтап қана өнім шығарады: ә) шағын бәсәкелестік ортада қозғаушы күш рөлін атқарады. Сондай – ақ оның неғұрлым көбірек жиынтығы ірі бизнеспен де бәсекелесе алады екен. Мысалы, АҚШ-тағы 1965-1985 ж аралығындағы шағын кәсіпкерлік пен бизнестің дамуы мәліметтеріне талдау жасаған Фю Дракер «Америкадағы басқарудағы экономикасында (ірі компаниялардың менежерлері билігін жүргізген кезең) кәсіпкерлердің екінші сатыға жылжығанын, мұның өзі АҚШ тарихында бұрын соңды кездеспеген революция » екендігін атап көрсеткен. Жаңа жұмыс орындарын құру мен экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету басымдығы тұрғысынан шетелдерде шағын кәсіпкерліктің дамуына үлкен мән беріледі. БҰҰ-ның даму бағдарламасы бойынша шағын кәсіпорындардың саны барлық кәсіпорындардың жалпы санынан 95%-ке артық. Әлемдік экономикада мұндай кәсіпорындардың үлесіне жұмыспен қамтылғандардың 60%-тен астамы келеді, ал олардың ЖІӨ-дегі үлесі 50%-ке жетеді. Рыноктық қатынастардың қалыптасуы кезінде әсіресе кәсіпкерлік мемлекеттік қолдауға мұқтаж болатындығына әлемдік тәжірибе куә. Бұл ретте, бизнесті бәсекеден қорғауға немесе ол үшін ерекше “жұмсақ” жағдайлар құруға емес, технологиялық жетілдірудің генерациясы фирмаішілік процесті үнемі ынталандыратын және фирманың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін оқытатын жағдайларды қамтамасыз етуге әкелуге тиіс шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік саясатының нысаны мен мақсаты шешуші мәнге ие. Мұны соңғы уақытта экономикада ілгерілік жасаған көптеген елдердің тәжірибесі көрсетеді. Кәсіпкерлікті қолдау шаралары: 1. жаңа технологияларға (технологиялар мен экономикалық ақпараттар ұсыну, консультация және оқыту) қол жетімділікті жеңілдету; 2. рынок капиталына (салық жеңілдіктері, амортизацияның ерекше нормалары, мемлекеттік субсидиялар, рыноктық және жеңілдікті кредитті ставкалар арасындағы айырмашылықты қаржыландыру түріндегі жеңілдікпен кредит беру) қол жетімділікті жеңілдету; 3. кәсіпкерліктің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдесетін кластерлік-желілік ұстанымды енгізу арқылы шағын компаниялар мәселесі бойынша туындайтын проблемаларды шешуге бағытталған. Кластерлік-желілік ұстаным негізінде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы іске асырылған елдер – бұл Италия, АҚШ, Германия, Жапония, Корея, Дания, Мексика, Чили, Бразилия. Бірқатар дамыған және дамушы елдерде кластаерлік-желілік ұстанымға негізделген шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасын іске асыруды мысалға келтіремін. 1. Италия. Бірінші рет кластерлік-желілік ұстаным Италияда 70 жылдары қолданылған. Шағын және орта бизнеске кластерлік-желілік ұстаным тұрғысынан осы ұстанымның бастау алатын “үшінші Италия” деген атқа ие болған Италияның тәжірибесі қызық. 