Мемлекет шығыстарының теориялық жағын қарастырып қоймай, практикалық жақтарын қамтиды. Мемлекеттік шығысқа байланысты сауалдардың бәрі, олардың маңыздылығы мен қаншалықты атқарылғандығына байланысты қаралады, себебі әрбір бөлініс үдеріс кезеңінде бұлардың экономикалық қарым-қатынастардағы орны өзгеріп отырған. Нарық жағдайында ақша, несие және қаржы шаруашылығында көптеген құрлымдық өзгерістер болып жатыр. Осының бәрі өндіріс құрал-жабдықтарына әртүрлі меншіктің пайда болуы негізінде іске асырылып жатыр. Осының нәтижесінде мемлекеттік шығындардың өзара салмағы басқаша қалыптасты, әлеуметтік сфералардың жұмыс әрекеттері де өзгерді. Бұрын шаруашылық жүйесінде әр мемлекет әлсіз әлеуметтік сфераларды мүмкіндігінше қаржыландыруды қарастырған, ал қазір сол жүйелердің тиімсіз тармақтарына қаржыны азайтып, тиімді жақтарын қаржыландыру үстінде.
Қазір Қазақстан Республикасы дамыған 50-елдің қатарынан орын алу үшін әр түрлі жүйелерді орындауға тырысуда. Мемлекет шығыстарын ұйымдастырып, орындалуында да біршама нәтижелерге жетті. Соның өзінде әртүрлі қаржыландыру үстіндегі сфералар ішінде жемқорлық жалғасуда. Бұл үшін күреске мемлекет әр түрлі іс-шаралар жүргізуде. Мемлекет өз экономикасын көтеру үшін әр түрлі ресурс (табиғи, ақшалай т.б.) көздерін тиімді пайдалану жақтарын дамытып және олардың бөліну,атқарылу процесінде қатты қадағалаушылық орнатуы қажет.
Осыған орай бұл курстық жұмыста мемлекет шығындарының өзгеруі, қысқартылуы туралы, ҚР Мемлекеттік бюджеттің атқарылу қызметтері мен оларды дамыту жолдары жазылған.
Курстық жұмыс 3-негізгі бөлімнен және бірнеше бөлімшелерден тұрады.
Бірінші бөлімінде мемлекеттік шығыстың мәні, қалыптасуы және де жалпы сыныпталуы туралы қарастырылған.
Екінші бөлімінде мемлекет шығыстарының құрамы, түрлері және бюджеттік шығыстардың қалыптасу негіздері алынады.
Үшінші бөлімінде экономикалық жіктеу ерекшеліктері бойынша мемлекеттік шығындар есебін қалыптастыру тәртібі жазылған.
- Мемлекет шығыстарының жалпы түсінігі
1.1 Мемлекет шығыстарының мәні
Мемлекеттік шығынның маңызы мен сипаты мемлекеттік мақсатпен тығыз байланыста. Кейбір тарихи кезеңдерде капиталдың дамуы, мемлекеттің рөлі, оның бағдарламасы өзгеріп, тиісті эволюциялық шығындарға тап болады.
Мемлекет жаулап алу және әскери қорғануда, оған дайындалғанда белгілі бір экономикалық және әлеуметтік багыттарды атқара отырып, капиталистік қанауға жағдай жасап, оны қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде қоғамдық өмірдің барлық салаларында мемлекеттің рөлі өсіп, оның ықпалы артып отыр.
Мемлекеттік-монополистік капиталдың өсуі жаңа тарихи жағдайда мемлекет алдында жаңа мақсаттар қойып отыр. Мемлекет ірі жекеменшік иелікке, инвесторға, өндіріске араласуына, тұтыну мен табысты бөлуге айналады. Кең көлемде қоғамдық мемлекеттің рөлі артып, қаржы олигархтардың мүддесін экономикаға араласуымен қорғап нығайтып келеді.
Соңғы кездерде мемлекеттің әскери бағыттары белгілі бір эволюцияға ұшырап, қарусыздандыру процестері бағынышты рөл атқарып отыр.
Мемлекеттің шығыстары — бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақша шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды біддіреді.
Мемлекеттің шығыстары — мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Мемлекет шығыстарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығыстарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқару, қорғаныс және т.б. функцияларымен тікелей байланысты.
"Шығыстар" ұғымының қос мағынасы бар:
- Ақша қаражаттарын олардың мақсатты арналымы бойынша пайдалану, яғни ақша қаражаттарын айырбас процесінде тікелей рәсуалау. Бұл жағдайда шығыстардың құрамына түпкілікті табыстардың есебінен жүзеге асырылатын өндірістік және өндірістік емес сфера кәсіпорындары мен ұйымдарының, халықтың шығыстары кіреді, ал жалпы қоғамдық өнім үш қорға: орын толтыру қорына, қорлану қорына, тұтыну қорына ыдырайды.
- Айырбас процесінде қаражаттарды нақтылы жұмсаудан бөлгіштік сипаттағы шығыстарды ажырата білген жөн, бүл шығыстар қаржы арқылы қалыптасады: жалпымемлекеттік қорларды пайдаланған және кәсіпорындардың қорларын мақсатты арналым бойынша бөлген кезде; ақша шығыстары барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің түпкілікті табыстарын қалыптастырудың негізі болып табылады.
Бұл екі аспект "шығыстар" ұғымының оның "шығындар" ұғымына түрленген кездегі қарама-қайшылық пен күрделілікті қамтып көрсетеді: егер "шығыстар" түпкілікті рәсуаны, тұтынуды ("табыстарға" қарама-қарсы) қажет ететін болса, "шығындар" "есепке жатқызылатын" алдымен, келешектегі табысты немесе пайданы күтудегі шығындарды білдіреді.
Шаруашылық жүргізудің әр түрлі жүйесінде (нарықтық және әкімшіл-әміршіл) және тіпті экономика дамуының түрлі кезеңдерінде мемлекеттің рөлі, оның функциялары мен қызмет саласы өзгеріп отыратындықтан, бұған сәйкес мемлекеттің жасайтын шығыстарының құрамы мен көлемі тиісінше өзгеріп отырады.
