Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк: Тамызда Қазақстандағы қолма-қол ақша көлемі 1,186 трлн теңгеге дейін өскен

Ұлттық банк: Тамызда Қазақстандағы қолма-қол ақша көлемі 1,186 трлн теңгеге дейін өскен
2015 жылдың тамыз айында Қазақстанда айналымдағы қолма-қол ақша көлемі 4,5 пайызға өскен. Бұл жөнінде ҚР Ұлттық банкінің сайтында жарияланды.  Қолма-қол ақша мен өтімді теңге депозиттерді қамтитын М1 қаржылық агрегаты тамыз айында 3,4 пайызға төмендеп (жыл басынан бері +12,1 пайыз), 3,34 трлн теңгені құрады. Барлық теңгелік және өтімді валюталық депозиттерді, қолма-қол ақшаны құрайтын М2 индикаторы 8,235 трлн теңгеге, 0,7 пайызға өскен. Ел экономикасындағы барлық қаражат 11,2 пайызға, 14,392 трлн теңгеге көбейген. Ұлттық банктің қаржылық базасы тамызда 11,3 пайызға, 4,307 трлн теңгеге өсіп отыр. ҚР Ұлттық банкі есеп-шоттарындағы екінші деңгейлі банктер мен өзге де ұйымдар депозиттерінің көлемі тамыз айында 2,874 трлн теңгеге көбейіп, 14,3 пайызға өскен.

Похожие материалы