Лондон. 23 наурыз. 7kun.kz – Лондонда парламент ғимаратының алдында террорлық акт жасалды. Сол уақытта ғимаратта болған парламент мүшелері мен премьер-министр Тереза Мэй қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы BBC хабарлайды.
Лондонда парламент ғимараты жанында Вестминстер көпірінде орын алған келеңсіз оқиғаның салдарынан бейбіт тұрғындар зардап шеккен. Күдікті азамат көлігімен бірнеше адамды қағып өтеді. Кейін ол полицейлердің біріне шабуыл жасаған. Ғимарат алдында атыс басталып, күдікті оқиға орнында қаза табады.
«Қазіргі уақытта біз мұны лаңкестік әрекет деп есептейміз», - деп айтылды Скотленд-Ярдтың ресми хабарлауында.
Полицей қызметкерлері жараланғандардың суретін әлеуметтік желілерде жарияламауды сұрады. Сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтарынан парламент ғимараты орналасқан аудандарға келмеуін өтінді.
Парламент отырысы уақытша тоқтатылып, ғимарат қоршауға алынды.
Соңғы мәліметтерге сүйенсек, лаңкестік әрекеттен 5 адам қаза тауып, 40-қа жуық адам жарақат алған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024