1.2 Мемлекет шығыстарын ұйымдастырылуы және сынып- талуы
Мемлекеттің шығыстарын ұйымдастыруға оларды болжау, сондай-ақ оларды қаржыландыру мен қаражатгарды пайдаланудың қатаң тәртібін белгілеу арқылы қол жетеді. Сондықтан мемлекетгің шығыстарын ұйымдастыру қағидаттарының бірі жоспарлылық болып табылады. Ұлттық шаруашылықты баланстандырылмалы дамыту және халықтың әлеуметтік тұрмыс деңгейін арттыру мақсатында мемлекет жалпы қоғамдық өнім мен ұлтгық табысты өндірістік және өндірістік емес сфералар, салалар, экономикалық аудандар арасында бөлуге және қайта бөлуге қатысады. Мемлекеттің шығыстарын жоспарлаудың басты әдісі баланстық әдіс болып табылады.
Мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың мақсатты сипаты мемлекеттің қаражаттарын қатаң белгілі бір шараларға пайдалануды талап етеді. Мұның негізінде ұлттық шаруашылықтың және аймақтың жекелеген салаларын дамытуда үйлесімділіктерге жету, қаржылардың ең алдымен ғылыми-техникалық прогресті айқындайтын неғұрлым перспективті және прогрессивті салаларға бөлу және аса маңызды әлеуметтік проблемаларды шешу қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың қайтарусыз сипаты берілген ресурстарды (кредит механизмінен айырмашылығы) тікелей өтеуді талап етпейді. Бұл қағидат бойынша қаржы ресурстарын беру соңғы уақытта мемлекеттік бюджеттен қаржыландырудың кредиттік әдістерімен қатар қолданылады (мысалы, Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың мемлекеттік қоры); бұл пайдаланылатын қаржы ресурстарының тиімділігін арттырады.
Даму жоспарларының (болжамдарының) орындалуына қарай қаржыландыру қаржы ресурстарын тек өндірістік көрсеткіштер орындалғанда және шараларды экономикалық-әлеуметтік дамудың болжамдарына сәйкес жүзеге асырған кезде бөлуді қажет етеді.
Ресурстарды пайдалануда үнем режімін сақтау — мемлекеттің шығыстарын ұйымдастырудың маңызды қағидаты, ол ішкі резервтерді жұмылдыруға, өндірістік және өндірістік емес сфералардың барлық бөлімдерінде мемлекет қаражаттарына бақылауды күшейтуге, оларды ұтымды әрі құнтты пайдалануға бғытталған.
Мемлекеттің шығыстарын ұйымдастырудың қажетті қағидаты оларды жабудың бюджет, кредит және меншікті көздерінің оңтайлы үйлесуі болып табылады.
Мемлекет шығыстарының жеке түрлері экономикалық маңызы мен мазмұны жағынан бірыңғай (бір тексті) емес. Шығындарды қаржыландырудың көздеріндегі, нысандарындағы және әдістеріндегі айырмашылықтар осыған байланысты болады.
Мемлекеттің шығыстарын шектеудің (айырудың) аса маңызды критерийі материалдық өндіріс пен ұлттық табысты жасаудың процесінде олардың қатысы болып табылады. Осыған сәйкес мемлекеттің шығыстары экономикалық мазмұны бойынша үш негізгі топқа бөлінеді:
1) материалдық өндіріспен тікелей байланысты және өндірістік сфераға жататын шығыстар;
2) қызметтің өндірістік емес сферасындағы шығыстар;
3) мемлекеттік резервтерді жасау шығыстары; Шығыстардың бірінші тобы мемлекеттің шаруашылық қызметімен шарттасылған және ұлттық табысты жасаумен байланысты.
Мемлекет шығыстарының екінші тобы қоғамдық қажеттілікгерді қанағаттандыру үшін ұлттық табысты тұтынумен байланысты. Өндірістік емес сфераға жұмсалынатын қаражаттар ең алдымен оқу-ағарту мен денсаулық сақтау мекемелерін ұстауға, ғылым және мәдениетті дамытуға, түрғын үй және мәдени-тұрмыстық құрылысқа, қызметкерлерді әлеуметтік сақтандыруға, сонымен бірге қоғамның барлық мүшелерін әлеуметтік қаржыландыруға бағытталады. Мемлекет сондай-ақ қаражаттарды қорғанысқа, мемлекеттік аппаратты ұстауға және мемлекеттік органдардың қызметімен байланысты басқа шараларға жұмсайды.
Өндірістік емес сфераның қажеттеріне жұмсалатын шығыстар тұтыну қорына түсетін ұлттық табыстың бөлігі болып табылады. Алайда өндірістік емес сферадағы шығындардың өсуі ақырында қоғамдық өндірістің өсу және оның тиімділігін арттыру қарқынында білініп, көрінеді. Бұған білікті кадрларды даярлау, ғылым жетістіктерін өндіріске енгізу, материалдық өндіріс сферасының қызметкерлеріне медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету есебінен қол жетеді.
Мемлекеттің шығыстарын қорлану қоры мен тұтыну қоры арасында оңтайлы бөлу мемлекеттің экономикалық саясатының аса маңызды міндеті болып табылады. Қорлану қоры мен түтыну қорының арасалмағы өзгерді: соңғы жылдары тұтыну қорының өсу қарқыны қорлану қорының өсу қарқынынан асып түсті. Тұтыну мен қорлануға пайдаланылатын ұлттық табыстағы тұтыну қорының үлес салмағы Қазақстанда 86 пайызға жуығын құрайды.
