Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Кәсіпорын қаржысы

Кәсіпорын қаржысы

Ауылшаруашылық  өнімін өндірудің  бірден-бір  шарты  қаржы  ресурстарының  болуы  болып  табылады.  Қаржы  ресурстары   өндіріс орнының  ақша қаржылары  болып  табылады да,  оларды  қолдану  белгілі  мақсаттағы арнайы  ақша  қорларының  құрылуы  арқылы  жүреді.

Қаржы ресурстары   өндірістік  және өндірістік  емес  салаларды   қаржыландыруға,  тұтыну  мен резерв  құруға  жұмсалады.

Өндірісті дамыту үшін  сатып  алынған   өндіріс құралдарға  (еңбек  заттары  мен  құралдары,  жұмыс  күшімен өндірістің басқа  элементтері) жұмсалған  қаржы   ресурстары  капиталдың  ақшалай түрі  болып табылады.

Қаржы  ресурстарын  қолдану  белгілі  мақсаттағы  арнайы  ақша  қорларының  құрылуы  арқылы  жүретіндіктен  капитал  құрылымына,  негізгі   қорларға,  айналмалы  қорларға  және  айналым  қорларына  жұмсалған  ақша   қаржылары  кіреді.

Капиталдың құрылымы

Қаржы ресурстарының  негізгі  қорлардың  айналымындағы  атқаратын  ролі

Өндіріс  орындарының активтері меншікті  және  қарызға  алынған  қаржы ресурстарынан  құрылуы  мүмкін.

Жарғы қорының  көлемі  негізгі  және  айнымалы  құралдарды    өндіріс процесінде   қаржыландыруға   кеткен қаша  қаржыларының   мөлшерін  көрсетеді.

Меншікті  құралдардың  басқа  құрылу  көздеріне  келесілер  жатады:

  • қосымша капитал - капиталды қайта бағалау нәтижесінде құрылады;
  • резервті капитал – таза табыстың  есебінен жарғы  қорының 15%   мөлшерінде  құрылады;
  • жинақтау қоры - өндіріс орнын дамытуға жұмсалатын  қаржы;
  • белгіленген мақсатта қаржыландыру мен түсімдер - әлеуметтік объектілердің құрылысы мен оларды баптауға  жұмсалатын қаржылар  мен  заңды  және  жеке тұлғалардан  осы мақсаттарға  түскен  қаржылар;
  • арендалық міндеттемелер – арендаторлардың ұзақ мерзімге  жалға алған  негізгі  қорлары бойынша  қарыздары;
  • бөлінбейтін таза табыс.

Қарызға  алынған қаржы  ресурстарына  келесілер  жатады:

  • банк несиесі;
  • басқа кәсіпорындардың қарызға берген қаржылары;
  • құрылысқа қатысудағы үлесі;
  • бюджеттік қаржыландыру.

Өнімнің  өзіндік   құнына   кіретін  шығындар  өзінің  экономикалық  мәні  бойынша  келесі  элементтерге  бөлінеді.

  • материалдық шығындар;
  • ЕА төлеуге кеткен шығындар;
  • әлеуметтік сақтандыруға кеткен шығындар;
  • негізгі қорлардың амортизациясы;
  • басқа шығындар.

Материалдық  шығындар – шикізат пен   негізгі материалдарға  кеткен шығындар,  яғни  тұқымдар,  мал азығы,  минералды  тыңайтқыштар, мұнай  өнімдері,  элекроэнергия,  отын.

Еңбек  ақы төлеуге кеткен шығындар - өндіріс орнының  негізгі  жұмыскерлерінің  ЕА  төлеуге  кеткен  шығындар.

Әлеуметтік сақтандыруға кеткен шығындар – заң бойынша  орнатылған нормада  жасалатын міндетті  төлемдер  кіреді  (әлеуметтік салықпен көрсетілуі).

Негізгі  қорлардың амортизациясы – негізгі қорларды толық қалпына   келтіруге  кеткен  кұн  кіреді.

Басқа шығындар - өзіндік құнға  кіретін  салықтар,  алымдар, несие бойынша  төлемдер,  заң жүзінде  белгіленген  мөлшердегі   жол-сапар  шығындары,  байланыс  және  банк қызметінің  төлдемдері,  жөндеу  жұмысының   барлық  түрлері  кіреді.