70 жылдардың соңында “бірінші” және “екінші” Италия экономикалық дағдарысты басынан өткізді, елдің солтүстік-шығыс және орталық бөлігі экономиклық өсудің жоғары түрін көрсетті. Негізінен кәсіпорындар әрекет ететін (тоқыма және былғары өндірісі, аяқ киім, керамика және жиһаз өндірісі) бірқатар салаларда қалыптасқан кластерлер шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері тек қана жаңа жұмыс орындарын ғана құрып қоймай, экспорт рыногына да шыға алды. Сол уақытта Германия мен Ұлыбританияның ірі кәсіпорындары құлдырауды басынан өткізіп жатты, “үшінші Италияның” кәсіпкерлік кластерлері өндіріс пен экспортты арттырды. Бұдан басқа, кәсіпкерлік кластерлері өндірістік процеске инновацияларды енгізуге қабілетті болып шықты. 2. АҚШ. ЖҰӨ-нің 50%-нен астамы, инновациялардың жартысынан астамы, ұлттық жұмысшы күшінің 2⁄3 астамы кәсіпкерлікке тартылған. АҚШ-та шағын және орта кәсіпкерлік ел экономикасын оңалтуда шешуші роль атқарады. Бұл үшін АҚШ-та аталған сектордың дамуына көмек беретін құрылым – АҚШ шағын бизнес әкімшілігі( 1953 жылы құрылған) бар. Сапалы, клиентке бағытталған кең ауқымды бағдарламалар қалыптастыру және кәсіпкерлер қоғамдастығын барлық жаңалықтар туралы уақтылы хабардар ету – қызметтің мәні. 3. Жапония. Шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі барлық компаниялар санының 99,6%-ін, ЖІӨ-нің 55%-ін және өнеркәсіпке жұмыспен қамтылғандардың 80%-ін құрайды. Кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік саясатты іске асыру үшін кәсіпкерлікке қатысты мемлекеттік саясатты іске асыратын мамандандырылған органдар желісі құрылды. Жапонияда шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі шаралары: - ШОБ-ті жаңғыру үшін кредиттер мен жеңілдікті кредиттерге кепілдік беру және сақтандыру жүйесі арқылы қаржыландыру қол жетімділікті жеңілдету (20 жылға 1,05%-тік ставкамен); - Бизнес-инкубаторлар құру, салық салу және менеджмент, персоналды басқару және рыноктағы ахуал туралы ақпарат, сондай-ақ оқыту бағдарламаларын ұсыну мәселелері бойынша қысқа мерзімді негізде мамандарды ұсынумен инвестициялық жобаларды бағалау арқылы бизнесті қолдау жүйесін құру; - Техникалық көмек, қаржылық және заңнамалық қолдау арқылы жаңа және венчурлық бизнес құруды ынталандыру; - Жаңа әзірлемелерді коммерциализациялауды қолдау мен ғылыми орта, бизнес және үкімет арасындағы ынтымақтастықты ынталандыру арқылы технологиялардың дамуын қолдау; - Пайыздық төлем ставкалар бойынша субсидиялау және кредит беру арқылы бизнесте инновацияларды қолдау, венчурлік жобаларға мемлекеттің қатысуы және зерттеу кәсіпорындары үшін патенттік төлемдерді төмендету. Жапонияда зерттеулерді дамыту деңгейі бойынша жетекші ролді технопарктер алады.70% шамасында жапондық технопарктер өңірлердегі кәсіпкерлік кәсіпорындарын қолдау үшін құрылды, бұл ретте, 58%-і жоғары технологиялы өнімдер өндіруге бағытталған. 4. Германия. Германдық кластерлік-желілік ұстанымды қолдаудың негізгі бағыты- бұл мынадай нарықтық тетіктерге: - Мемлекеттік қолдауға емес, шағын және орта кәсіпкерліктің дербестігіне басымдыққа; - Тиімсіз кәсіпорындар нарықтан кетуі тиіс; - Шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекеттің қаржылай көмек беруі үшін негізгі талап – кредитке қабілеттілікке тірек болады. 5. Корея. Барлық компаниялардың 99,5%-ін құрайтын 3 млн. шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бар. Соның ішінде шағын компаниялардың үлесі 97% құрайды. Оңтүстік Кореяда шағын компаниялар жұмысқа орналастырудың маңызды көзі болып табылады, өйткені онла елдің экономикалық белсеңдң халқының 87%-і жұмыспен қамтылған (10 млн.