Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк екі жылда теңге бағамын ұстап тұруға 28 млрд. доллар шығындады

Ұлттық банк екі жылда теңге бағамын ұстап тұруға 28 млрд. доллар шығындады
Ұлттық банк 2014-2015 жылдары теңге бағамын ұстап тұруға 28 млрд. доллар шығындады. Бүгін Ақордада негізгі экспорттаушы компаниялар басшыларының қатысуымен өткен кеңесте ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. «Іс жүзінде бүгінгі күні екінші деңгейлі банктер мемлекет ақшасы есебінен жұмыс істеуде. Аталған қаржыны өздерінде ұстап, соңғы уақытта экономиканы несиелемеуде. Ұлттық банк те солай жұмыс істеген. Ол Ұлттық қордан түскен қаржыны теңге бағамын ұстап тұру үшін «шығындады». Ағымдағы жылдың өзінде 10 миллиард (доллар - ред.) «жағып» жіберді. Ал осы және өткен жылы барлығы - 28 миллиард (доллар - ред.) жұмсалды. Не үшін? Өйткені теңге бағамын ұстап тұрдық», - деді Елбасы. ҚазАқпарат

Похожие материалы