Коммерциялық (өндірістік емес)  шығындарға - өнімді  сатуға  байланысты шығындар жатады.

Өндірістік және өндірістік емес шығындар тауарлы  өнімнің толық  өзіндік  құнын  құрайды.

Өндіріс орнының қаржы нәтижесінің  құрылу  схемасы

Таза табыстың   өзгеруіне  келесі екі топ  факторлар   әсер етеді.

Сыртқы  факторларға  табиғи  жағдай,  көлік  жағдайы,  әлеуметтік-экономикалық  жағдай,  өндіріс  ресурстардың  бағасы.

Ішкі факторлар  негізгі  және  негізгі  емес  факторларға  бөлінеді.

Негізгі факторларға  сату  көлемі,  өнімнің  өзіндік  құны,  мен  шығындардың   құрылымы,   өнімнің  бағасы.

Негізгі   емес факторлар,    шаруашылық  тәртіпті  бұзумен  байланысты:  баға  тәртібін  бұзу,   еңбек  жағдайын  және  өнімнің  сапасына  қойылатын   шартты  жағдайларды  бұзумен   байланысты.

Салық дегеніміз – мемлекеттік  шаруашылық  субъектілер  мен азаматтардан  белгілі   көлемде  және  мезгілде  заң  бойынша   орнатылып  алынатын  тиісті  және ақысыз    төлемдері.

Салық салу дегеніміз – ақшалай табыстарды  шаруашылық  субъектілер мемлекет арасында   болу әдісі.

Ауылшаруашылық  тауар  өндірушілерге   салық салу  схемасы

Өнімді  (жұмыс, қызметті)  сатудан  түскен кіріс  ҚҚС-мен бірге. Заңды тұлғаларға салық салу қосылған құн салығы; Заңды тұлғаларға  салық салу. Заңды  тұлға ретінде статусы  бар  амортизациялық тауар  өндірушілер  келесі  салықтарды  төлейді:

  • заңды тұлғалардың табыс салығы;
  • әлеуметтік салық;
  • жер салығы;
  • көлік құралдарына салынатын салық.
  • мүлік салығы. Мысалы:   өнімді сатудан түскен кіріс ҚҚС-мен  24 000 теңге, сатып алынған тауардың  құны ҚҚС-мен  12 000 теңге  ҚҚС-ның  ставкасы - 20%.

ҚҚС есептелген    теңге.

ҚҚС сатып алынған товарлардың құнындағы     теңге.

ҚҚС бюджетке төленетін    теңге.

Қосылған  құн салығы.  Бюджетке төленетін қосылған құн салығы – сатылған тауарға  (қызмет,  жұмыс)  есептелген ҚҚС  сомасы  мен сатып алынған тауар  (жұмыс,  қызмет)   құнындағы   ҚҚС-ның   сомасы арасындағы   айырмашылық  ретінде  анықталады.

Заңды тұлғалардың табыс салығы.  Салық салу  эобъектісі  жылдық  жиынтық  табыс пен Заңда  көзделген  шегерістер  арасындағы  айырма  ретінде  есептеледі.

Әлеуметтік салық.  Салық  салу  объектісі   еңбек ақы  төлеу   қоры болып  табылады.

Жер салығы.   Жер алаңының   бірлігі үшін  жыл сайынғы  төлем  түрінде  бе,лгіленеді.   Жер салығының  мөлшері  жер  учаскесі   сапасына,  орналасқан  өңіріне  және  сумен  қамтамасыз   етілуіне  қарай анықталады  және жер   иесі  мен жерді   пайдаланушының   шаруашылық және  өзге де  қызметінің   нәтижесіне  байланысты  болмайды.  (базалық  ставкалары  1 га  есебімен,  топырақ  сапасына қарай).

Көлік құралдарына салынатын салық.  Салық салынатын объектілерге көлік  құралдарының  барлық  түрлері   жатады.

Мүлік салығы  жыл сайын  амортизацияланатын  активтердің  құнынан 1%  ставка  бойынша  жыл сайын  төмендеді  (мүлік салығы 1%).

Похожие материалы