астам). Шағын және орта кәсіпкерліктің үлесіне елдің ЖІӨ-нің жартысы және оңтүстіккореялық экспорттың 43%-і тиесілі. 6. Израиль. Қолдау инфақұрылымының объектілері құрылған, олардың көпшілігі мемлекеттік. Кәсіпорындарды қаржыландыруға көмек беретін мемлекеттік және бірнеше жеке қорлар бар, ал мемлекеттік субсидия бизнесті жүргізу үшін қажетті қаражаттың 2⁄3-ін құрайды, 1⁄4- кәсіпкердің салған қаражаты. Бизнес-инкубаторларды қолдайтын венчурлық қорлар бар, оларда жаңа инновациялық жобалар жасалады. Осылайша, технопарктер мен бизнес-инкубаторлар мемлекет ғылыми-техникалық салалардың дамуын қолдайтын және мұндай саясаттың алдында шаруашылық жүйені оңтайландыру мен ғылыми-техникалық прогресс жетістіктеріне бейімдеу міндетті қойылған елдерде жақсы дамыған. Ғылыми-өнеркәсіпкік парктер болашақтағы технополистердің – технологиялар, ғылыми зерттеулер мен жобалау-құрастыру әзірлемелері қалаларының қазіргі үлгілреі болып табылады. Өтпелі экономикалы көптеген дамушы мемлекеттер мен елдер үшін ғылыми-өнеркәсіптік парктерді дамыту басымдылығының стратегиясы – бұл жоғары технологиялық деңгейдің өңірлік орталықтар желісін дамыту, барлық ұлттық шаруашылықты зияткерлендіру негізінде қызметтің жаңа салаларында ілгерілендіру. Технополистер ғылым, жоғары технологиялар, дәстүрлі ұлттық мәдениет үйлесім тапқан және шығармашыл, жан-жақты дамыған, жаңа қоғамы құрылады. Нарық экономикасы жеткілікті дамыған елдердің өзінде соңғы уақытта кәсіпкерлік белсенділік артып отыр. Кәсіпкерлікпен айналысуға бел буған адамдар бизнесті, әдетте өзінің жекеменшік жекеменшік ісімен бастаған. Айталық АҚШ-та 1950ж орташа есеппен 130 жылдары -600, осы ғасырдың алғашқы жылдары-900 мыңға жеткен.

3.2. АҚШ-та шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру ерекшеліктері Бүкіл дүние жүзінде шағын және орта бизнестің экономика құрылымындағы үлесі жоғары. Сол шағын кәсіпкерліктің даму деңгейіне елдің экономикалық дамуының өсуі тәуелді болады. Әсіресе соңғы кезеңдерде АҚШ-та шағын кәсіпкерліктің кеңінен дамуы орын алып отырғандығы байқалып отыр. АҚШ-та шағын бизнеске жұмыскерлер саны 50 адамға дейінгі шағын және орта фирмалардың жиынтығына тең формалар болып табылады. Бұл фирмалар американдық фирмалардың 99% қамтиды. Бұлардың негізгі бөлігі ұсақ, көбінесе жанұялық немесе жеке кәсіпорындар. Мұндай фирмалардың 87% саны 20-дан аспайтын, ал 80% 10-нан аспайтын адамдар жұмыс істейді. 1980 жылдардың аяғында АҚШ-та шағын фирмалардың өсуі сандық және сапалық жағынанда ерекше байқалады. Мысалы үшін тек 1988 жылдардың өзінде ғана 1млн. шағын кәсіпорындар пайда болса, ал 1999 жылы 1,3 млн. шағын фирмалар құрылды. Мұның алдындағы жылдары жыл сайын 600 мыңға жуық қана шағын кәсіпорындар өмірге келіп отыратын болатын. АҚШ-та шағын және орта фирмалар жалпы ұлттық өнімнің 40% өндіреді, оның ішінде өңдеуші өнеркәсіпте 21%, құрылыста 80%, көтерме саудада 86%, қызмет көрсету саласында 81% құрайды. АҚШ экномикасында олар ғылыми – техникалық прогресс сферасына жататын