Үшінші топтың мемлекет шығыстары — мемлекеттік резервтерді жасау мен толықтыруға жұмсалатын шығындар төтенше жағдайлар кезінде, мысалы, дүлей апаттар кезінде, өндірістік, сондай-ақ өндірістік емес сфералардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға, ысыптарын өтеуге және кәсіпорындарды, мекемелерді, ұйымдарды және халықты тауарлармен, азық-түлікпен жабдықтауды қамтамасыз етуге арналған. Мұндай резервтерді орталықтандырылмаған тәртіппен (жеке әрбір кәсіпорын мен ұйымда) жасау ұтымды болмас еді. Оларды жасаудың орталықтандырылған тәртібі олардың қажетті мөлшерін салыстырылмалы төмендетуге және бұл резервтерді неғұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Предметтік (мақсатты) белгісі бойынша мемлекеттің шығыстары экономикаға, әлеуметтік-мәдени шараларға, гылымға, қарғаныс пен басқаруға жұмсалатын шығыстарға бөлінеді.
Аумақтық белгісі бойынша мемлекеттің шығыстары экономикалық аймақтар бойынша бөлінеді. Мұндай сыныптау өндіргіш күштерді орналастыруға және ұлттық шаруашылықтағы үйлесімдіктерді жетілдіруге белсенді ықпал жасауға мүмкіндік береді.
Салалық белгісі бойынша материалдық өндіріс сферасында мейлекеттің шығыстары өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шарушалығына, көлік пен байланысқа, саудаға, жабдықтау мен дайындауға жұмсалатын шығындарға бөлінеді; өндірістік емес сферада білім беру, ғылым, денсаулық сақтау мен дене шынықтыру, әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыру, қорғаныс, басқару шығындары болып бөлінеді.
Мемлекеттің шығыстары қаражаттарды ең жоғары тиімділікпен пайдаланған жағдайда мемлекеттік қажеттіліктерді неғұрлым толық қамтамасыз етуі тиіс. Осыған байланысты шаруашылық жүргізудің ерекшеліктерімен анықталатын мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың екі әдісі болады:
- Шаруашылық есептегі кәсіпорындар мен ұйымдарды қаржыландыру меншікті ресурстар, банк кредиттері есебінен және жетіспеген бөлігі бюджет қаражаттары есебінен жасалынады;
- Сметалық-бюджеттік қаржыландыру. Сметалық тәртіппен ерекше құжаттардың — сметалардың негізінде әлеуметтік-мәдени шаралар, мемлекеттік билік пен басқару органдарын ұстау, қорғаныс шығындары қаржыландырылады. Сметалық тәртіппен қаржыланатын мекемелер мен ұйымдар бюджеттік деп аталады.
Ерекше жағдайларда әдіс ретінде айналысқа қолма-қол ақша шығару және кредиттік эмиссия есебінен (қолма-қол- ақшасыз) эмиссиялық қаржыландыру қолданылады.
Бағдарламалар мен шараларға, халықты әлеуметтік қорғау-ды қамтамасыз етуге және басқа мақсаттарға берілетін нысаналы мемлекеттік қаржылық көмектің нысаны - бюджеттік қаржыландырудың мынадай нысандары қолданылады: демеуқаржы, субвенциялар, субсидиялар.
Демеуқаржылар кезінде ақша қаражаттары қайтарусыз тәртіппен бюджет пен бюджет қорларынан кәсіпорындар мен ұйымдардың зияндарын жабу үшін, сондай-ақ төменгі бюджеттерді баланстау үшін бөлінеді. Бұл нысан ауыл шаруашылығы өнімінің бағаларындағы айырманы өтеу, жеке өнімдер мен тауарлардың әлеуметтік-қолайлы бағаларын қолдау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың зияндарын жабу, театр, ойын-сауық және басқадай ұйымдардың шығындарын ішінара өтеу түрінде тараған болатын.
Субвенциялар — халықты әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету жөңіндегі бағдарламалар мен шараларға және басқа мақсаттарға нысаналы мемлекеттің қаржы көмегінің нысаны; мақсатты пайдалану бұзылған жағдайда қаражаттар қайтарылуға жатады.
Субсидиялар — үлестік негізде белгілі бір шараларды қаржылаңдыруға бюджет, бюджеттен тыс және арнаулы қорлардың қаражаттары есебінен ақша жөне заттай нысандағы жәрдемақылар.
Аталған нысандар (оларды қалыпты жүзеге асырған жағдайларда) трансферттік қаржыландырудың түрін қабылдайды. Трансферттер деп кең мағынада бюджеттен және бюджеттен тыс қорларды белгілі бір қажеттіліктерді қаржыландыру үшін қаражаттарды қайта бөлу кезінде оларды өтеусіз жөне қайтарусыз беруді айтады, Әдеттегідей, бұл әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру бойынша төлеулер, жұмыссыздық бойынша, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және т.б. жүйесін ұстауға берілетін жәрдемақылар.
- Мемлекет шығыстарының құрамы
2.1 Мемлекет шығыстарының құрамы, түрлері
Мемлекеттік бюджеттегі бекітілген шығындар заңды түрде қарастырылады.
Жергілікті қаржыда шығынның негізгі бөлігі әлеуметтік шараларға бағытталынған. Оның ішіне муниципалдық құрылыстарды қаржыландыру, қоғамдық автокөліктерді, білімді, денсаулық мекемелеріне, тұрмысқа қажет мекемелерін қаржыландыру кіреді.
Шығынның бір бөлігі экономикалық процесс кезінде шаруашылықты дамытуға, капитализмге тән қарама-қайшылықтарға жұмсалады.
Жергілікті қаржыны жалпы мемлекеттік мақсаттарды шешуге тарту, олардың қаржы олигархтарына бағыныштылығы, жергілікті бюджеттің шығындарын көбейтуге және оның рөлін арттыруға әкеп соқтырады.
Мемлекеттік кәсіпорынның қаржысына жататын шығын екі шығынның түрін қамтиды, күнделікті сол кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуіне байланысты және сол кәсіпорынның дамуына негізгі капиталдың ұлғаюына кететін инвестиция.
Мемлекеттік кәсіпорынның басты бөлігін жоғарғы капиталдық шығыны бар кәсіпорын құрайды. Мысалы: отын-энергетика, металлургия, байланыс.
