Экономика
Авто
Ұлыбританиядан Қазақстанға жинақталған инвестиция көлемі 12 млрд долларға жетті
Алматы. 10 қараша. 7kun.kz - 9 қараша күні Лондон Ситиде өткен Британ-қазақстандық инвестиция форумның шеңберінде Ұлыбританияның мемлекеттік және іскерлік ортасының өкілдері үшін «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) инвестициялық мүмкіндіктерінің таныстырылымы болды хабарлайды ИЖД министрлігінің баспасөз қызметі.
Шараға Лондон Ситидің Лорд Мэрі Эндрю Пармли, Ұлыбританияның Премьер-министрінің Қазақстан бойынша сауда елшісі Баронесса Николсон, Ұлыбританиядағы Қазақстан Республикасының Елшісі Ерлан Ыдрысов, Патша Елшісі Кэролин Браун, АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов және «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» басқарма төрағасының орынбасары Біржан Канешевтер қатысты.
Ерлан Ыдыров екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықды одан әрі дамыту керек екенін атап өтті.
"Ұлыбритания Қазақстанға салған инвестицияларының сомасы бойынша үшінші орында тұр. Қазақстан мен Ұлыбритания арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту жақсы перспективаларға ие. Өңірде ағылшын құқығымен қаржы орталығының пайда болуы да маңызды рөл атқаруы мүмкін. Берік сенімді қатынастарды негізге ала отырып, біздің елдер басым жобаларды дамытады. Оның ішінде «Астана» Халықаралық қаржы орталығының, ұлттық компаниялардың жекешелендіру бағдарламасы, «Белбеу және жол» өзара іс-қимыл шеңберіндегі қытай бастамалары", - деді Е. Ыдырысов.
АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов өз сөзінде атап өткендей, қаржы орталығының алаңында инвесторлар үшін бірқатар артықшылықтар қарастырылған, олар инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар тудыруға және Қазақстанға қаржы тартуға ықпал етулері тиіс.
«АХҚО-да Батыс және Шығыс елдерінің арасында сауда-қаржы ағындарын қамтамасыз ететін Еуразия қақпасы болудың барлық мүмкіндіктері бар», - деп атап өтті
Қайрат Келімбетов.
«Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Біржан Канешев потенциалды инвесторлармен жұмыс жасауда компанияның салалар мен өңірлер бойынша нысаналанған жаңа келістерін ұсынды. «Ұлыбританиядан Қазақстанға жинақталған тікелей инвестициялардың көлемі 12 млрд. АҚШ долларынан асады. Осы жылы қабылданған ҚР Ұлттық инвестициялық стратегиясына сәйкес, Ұлыбритания инвестицияларды тарту көз қарасы тұрғысынан басым елдерге жатады, бұл мемлекеттеріміздің арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Б. Канешев.
«Лондон-Астана көпірі: қаржы орталықтарының арасында байланыстарды нығайту» сессиясында Ұлыбританияның экс-жоғарғы сот төрешісі Лорд Гарри Кеннет Вульф және АХҚО өкілдері сөз сөйледі, олар Сот, Арбитраж орталығы, биржа, АХҚО реттеуіші сияқты қаржы орталығының органдары жайлы толық түсіндірді.
Лондонның Сити қаржы орталығы исламдық қаржыландыру, қаржы технологиялары, «жасыл» қаржы және жалпы құқық сияқты көптеген салаларда ауқымды білімге және тәжірибеге ие екендігін атап өткен жөн.