барлық жаңалықтарды жасаудың, игерудің және өндіріске енгізу тең жартысына жуығын қаматамасыз етеді. Өндіріске жұмсалған әрбір доллар шығынға олар ірі кәсіпорындармен салыстырғанда орташа есеппен алғанда 17 еседен көп ғылыми жаңалықтар енгізуде. Шағын инновациялы өндіріс мұнда ғалымдар және инжинерлер, сол сияқты тапқырлардың еңбегінде ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда жыл сайын құрылатын 600-700 мың фирмалардың 1/8 бөлігін ғылыми-техникалық жаңашылдық өндірісінде мамандандырылған, сонымен қатар, АҚШ-тың инновациялық саясатының негізгі бағыттарының бірі – ол қаржы түсімдерін реттеу болып табылады. Ол екі бағытта құрылады: 1) бюжеттен мақсатты бағытталған субсидияландыру арқылы; 2) қаржыландыру үшін жеке капиталдарды тарту; Бұл бағытты іске асыруда АҚШ-та шағын бизнестің әкімшілігі (ШБӘ) құрылған және ол шағын кәсіпкерлікке қаржылық, консультациялық, материалдық көмектеседі, кәсіпкерлерді оқыту мен дайындауды жүзеге асырады. Шағын бизнес әкімшілігі шеңберінде АҚШ-та келесі бағдарламалар жүзеге асырылады: - халықаралық саудаға көмектер; - зерттелу мен жобаларды жасауға көмектері және қаржыландыру; - ұлттық кәсіпкерлікті дамыту; - әйел кәсіпкерлерге жағдай жасау; - ардагер - кәсіпкерлерге көмектер; Сонымен қатар, АҚШ-та шағын кәсіпкерліктің субьектілеріне қаржы ресурстарын қамтамасыз ету келесі бағыттарды қарастырады: - шағын кәсіпкерлікті инвестициялауды компаниялардың конкурстық негізде несиелермен қамтылуы; - қарыздар мен несиелер негізінде мемлекеттік іс ұсынылуы (ШБӘ 25 жылға дейін 750 мың долларға дейінгі саудалар береді; - қошаған ортаны қорғауға байланысты шағын бизнесті қаржыландыру ( бұл жағдайда ШБӘ максималды деңгейі бір млн. доллар мөлшерінде сауда береді). Сонымен қатар, АҚШ-та қолдау жұмыстары шағын кәсіпкерлік субьектілеріне салықтық жеңілдіктер берумен ерекшелінеді. Мысалы, табысы 50 мың доллар кәсіпорындарға 15% салық мөлшерлемесі бекітілген, 70 мың долларға дейін табысы бар шағын фирма салық нормасы 25 %; ал ең жоғарғы мөлшері 34%. Барлық федералды ведомоствалар мен 12 шағын бизнесті дамыту мекемелерінің 100млн. долларлық бюджетінен шағын ғылыми зерттеу фирмалар қызметін қаржыландыруға өздерінің 1,25% қаржы ресурстарын бөлуге міндетті болып табылады. Өтпелі кезең экономикасында шағын кәсіпкерлік мәселесі дамыған мемлекеттер тәжірибелерін талдау маңызы өседі. Дамыған капиталистік мемлекеттердің тәжірибелерге талдау көпшілігінде шағын және орта фирмалардың жалпы жұмысбастылықтағы үлесінің артуын көрсетеді. ЖҰӨ-гі шағын кәсіпорындар үлесі, 2008 ж. Мемлекет Шағын кәсіпорындар саны Жұмысбасы Шағын кәсіпорындар үлесі Мың бір. Мың адамға Мың адам Жұмысбастылық үлесі, % ЖҰӨ, % Япония 6450 49,6 39,5 78 52-55 АҚШ 19300 74,2 70,2 54 50-52 Еуропа елдері 15770 45 68,0 72 63-67 Германия 2590 37,0 18,5 46 50-54 Ресей 870,6 5,9 8,5 10,1 10-12 Сонымен қатар, мемлекеттерде шағын бизнестің ұйымдастырылуы әр түрлі қаржыландыру көздері арқылы, техникалық және технологиялық көмек көрсетуге, бюджетті – қаржылай жеңілдіктер болуы, инфраструктуралық қолдау шаралары және шағын кәсіпкерлікті қолдау, дамыту іс-шаралары жатады.