Күнделікті шығындарда негізгі орын алатын - ол еңбекақы. Содан кейін өнім өндіруге кететін шығындардың түрлері және көрсетілген қызмет. Инвестиция ішінде көп кететін шығындар жататыны құрал-жабдықтарға және құрылыс жөндеу жұмыстарына кететін шығындар.
Мемлекеттік кәсіпорынның шығындары қоғамдық капиталды дамытуға монополияның қосымша пайда алынуы ынталандыру үшін бағытталған. Үкіметтің арнаулы қорлары осы шығындарға да жұмсалады.
Бұған жататындар әлеуметтік қамсыздандыру шығыны, несиелік-заем айналымдарын қамтамасыз ету шығыны, әр түрлі экономикалық шараларға кететін шығын. Сонымен қатар мемлекет бұл қорды уақытша қаржы ресурстарға жетпегенде жабу үшін пайдаланады.
Мемлекет шығыстарының құрамына мемлекеттік бюджеттің, мемлекеттік бюжеттен тыс қорлардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың, өндірістік және өндірістік емес сфералар мекемелерінің шығыстары кіреді.
Мемлекеттік сектордың кәсіпорындары шығыстарының құрамына мыналар кіреді:
1) өндірістік, шаруашылық-пайдалану қызметімен байланысты шығындар;
2) ұлғаймалы ұдайы өндіріске (негізгі құрал-жабдықтарға және айналым капиталдарына) жұмсалатын шығындар;
3) бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төленетін төлемдер;
4) көтермелеу және ынталандыру қорларына аударылатын аударымдар.
Шығындардың бірінші тобы қорлардың (капиталдардың) толық айналымымен байланысты және өндіріс шығындарының орнын толтыру (өтеу) болып табылады және шартты түрде шығыстарға жатады.
Өтебаев Б.С. /Мемлекеттік бюджет /Оқулық :Алматы «Экономика» 2006ж.
("шығындар" терминінің мағынасы).
Сондықтан кәсіпорындар бойынша мемлекеттің шығыстары шығыстардың екінші жөне үшінші топтарын қамтиды.
Басқа категориялардың арасында мемлекет шығыстарының жайы мемлекеттік меншіктің маңызымен және мемлекеттің қазіргі жағдайындағы рөлімен анықталады. Мемлекет өндіріс құралдарының иесі болып табылады, өндірістік процестердің ұйымдастырушысы болады, жалпы қоғамдық өнімді жасауға және бөлуге қатысады және өзінің функциялары мен міндеттеріне сәйкес мемлекет шығыстарының жүйесі арқылы қоғамдық қажеттіліктердің едәуір бөлігін қанағаттандырады. Реформалау кезеңінде республика экономикасында мемлекеттік сектордың үлесі шүғыл төмендегенімен, бірақ тіпті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бағдарламасының орындалып отырғанымен, бұл үлес 30-40% шегінде қалады, мұның өзі дамыған нарықтық қатынастарға сай келеді. Сондықтан "мемлекеттің шығыстары" категориясы тұрақты экономикалық қатынастарды қамтып көрсетеді және келешекте өзінің маңызын сақтайды.
- Мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ету шығ-ры; - тұрақты сипаты жоқ іс шараларды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты шығындар; - мемлекеттік тапсырысқа арналған шығыстар; - жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер; - заңи тұлғаларға субсидиялар; - ресми трансферттер; |
Мемлекет шығыстарының басым бөлігі қоғамдық тауарларды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді өндіруге немесе олармен халықты қамтамасыз етуге бағытталады, бұл мемлекет шығыстарының рөлін айқындайды. Әлеуметтік-мәдени мақсаттарға, қорғанысқа, құқық тәртібін қорғауға, басқаруға, мемлекеттің инфрақұрылымдық кәсіпорындары мен ұйымдарының өнімі мен қызмет көрсетулеріне жұмсалатын шығыстар мемлекет, сонымен бірге экономиканың нарықтық секторы тарапынан рыноктық тауарлармен және қызметтер көрсетумен қамтамасыз етуге қосымша ретінде халықтың жалпы қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс.
Бағыттары мен мақсатты арналымы бойынша шығыстардың барлық түрлерінің жиынтыгы мемлекет шыгыстарының жүйесін құрайды. Мемлекет шығыстарының басым бөлігі мемлекеттің бюджетіне орталықтандырылған немесе мемлекеттік көсіпорындардың қарамағында болатын қоғамның таза табысы есебінен жүргізіледі.
Құлпыбаев С., Қ .Қ. Ілиясов / Қаржы/ Оқулық / Алматы 2005 ж. 261-290 б
Олар сондай-ақ өнімнің өзіндік құнына кіріктірілетін амортизация сомасымен өтелуі мүмкін, бұл сома мемлекеттік шаруашылықтың өндірістік капиталдарын көбейту үшін қарастырылған күрделі жұмсалымдарға бағытталады. Мемлекет шығыстарының бір бөлігі салық төлемдері, қарыздардан түсетін түсімдер түріндегі халықтың қаражаттары есебінен жабылады. Мемлекет шығыстарын қаржыландыру үшін негізгі өндірістіқ капиталдарды көбейту және жетілдіру мақсатында және кейін кәсіпорындардың табыстарынан өтелетін банктердің ұзақ мерзімді кредиттері тартылады.
Бюджет кодексіне сәйкес бюджет құрылымы: |
1. кірістер -салықтық түсімдер -салық-қ емес түсімдер -негізгі капит-ы сатудан түскен т-р -Ресми трансферттер түсімдері | 2. Шығындар; 3. операциялық сальдо 4. таза бюджеттік кредит беру: - бюджеттік кредиттер - бюджеттік кредиттерді өтеу 5. қаржы активтерімен жасалатын опер-р бойынша сальдо: | |
- мемлекет-ң қаржы активтерін сатудан түскен түсімдер | - қаржы актив-н сатып алу; | |
6. бюджет тап-н қаржыландыру: - қарыздар түсімі - қарызды өтеу - бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы | 7. бюджет тапшылығы |
Экономиканы дамытуға жұмсалатын шығыстар — бұл өндіріс көлемінің тұрақты өсуі және оның тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасауға бағытталатын ақша қаражаттары. Оған мыналар жатады: күрделі жұмсалымдар, негізгі капиталдарды жөндеу; айналым қаражаттарының өсімі; материалдық резервтер жасау; арнаулы қорлар мен мақсатты қаржыландыру қорларын жасау.
