Алматы. 26 ақпан. 7kun.kz – Бүгін ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әсет Исекешев Қазақстан Республикасы ҰБ төрағасы Ерболат Досаевты Ұлттық Банктің ұжымына таныстырды.
Әсет Исекешев Ұлттық Банктің алдында тұрған барлық міндеттердің бұрынғыдай қалатынын атап өтті.
"Бірінші кезекте, бұл ақша-кредит саясатын жетілдіру, банктік, қаржылық және нақты секторларды қалыпқа келтіру, баға тұрақтылығы мен экономикалық өсу арасындағы теңгерімді табу", – деді Президент әкімшілігінің басшысы.
Өз кезегінде, Ерболат Досаев Мемлекет басшысына көрсетілген сенімі үшін алғыс айтты және елдің экономикалық өсуін қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банктің және Үкіметтің бірлескен жұмысы күшейтілетінін атап өтті.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024