3.3. Германиядағы шағын кәсіпкерліктің даму тетіктері Германияда шағын және орта кәсіпкерліктің басты сипаттамасы ең алдымен меншік құқы мен кәсіпорынды тікелей басқарудың бірлігі болып табылады. Екінші сипаттама - кәсіпорынды тікелей басқарудың айқындылығы, яғни кәсіпорын қызметінің айқындылығы: оның көлемінің шектеулілігі қожайын мен жұмыскер арасындағы өзіндік ерекше қатынастар сипаттарын білдіріп, өндірістің түпкі нәтижесі үшін екі жақтың да бірдей мүдделігін, ынталылығын тудырады. Үшіншіден, кәсіпорындар өмірінде басқарушы рөлінің ерекше маңыздылығы: ол шаруашылықтың нәтижелілігіне тек қана мүлік иесі болғандықтан тәуекелге бел буатындығынан ғана емес, сонымен бірге оның өзінің де өндіріспен тікелей айналысып, оны ұйымдастыруға барлық жағынан қатысуынан көрінеді. Төртінші – істі жанұялық негізде жүргізу, кәсіпорындар қызметін нәтижелі жүргізу, ұйымдастыруға атадан балаға мұра ретінде машықтану. Бесіншіден – шағын кәсіпкерліктің тағы бір сипатты белгісі ретінде кәсіпорынды қаржыландыру мәселесін айтуға болады. Егер «алыптар» қажетті ресурстарды негізінен капиталдар нарығы (қор биржалары) арқылы алатын болса, ал шағын және орта кәсіпорындар банктердің аздаған несиесіне арқа сүиейді, сондықтан да олар үшін қаржылындыру мәселесі басты проблема болып табылады. Шағын кәсіпкерліктің жоғарыдағы аталған сапалық жақтарымен бірге сандық жағынан да сипаттамалары бар. Олар екі көрсеткішке негізделеді: жылдық айналым сапасы мен еңбекпен қамтылғандар саны. Германияда қабылданған есептеу методологиясына сәйкес халық шаруашылығының бұл секторына мыналар жатқызылады: 1. Белгілі бір жағдайда өзіндік фирма түріндегі – барлық жеке еркін мамандық иелері (дәрігер, нотариустар, салық пен жарнама бойынша консультанттар, аудиторлар, өз бетінше дербес әрекет ететін инженерлер, педогогтар, баспасөз, өнер қызметкерлері және тағы басқалар ). 2. Жұмыс істейтіндер саны 1-ден 43 адамға дейінгі және жылдық айналымы 1 млн. маркаға дейінгі ұсақ кәсіпорындар; 3. Жұмыс істейтіндер саны 50-ден 499 адамға дейінгі және жылдық айналымы 1 млн.-нан 10млн. маркаға дейінгі орта кәсіпорындар. Германияда 1980 ж. аяғына қарай жоғарыда көрсетілеген сипаттың статистикалық есептеу тәртібіне байланысты 1.9 млн. шағын және орта кәсіпорындар жұмыс істеп, олар халық шаруашылығының салалары бойынша мынадай негізде бөлінеді (мың есебінде): - қолөнерде – 537, - саудада – 225, - өнеркәсіпте – 108, - қызмет көрсету саласында – 665, - еркін мамандық секторы – 360. Германиядағы шағын бизнестің экономикалық маңызы, біріншіден барлық еңбекке жарамды халықтың 2/3 бөлігін қамтып отырған жұмыс беруші ретіндегі, екіншіден елдің жалпы ішкі өнімінің жартысына жуығын құрайтын өнім өндіруші мен қызмет көрсетуші ретіндегі; үшіншіден барлық инвестициялар мен тіркелген потенттердің жартысынан артығының өндіріске еңгізудегі үлесіне 2/5 бөлігі келетін ғылыми-техникалық прогрестің катализаторы ретіндегі; төртіншіден Германиядағы барлық өндірістік оқу орындарының 85 процентін қамтитын кадрлар дайындау көзі ретіндегі рольмен анықталады. Шағын кәсіпкерліктің барлық кешенді ішкі және сыртқы проблемалары олардың өз күшімен шешілуі мүмкін емес. Қазіргі кезеңде Германияда бірқатар