Экономикаға жұмсалатын шығыстарда басты орынды ұлттық шаруашылықтың барлық салаларының негізгі капиталдарын ұдайы жаңғыртуға бағытталатын күрделі жұмсалымдар — материал, еңбек және ақша ресурстарының жиынтығы алады. Күрделі жұмсалымдардың құрамына:
1) құрылыс-монтаж жұмыстарының шығындары;
2) жабдық, сайман, аспап сатып алу шығындары;
3) өзге күрделі жұмыстар мен шығындар (жобалау-іздестіру, геологиялық-барлау және бұрғылау жұмыстары, жер учаскелерін кесіп беру және қоныс аудару бойынша және т.б);
4) жаңа салынып жатқан кәсіпорындар үшін кадрларды даярлауға жұмсалатын шығындар кіреді.
Күрделі жұмсалымдар мыналардың есебінен қаржыландырылады:
1) шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаттары;
2) банктердің ұзақ мерзімді кредиттері;
3) халықтың жинақ ақшасы (тұрғын үй құрылысына);
4) бюджеттен Қаржы бөлу.
Кәсіпорындардың меншікті қаражаттарының үлесі өсіп келеді, бұл шаруашылық есеп қаражаттары техникамен қайта жа рақтандыру және қайта құруға арналған және кәсіпорын ұлғаймалы жаңғырту үшін толық жауап береді. Инвестициялық саясатты қайта құрудың басты мағынасы осында. Ал бюджет қаражаттары негізінен басым мемлекеттік маңызы бар ірі өндірістік құрылысты, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің құрылысын қаржыландыру үшін пайдаланылады.
Жөндеуге жұмсалатын шығыстар табиғи тозған және сапалық ескірген (негізгі капиталдарды ішінара қалпына келтіру және олардың жұмыс қабілеттілігі жағдайында болуын қолдап отыру үшін) негізгі капиталдарды жөндеудің арнаулы қоры есебінен жүргізіледі, бұл қор шығындарды кәсіпорындар мен ұйымдар өнімінің (жұмыстарының, қызметтер көрсетуінің) өзіндік құнына нормативтер бойынша қоса отырып жасалынады.
Айналым қаражаттарының өсімі кәсіпорындардың меншікті немесе оған теңестірілген қаражаттары есебінен қаржыландырылады. Олар жетіспеген кезде негізінде жаңа кесіпорындар үшін бюджет қаражаттары бөлінеді немесе кейін өтелетін кредит беріледі. Бұдан басқа, меншікті айналым қаражаттарының жетімсіздігін жабуға мақсатты қаржыландырудың қаражаттары бағытталады.
Резервтер жасауга жұмсалатын шығындар қаражаттардың үздіксіз ауыспалы айналымын және ұлғаймалы ұдайы өндірістің бүкіл процесін, шаруашылықтың үйлесімдерін сақтаудың, дүлей апаттардан болған ысыраптарды өтеуді қамтамасыз етудің қажетті шарты болып табылады. Қаржы резервтері ақша ресурстарын оңтайландыруға, көсіпорынның шаруашылық қызметі процесінде пайда болатын уақытша қаржы қиындығын жоюға мүмкіндік береді. Резервтік капитал шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде жасалады.
Мемлекеттік резервтер — мемлекет жасайтын шикізаттың, материалдардың, отынның, машиналар мен жабдықтың бірқатар түрлерін, астықтың, азық-түлік тауарларының, қорғаныс мұқтаждары үшін арналған өнімнің маңызды түрлерінің босалқы қорлары. Мемлекеттік резервтер үнемі қалпына келтіріліп, молықтырылып отыратын мемлекеттің айрықша орталықтандырылған қорын құрайды. Мемлекеттік резервтер мемлекеттік бюджет қаражаттары есебінен жасалынады.
Әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар
Мемлекет шығыстарының маңызды бағыты әлеуметтік-мәдени шараларға — оқу-ағартуға, ақпарттық қызметтер көрсетуге (баспасөз, радио хабарын тарату. және теледидар), мәдениетке, өнерге, денсаулық сақтауға, дене шынықтыру мен спортқа, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыруға жұмсалатын шығындарды қаржыландыру болып табылады.
Бұл шығыстар ірілендірілген түрде мынадай түрлерге бөлінеді:
1) білім беру және кадрларды кәсіпке даярлау;
2) мәдениет, өнер, спорт және бұқаралық ақпарат құралдары;
3) денсаулық сақтау;
4) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік көмек. Нарықтық қатынастар жағдайында тұтынудың бұрын қалыптасқан қоғамдық қорлардан әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстарды қаржыландырудан бас тарту болды. Нарық жағдайында еңбек салымына, харакеттің әр түріндегі адамның мүмкіндіктеріне қарай тұтыну мөлшерінің тура теуелділігі қалыптасады. Сондықтан қазіргі жағдайда жеке-дара табыстар адамдардың кәсіпкерлік және басқа қабілеттіктеріне қарай қалыптасады, сонымен бірге орталықтандырылмаған қорлар көбейеді, өйткені шаруашылық орган-дарының қарамағында олардың жұмысының нәтижелеріне қарай табыстың (пайданың) бір бөлігі қалады.
Соңғы уақытта елімізде әлеуметтік-мөдени шараларды қаржыландырудың жаңа қағидаттары енгізілді: әлеуметтік сфераның мекемелері ішінара қаржыландырудың шаруашылық есеп негіздеріне, сақтандырудың қағидаттарына көшуде. Білім беру сферасында — бұл кепілдендірілген бюджеттік нормаларға қосымша білім және кәсіби машық үшін ақылы оқуды қолдану, денсаулық сақтауда — ақылы медициналық қызмет көрсетуді дамыту.
