Алматы. 15 қыркүйек. 7kun.kz – Мұнай өндіру Қашағандағы өндірудің арттырылуының есебінен 84,5 млн тоннаға дейін ұлғаяды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Т.Сүлейменов Халықаралық валюта қоры миссиясының өкілдерімен кездесуінде мәлімдеді деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
Министр мұнайдан басқа экономиканы дамытатын негізгі факторлар дәстүрлі жүйеқұрушы салалар болатындығын айтты.
«2017 жылы экономикалық өсім 3,4 пайыз деңгейінде бағаланады. Индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы (ИИДМБ) жобаларының жүргізілуінің және «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастырудың есебінен өңдеу өсімі динамикасы 5,0 пайызға дейін ұлғаяды. Сонымен бірге, «Нұрлы жер» жаңа бағдарламасын жүзеге асырудың басталуы себепті құрылыс көлемі 3,0 пайызға дейін ұлғайтылады», - дейді Тимур Сүлейменов.
Айгүл Хожантаева
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024