жағдайлар шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау жүйесінің қажеттілігінің өте бір маңызды, көкейтесті мәселеге айналып отыр. Олардың ішінде: 1. Европалық қауымдастық шеңберінде 1993 жылдың басынан бастап бәсеке жағдайын шегіне жеткізе шиеленістіретін тауарлар, қызметтер, жұмыс күші және капиталдар қозғалысы жолындағы барлық кедергілерді алып тастау; 2. «Таза » технология мен табиғатты сақтау шараларына байланысты заңдық нормалардың қатаңдатылуы оларға жұмсалатын күрделі қаржы барынша арттыруды талап етеді; 3. Заңды негізде жұмыс уақытын одан әрі қысқарту және оны пайдаланудың икемділігін күшейту. Германияда шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жүйесінің негізінде жатқан басты принцип өздігінен, мүмкіндігінше өз бетінше дамуы барынша ынталандыратын негізде көмек беру болып табылады. Бағдарламаның жалпы мақсаты – ол шағын кәсіпкерліктің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Қазіргі кезде бірінші орынға арнайы шаралардың жиынтығы мен нақты бағдарламалардың өмірге келуіне талап етіп отырған Германияның жаңа аймақтарындағы шағын және орта кәсіпорындарды ынталандыру проблемасы қойылып отыр. Осыған орай мынандай шараларды атап өтуге болады: Гермианияның федералді өкіметі іс жүзіне асырып отырған құрылымдық-саяси шаралар. Олар шағын фирмалар үшін қалыпты бәсеке жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған бұл жердегі басты тетік 1957 жылы заңды түрде бекітілген және шағын фирмалардың позицияарын нығайтуға байланысты бірінші рет қайта қарасытрылған- картелдік құқық. Картельдердің қызметін қадағалаушы ведомство (біздіңше, монополияға қарсы комитет), біріншіден, ірі фирмалардың бір-біріне қосылып кетуін қатаң бақылап отырады, екіншіден, орынсыз тыйым салуларды алып тастап , шағын кәсіпорындардың кооперациялануына жеңілдік жасайды. Шағын кәсіпкерлікке қолдау жасауға құрылымдық-саяси шаралардң екінші бір құрамды бөлігі – мемлекеттік келісім шарттарды бөлуге қатысудағы олардың құқықтық бұлардың құқықтық жағынан тңдегін қамтамасыз ету. 1976 жылдан бастап Германияда мемлекеттік тапсырмаларды бөлу шағын және орта фирмалардың да міндетті түрде қатысуын реттейтін ерекше ережесі бар. Германиядағы салық салу жеңілдіктер. Германияның жаңа аймақтарында қазіргі кезде кеңінен пайдаланып жүрген бұл инстументің басты үш түрі бар: 1. амортизациялық аударымдардың арнайы нормалары; 2. пайданың салық салынбайтын резервтерін жасау; 3. салық ведомаствалары төлейтін инвестициялық үстемелер. Енді арқайсысына жекелеп тоқталсақ: Амортизациялық аударымдардың арнайы нормалары барлық инвестицияларға қолданылып, жаңа жұмыс орнын ашуға, қоршаған ортаны қорғауға, техникалық жағынан алдыңғы қатарлы өнім өндіруге, сыртқа тауар шығаруға бағытталады. Жұмсалған қаражаттар үш жыл ішінде есеп ретінде шығарылады, бірінші жылы жұмсалған капиталдың 50% амортизацияланады, екінші жылы 30% және үшінші жылы 20%. Салықтан босатылған пайда резервтерін жасауға қол өнері өндірісінде, саудада, өнеркәсіпте, еркін мамандық секторларында, сондай-ақ мүліктерді жалдау мен жалға беру қызметі сферасында қолдануға рұқсат етілген. Резерв бір жыл ішінде түскен пайданың 20% дейінгі мөлшерін құрауы мүмкін.