Білім беруге жұмсалатын шығыстар мектепке дейінгі ұйымдарға, жалпы білім беретін мектептерге, мектептен тыс ұйымдарға, интернаттық ұйымдарға, даму мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға, тәрбиеленушілерге арналған арнаулы (түзету) білім беру ұйымдарына, бастауыш кәсіптік білім беру оқу орындарына, орта кәсіптік білім беру оқу орындарына, жоғары кәсіптік білім беру орындарына, кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау оқу орындарына бөлінеді. Аталған барлық шығыстар мемлекет кепілдендіретін деңгей бөлігінде бюджет ресурстары есебінен жабылады. Білім беру мекемелерін қаржыландыру бұл мекемелердің түрлері мен тұрпаты бойынша әр оқушыға анықталатын мемлекеттік нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады.
Қызметкерлер мен өндірістегі басқа кадрларды даярлау жөне олардың біліктілігін арттыруға жұмсалатын шығыстар өнімінің (жұмыстардың, қызметтер көрсетудің) өзіндік құнына кіріктіріледі.
Білім беру мекемелері бюджеттен тыс қаражаттарды және ресурстарды, соның ішінде валюталық ресурстарды, ақылы оқыту қызметтерін көрсету есебінен тартады; қаражаттардың бір бөлігін кәсіпорындар мен үйымдар — демеушілер береді.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңына сәйкес гранттар және кредиттер негізінде жоғары білім беруді қаржыландырудың жаңа механизмі қолданылады: бірінші жағдайда қаражаттар қажетті профилдің мамандарын даярлау үшін мемлекеттік бюджет есебінен өтеусіз бөлінеді, екіншісінде оқитындарға келісімшарт негізінде коммерциялық банк құрылымдары тара-пынан ұзақ мерзімді кредит беріледі (банк мекемесі — студент — жоғары оқуы орындары — Білім және ғылым министрлігі)
Мәдениет пен өнерді қаржыландыру кітапханаларды, клубтарды, мәдениет үйлерін, мұражайлар мен көрмелерді, театрларды, филармонияларды, сазгерлік ұйымдарды, ансамблдерді, киностудияларды ұстауды қамтиды; олар бюджеттен, сондай-ақ кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың қаражаттары есебінен қаржыландырылады. Мәдениет пен шығармашылықтың бірқатар мекемелері (театрлар, цирктер) шаруашылық есепте тұрады және олар бойынша меншікті табыстарымен жабылмайтын шығыстардың мөлшерінде бюджеттен демеу қаржының сомасы белгіленеді.
Бұқаралық ақпарат құралдарын ұстауга жұмсалатын шығыстар мемлекет құрылтайшысы болып келетін мемлекеттік радио хабарын таратуды, теледидарды, баспаларды, газет-журналдарды қаржыландыруға бағытталады.
Халыққа арналған бірқатар медициналық қызметтер бұрыннан ақылы жүйеде көрсетіліп жүргендігі белгілі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы қаңтардың 27-сіндегі № 135 қаулысына орай тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі белгіленген. Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттік — Республикалық бюджеттің қаражаттары есебінен, аумақтық денсаулық сақтау органдары — жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен көрсетілетін медициналық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі уәкілетті органдар болып табылады.
Азаматтарға республикалық бюджеттің есебінен орындалатын тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі:
1) денсаулық сақтау ұйымдарының жолдамасы бойынша ересектер мен балаларға оңалту көмегін қоса алғанда: хирургиялық, нейрохирургиялық, уронефрологиялық, психиатриялық, онкологиялық және радиологиялық, тері-венерологиялық, офтальмологиялық, кардиологиялық, акушерлік-гинекологиялық және зиянды әрі қауіпті өндірістік факторларға байланысты аурулар, туберкулез, лепра кезінде мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге;
2) ВИЧ-инфекциясын жұқтырған ауруларға медициналық көмек көрсетуге;
3) шұғыл, төтенше жағдайларда пайда болған аурулар кезінде медициналық көмек көрсетуге;
4) сот-медициналық сараптамаға бағытталады. Азаматтарға жергілікті бюджеттің есебінен орындалатын тегін медициналық көмек:
1) алғашқы медициналық-санитарлық көмекті; алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мамандарының жолдамасы бойынша мамандандырылған амбулаториялық-емханалық ұйымдар жүзеге асыратын консультациялық-диагностикалық көмекті; ортодонтикалық көмектен басқа 18 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге және тісі қатты ауырған науқастарга стоматологиялық көмекті;
18 жасқа дейінгі балаларға физиотерапевтік көмекті;
2) жедел және шұғыл жәрдем көрсетуді;
3) шұғыл көмек көрсетуді;
алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мамандарының жолдамасы бойынша аурулардың барлық түрлері, соның ішінде: онкологиялық, психоневрологиялық, инфекциялық, офтальмологиялық, хирургиялық, нейрохирургиялық, ортопедиялық, уронефрологиялық, терапевтік, травмотологиялық, тері-венерологиялық, жүкті әйелдер мен аурулардың гинекологиялық ауруларына, алкоголизммен және нашақорлықпен, туберкулезбен, қант диабетімен, тыныс жолы-өкпе ауруларымен ауыратындар бойынша жоспарлы көмек көрсетуді қоса алғанда, жергілікті деңгейде ересектер мен балаларға стационарлық медициналық, соның ішінде оңалтушылық көмек көрсетуді;
4) шұғыл, төтенше жағдайларда пайда болған аурулар кезінде медициналық кемек көрсетуді;
5) ВИЧ-инфекциясын жүқтырған ауруларға медициналық көмек көрсетуді қамтиды.
Әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы ішкі әскерлерінің әскери қызметшілеріне заңдарда белгіленген тәртіппен тегін медициналық көмек көрсетіледі.
