«Қазкоммерцбанк» АҚ банктің ірі акционері Кеңес Рақышев Нұржан Субханбердин мен «Орталық Азиялық инвестициялық компаниясы» АҚ-дан (ОАИК) банктің жай акцияларын сатып алу туралы келісімге келді. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған келісімнің шеңберінде Кеңес Рақышев ОАИК-тен банктің 115 486 789 жай акциясын сатып алды, нәтижесінде Ракишев мырзаның тікелей үлесі 28.67%-дан 43.15% дейін өсті. Ал «Qazaq Financial Group» АҚ арқылы жанама түрінде ие акцияларды ескерсек, Ракишев мырзаның бақылауындағы акциялардың үлесі 71.23% құрады.
Сондай-ақ, келісімнен соң Нұржан Субханбердин мен ОАИК кредиттік ұйымның акционерлері құрамынан шығуы мүмкін. Осыған байланысты Рақышевтың Қазкомдағы үлесі 56,75%-дан 86%-ға дейін артады.
Қазақстан қор биржасындағы мәліметке сәйкес, банктегі қарапайым акциялар бойынша соңғы келісім бір құнды қағаз үшін 197,6 теңгені құрады. ОАИК-пен жасалған келісім құны 22,82 млрд теңгеге бағаданды ($67,5 млн).
Сонымен бірге, 2016 жылдың 3 тоқсанының ішінде Рақышев қажетті рұқсат алынып, мәмілеге отыру үшін басқа шарттар орындалған жағдайда Нұржан Сұбханбердин мен ОАИК-тен банктің қалған акцияларын сатып алады деп күтілуде.
Айта кетейік, ОАИК акционерлері Нұржан Субханбердин (акция үлесі - 87,21%) мен компанияның бұрынғы төрағасы Нина Жүсіпова (12,79%) болып табылады.
Похожие материалы
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024