Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Кеңес Рақышев Нұржан Субханбердиннің Қазкомдағы үлесін түгел сатып алады

Кеңес Рақышев Нұржан Субханбердиннің Қазкомдағы үлесін түгел сатып алады

«Қазкоммерцбанк» АҚ банктің ірі акционері Кеңес Рақышев Нұржан Субханбердин мен «Орталық Азиялық инвестициялық компаниясы» АҚ-дан (ОАИК) банктің жай акцияларын сатып алу туралы келісімге келді. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған келісімнің шеңберінде Кеңес Рақышев ОАИК-тен банктің 115 486 789 жай акциясын сатып алды, нәтижесінде Ракишев мырзаның тікелей үлесі 28.67%-дан 43.15% дейін өсті. Ал «Qazaq Financial Group» АҚ арқылы жанама түрінде ие акцияларды ескерсек, Ракишев мырзаның бақылауындағы акциялардың үлесі 71.23% құрады.

Сондай-ақ, келісімнен соң Нұржан Субханбердин мен ОАИК кредиттік ұйымның акционерлері құрамынан шығуы мүмкін. Осыған байланысты Рақышевтың Қазкомдағы үлесі 56,75%-дан  86%-ға дейін артады.

Қазақстан қор биржасындағы мәліметке сәйкес, банктегі қарапайым акциялар бойынша соңғы келісім бір құнды қағаз үшін 197,6 теңгені құрады. ОАИК-пен жасалған келісім құны 22,82 млрд теңгеге бағаданды ($67,5 млн).

Сонымен бірге, 2016 жылдың 3 тоқсанының ішінде Рақышев қажетті рұқсат алынып, мәмілеге отыру үшін басқа шарттар орындалған жағдайда Нұржан Сұбханбердин мен ОАИК-тен банктің қалған акцияларын сатып алады деп күтілуде.

Айта кетейік, ОАИК акционерлері Нұржан Субханбердин (акция үлесі - 87,21%) мен компанияның бұрынғы төрағасы Нина Жүсіпова (12,79%) болып табылады.

Похожие материалы