Басқа қалғандарының бері ақылы нысанда көрсетілуі тиіс, бұл дұрыс нарықтық медициналық қызметтер көрсетудің дамуына жеткізеді.
Мемлекеттік денсаулық сақтауды қаржыландырудың көздері мыналар болып табылады:
ұзақ мерзімді экономикалық нормативтер бойынша бөлінетін республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттары;
шаруашылық жүргізуші субъектілердің кірістерінен аударылатын аударымдар, министрліктің, ведомстволардың және басқарудың басқа органдарының мақсатты субсидиялары;
арнаулы бағдарламалар бойынша халықаралық ұйымдардың қаражаттары;
республикалық және жергілікті валюта қорларынан белінетін валюталық қаржы;
жұмыс берушілерге нормативтерден тыс медициналық және басқа қызметтер көрсетуді орындағаны үшін және ақылы қызметтер мен шаруашылық қызметтің басқа түрлерін көрсеткені үшін алынған медициналық мекемелердің қаражаттары;
ұйымдар мен азаматтардың, соның ішінде басқа мемлекеттердің қайырымдылық салымдары.
Мемлекеттік денсаулық сақтаудың қаражаттары мыналарға бағытталады:
азаматтарға медициналық көмек көрсетуге;
денсаулық сақтаудың мақсатты кешенді бағдарламаларына;
мемлекеттік денсаулық сақтаудың материалдық-техникалық базасын дамытуға;
емдеу-профилакгикалық және санитарлық-эпидемиологиялық мекемелерді ұстауға;
медициналық кадрларды даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға;
медициналық ғылымды дамытуға және енгізуге;
жұқпалы аурулар эпидемияларын жоюға.
Денешынықтыру мен спортқа жұмсалатын шығыстар мемлекеттік бюджеттің қаражаттары, көсіподақ ұйымдарының қаражаттары, шаруашылық жүргізуші субъектілердің кірістері, спорт қоғамдарының меншікті қаражаттары есебінен қаржыландырылады. Стадиондар мен басқа спорт ғимараттарына жұмсалатын күрделі жұмсалымдар, спорт ұйымдарының аппа ратын ұстау, оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарды өткізуге бөлінетін қаржылар мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Шығыстардың бір бөлігін ұйымдар — демеушілер, әдеттегідей, жарнамалық мақсаттарда етейді.
Халықты әлеуметік қорғау шығыстары
Қаржы жүйесінің дербес буыны ретіндегі сақтандыру әдетте ойда болмаған және төтенше оқиғаға байланысты белгілі бір объектіні сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыру (сақтандыру) сияқты екі оқшауланған нысанада іс-әрекет ететіні белгілі. Сақтандыру мәселесі, медициналықты қоспағанда әлеуметтік сақтандыру проблемаларымен — халықты әлеуметтік қорғау жүйесімен тікелей байланысты.
Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған жалақы мен зейнетақының ең төмен мөлшерлеріне, әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік береді.
Нарықтық экономикасы бар елдердің тәжірибесіне орай әлеуметтік қорғау жүйесі мемлекеттік, мемлекеттік емес құрылымдардың (жекешені қоса), қоғамдық бірлестіктердің көп жақты жауаптьшығының негізінде құрылады.
Алайда халықты әлеуметтік қорғаудың сферасына "әлеуметтік қамсыздандыру" мен "әлеуметтік сақтандыру" терминдері сипатты болғанымен бұлар бара-бар ұғымдар емес. Әлеуметтік қамсыздандыруды халықты әлеуметтік қорғау процесі деп, ал әлеуметтік сақтандыруды — осы процесті жүзеге асыру нысандарының бірі деп түсінген жөн.
Халықты әлеуметтік қорғауға жұмсалатын шығыстар мемлекет шығыстарының жүйесінде үлкен орын алады. Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында халықты әлеуметтік қорғау басым бола бастайды және тұтыну тауарлары мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуіне байланысты, сондай-ақ инфляцияның және ақшаның құнсыздануының нәтижесінде өседі.
Әлеуметтік қорғау деп қоғамдық дамудың нақтылы жағдайларына сәйкес азаматтарға қалыпты тіршілік әрекетінің кепілдікті деңгейін қамтамасыз етуге арналған басымдықтардың және оларды мемлекеттік және басқадай институттар арқылы жузеге асыру механизмдерінің жүйесін айтады. Бұл деңгей қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының ахуалына, жалпы ішкі өнімнің мөлшерлеріне, қордаланған ұлттық байлыққа және олар ды бөлудің сипатына, жүйені іске асыру механизмдерінің ж9мыс тиімділігіне байланысты болады.
Әлеуметтік қорғаудың қаржылық тұлғалауы арнаулы ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты қайта бөлгіштік қатынастарда көрініп, білінеді, бүл қорлардан халыққа әр түрлі әлеуметтік төлемақылар жасалынады.
Ең төмен әлеуметтік төлемақылар мөлшерін есептеудің негізі орта есеппен жан басына шаққандагы тұтыну бюджетінің мөлшері болып табылады. Бұл үшін негізгі тамақ өнімдері, киім-кешек, дәрі-дәрмек, отын бойынша, отбасына қажет қызметтер жиынының ең төмен тұтыну қоржынының құны мен құрамы есептеп шығарылады. Ең төмен тұтыну бюджетінің мөлшері бағалар деңгейінің өзгеруімен байланысты мезгіл-мезгіл қайта қаралып тұрады және уәкілетті орган қайта бекітеді.
Әлеуметтік шығыстар зейнетақы төлеудің Мемлекеттік орталығы, қазіргі кезде мемлекеттік бюджетке қамтылған Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры, өлеуметтік қорлар немесе шаруашылық субъектілерінің тұтыну қорлары арқылы жүзеге асырылады. Төлемақыларды халықты әлеуметтік қорғау органдары, шаруашылық субъектілері, өндірістік емес сфера ұйымдары жасап жүргізеді. Кәсіпорындар мен ұйымдарда әлеуметтік сақтандыруды кәсіподақ комитеттері қадағалап отырады.