ҚОРЫТЫНДЫ Экономикалық өсу қарқыны бойынша Қазақстан ТМД-да көшбасшысы орында нық тұр. Бұл тұрғыда ресейлік экономистің бағасын келтірген жөн болар. Леонид Григорьевич былай деп жазады: «Нақты ІЖӨ-нің орташа өсу қарқыны Қазақстан 2000-2002жылдары 10% асып түсті, мұның өзі елді осы көрсеткіш бойынша әлемде енді болса бірінші орынға шығарғандай. Алдағы он жылға болжам шамамен 7 % пайыздық өсім бермек, ал бұл дегеніңіз Оңтүстік Шығыс Азия «жолбарыстарынан» кейін көрінбеген жаңа даму деңгейіне сирек болатын секірістің бірін туғызбақ». Тұтастай алғанда тәуелсіз жылдары кәсіпкерлік ортаны қалыптастыру аяқталды. Өндірістің құрылымы шаруашылық жүргізу мен еңбек бөлінісінің әлемдік жағдайына бейімделіп келе жатыр. Өнеркәсіп өндірістің көпсалалы құрылымы, жоғары ғылыми-техникалық әлеует қалыптасуда. Дамыған отын-энергетикалық, кен–металлургиялық және көлік коммуникациялық кешендер жұмыс істеуде. Өндірістік қуаттардың пайдаланылмаған резертері баршылық. Жекелеген салаларда өндіріс пен басқарудың жоғары деңгейдегі шоғырлануына қол жеткізілді. Мұның өзі әлемдік экономикада бәсекеге қабілетті ұлттық корпорацияларды құру үшін жақсы негіз болып табылады. Қазақстанда жеке меншік секторы серпінді дамып келеді, мұнда өнімнің 70 пайыздан астамы шығарылады. Елде шағын кәсіпкерліктің 348 мың түрлі субъектілері жұмыс істейді. 100 мыңнан астам жеке меншік кәсіпорындары тіркелген, олардың 1700-дейі ірі өндірістер болып табылады. 2005 жылғы қаңтардың басында 208,4 мыңнан астам шағын бизнес кәсіпорындары тіркелген, бұл 2004 жылғы сәйкес күнге қарағанда 13,5пайызға көп. Республикадағы шағын кәсіпорындарында жұмыс істейтіндердің саны өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 7 пайызға ұлғайып, 524,6 мың адамға жеткен. 2005 жылғы қаңтарда өнім өткізуден түскен табыс 48113,3 миллион теңге болды, бұл 2004 жылғы қаңтардағы деңгейден 11,9 пайызға артық. Нарық институттары мен шаруашылық жүргізудің тетіктерін қалыптастыру саласында бірқатар түбейгелі қадамдарды жүзеге асыру нәтижесінде Қазақстан реформалау қарқыны жағынан ТМД елдерінің көпшілігін басып озды. Қ.Р. Президентінің және Үкіметінің кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөнінен нормативті-заңды құжаттарын, экономикасы дамыған елдер мен отандық кәсіпкер жұмысының тәжірибесін зерттеу, сонымен қатар әйгілі ғалым-экономистердің зерттеулерінің негізінде диплом жұмысында келесі қорытындыларды тұжырымдадық: 1. Кәсіпкерліктің теориялық негізіндерін зерттеу негізінде кәсіпкерлік, кәсіпкер және кәсіпкерлік табыстарын тектілік түсініктері дәлелденді. Ғалым-экономисттердің еңбектерін жалпылау және Қазақстандағы кәсіпкерліктің даму ерекшеліктерін ескере отырып, кәсіпкерліктің осы формасының ұғымдық аппараты айқындалды. 2. Кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың әлемдік тәжірибесін талдау Қазақстанның ұлттық экономикасындағы адам қызметінің осы сферасының ролін және орнын анықтауға мүмкіндік береді. 3. Кәсіпкерліктің бір түрі – қаржылық кәсіпкерліктің бөлімі сақтандыру қызметі. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының қазіргі жағдайы мен даму тенденциялары. Нарықтағы сақтандыру компанияларының орнын бағаланылды. Сақтандыру нарығынын дамуына әсер ететін факторлардың мәні ашылды. 4. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығындағы «Қазақшетсақтандыру» сақтандыру (қайта сақтандыру) компаниясының кәсіпкерлік орны мен баму бағыты айқындалды. Сақтандыру қызметінің түрлері, топтары, класстарының жіктелімі берілді. 5. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларының тиімділігі, мемлекеттік қолдау, салық әкімшілігін жүргізу әсерін жетілдіру, несие ресурстарына қол жетімділігін қамтамасыз ету, нормативті құқықтық базаны жетілдіру кәсіпкерлерге көмек беру немесе жеңілдіктер тағайындау мақсаттарын жүзеге асыру бағдарламаларының тиімділігі айқындалды. Осы экономикалық қызмет формасымен айналысуды ұйғарған кәсіпкерлік функцияларды орындауға әркімнің кәсіпқой біліктілігі керек, ал оған алдағы практикадан жинақталған барлық мәліметтерді тиімді игеру, яғни тек қана білім, теориялық дайындық арқылы жетуге болады.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 1. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы: «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында». Егемен Қазақстан. 2 наурыз 2006жыл 4-бет; 2. Друкер П. Рынок: как выйти в лидеры. Практика и принципы. М.1992год 245с. 3. Найт Ф. Риск, неопределенность и прибыль Thesis. –1994 год –Выпуск 5.-214с. 4. Кирцнер И. Конкуренция и предпринимательтво. Экономика. М., 2001 год-494с. 5. Кейнс Дж.М. Общая теория занятости, процента и денег Антология экономической классики. М. Эконов, 1992 год-Т2-. 485с. 6. David C. Mc. Clelland, The Achieving Society (Princetion, N.J.; Van Nostranal. 1961). 7. Макконел К., Брю С. Экономикс: принципы, проблемы и политика в двух томах. Таллин, 1995год-Т 1.-538с. 8. Колесникова Л.А. Формирование государственной системы развития предпринимательства в переходной эконоки (вопросы теории, метологии и практики): докторская диссертация. М, 2001год- 294с. 9. Демин А.И. Информационная модель экономики. Макромедель. М., 1996год-348 с. 10. Кошанов Е. Инновация и рыночная экономика Каржы-Каражат.1999 год-№5.-66 с. 11. Кабалина В. Инновация на постсоветских промышленных предприятиях Вопросы экономики. 2001 год.-№7.19-22с. 12.Қазақстан Республикасының заңы «Инновациялық қызмет туралы » Заң газеті. 2002 жыл №30, 31- шілде 4-бет. 13. Блинов А.О. Малое Предпринимательство: организационные и правовые основы деятельности. М.: Ось –89, 1998 год-336с. 14. Чепуренко А.Ю. Предпринимательский класс в возрождающийся в России.- М.: Мир России, 1993. –478 с. 15. Шеденов Ө.Қ, Сағындықов Е.Н, Жүсінов Б.А, Байжамартов Ү.С, Комягин Б.И «Жалпы экономикалық теория » Ақтөбе –2004 жыл, 145-бет. 16. Мейірбеков А.Қ, Әлімбетов Қ.Ә «Кәсіпорын экономикасы» Алматы-2004жыл 17. Бисенғазиев М.Б, Хамитов А.Ш «Кәсіпкерлік негіздері » Орал 2001жыл. 18. Жолдасбаев Т.Ө «Кәсіпорын экономикасы » Алматы –2002 жыл. 19. Дауранов И., Курбанова Г., Рудецких А., Шишкина А. Малый бизнес Казахстана: тенденции и проблемы развития. Алматы: РГП «Институт экономичских исследований», 2002 год 167с.

Похожие материалы