Халықты әлеуметтік қорғауға жұмсалатын шығыстар қаржы құжаттарында, жоспарларда, болжамдарда, есептерде әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмекке жұмсалатын шығыстар ретінде қамтып көрсетіледі.
Халықты әлеуметтік қорғау санатына қосылатын ұғымдардың айырмашылықтары бар.
Әлеуметтік қамсыздандыру қоғамның еңбекке жарамсыз және жұмыс істемейтін мүшелерін материалдық қолдау жөніндегі қатынастардың кең спектрін қамтиды. Әлеуметтік қамсыздандырудың нысаны ретінде әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік жәрдемақылар төлеу және халықтың тұрмысы төмен жіктеріне "әлеуметтік көмек" деп аталатындар бола алады.
Әлеуметтік сақтандыру өзінің экономикалық табиғаты жағынан адамның еңбек қызметімен және бұл қызметтің нәтижесіне байланысты болып келетін тиісті төлемақыларға арналған қорларды қалыптастырумен байланыстырьшады. Яғни әлеуметтік сақтандыру жөніндегі қаражаттар айтарлықтай дәрежеде, өзін-өзі қаржыландыру қағидасы бойынша, пайдаланушының (сақтанушының) оларды алуына қарай көп немесе аз уақыт аралығымен жасалынады. Тұрмысы төмендегілерге әлеуметтік көмек негізінен кедейлік шегінен арғы халықтың көптеген санаттарына таралады және мемлекет немесе қайырымдылық-қоғамдық, мақсатты, жеке меншіктегі қорлардың'есебінен болатын "қайыр көрсету" сипаты болады және мақсаты — кедейлерге қамқор болу".
Сөйтіп, әлеуметтік мүқтаждарды қаржыландыруға арналған қаражаттарды қалыптастырудың үш әдісін бөліп көрсетуге болады: сақтық, бюджеттік, қайырымдылық жарналары (қайыр көрсету) әдістері.
Сақтық әдіс әлеуметтік төлемақылардың түрлерін қаржыландыру үшін қайта бөлу арналары бойынша қызмет көлемінен белгілі бір мөлшерде аударылатын қаражаттарды қажет етеді.
Бюджеттік әдіс кезінде қаражаттар ақша ресурстарының жалпымемлекеттік қорынан мемлекеттің мүмкіндігімен және әлеуметтік және бюджет саясатының мақсаттарымен анықталатын деңгейде бөлінеді.
Қайырымдылық жарналары (қайыр көрсету) әдісі кезінде қаражаттардың тіркелген мөлшерлері болмайды және арналар бойынша олардың түсуіне қарай қайырымдылық жарналарын іске асыратын ұйымдар анықтайтын мақсаттарға жұмсалады.
Әлеуметтік сақтандыру көбінесе зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі, еңбекке уақытша жарамсыздық жөнінде жәрдемақылар төлеу, жұмысынан айырылған кезде әлеуметтік қолдау арқылы іске асырылады.
Зейнетақы — бұл зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтар заңнамада көрсетілген тәртіппен Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан, Жинақтаушы зейнетақы қорларынан, ал әскери қызметшілер, ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін тиісті қызметтерді ұстауға көзделген қаражат есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы.
Ғылыми-техникалық прогресті қаржыландыру
Ғылыми-техникалық прогресті (ҒТП) қаржыландырудың көзін таңдау кезеңдерге және, тиісінше, ғылыми-техникалық зерттеулерге байланысты, соның ішінде: іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер, жобалау-конструкторлық зерттемелер, жаңа техника мен технологияны, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастырудың әдістерін енгізу.
ҒТП-ні қаржымен қамтамасыз етудің негізгі қағидаттары қаржыландыру көздерінің көптігі жөне олардың мақсатты багыттылығы болуы тиіс.
Ғылым жалпы нарықтық қатынастарға бағдарлана алмайтын қызмет сферасына жатады: мәселен, іргелі ғылым түгелдей коммерциялық критерийлерге түсіп кетпейді, сондықтан экономиканың маңызды секторларындағы технологияны революцияландыра алатын іргелі зерттеулер мен келешектегі зерттемелерді қаржыландырудың міндетін мемлекет өзіне алады. Мемлекеттік ғылыми-техникалық, инвестициялық, экологиялық, ізгіліктілік және өзге де бағдарламалар саласында келісілген саясат жүргізу
Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес зейнетақыларды, жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа төлемдерді қолдану үшін пайдаланылады (айлық есептік көрсеткіш 2005 жылы 971 теңге мөлшерінде белгіленген) қажет. Айтылған бағдарламалар мен жобалардың бағдарламаларын қаржыландыру орталықтандырылған қаражаттар есебінен жүргізілуі мүмкін.
Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырудың басымдығы жалпымемлекеттік маңызы бар аса маңызды іргелі зерттеулерге, салааралық проблемалар бойынша жұмыстарға, мемлекеттік және халықаралық ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардың тапсырмаларына беріледі.
ҒТП-нің қолданбалы және енгізбелік шаралары шаруашылық есеп қорларынан (орталықтандырылған және орталықтандырылмаған) және банк кредиттері есебінен қаржыландырылуы тиіс. Бұл шаралар өндіріс тиімділігіне тікелей ықпал жасайтындықтан, оның түпкілікті нәтижелеріне әсер ететіндіктен шаруашылық жүргізуші субъектілердің кірістерін ҒТП сферасындағы олар дың қызметінің түпкілікті нәтижелерімен тығыз байланысын қамтамасыз ететін икемді салық саясаты жүргізілуі тиіс.
ҒТП-ні қаржымен қамтамасыз етудің көзі қаржылық қолдауды көрсетуге арналған инновациялық қорлардың ресурстары бола алады; бұл қорлар салаларда немесе аймақтарда ғылыми-техникалық өнімді әзірлеушілер мен тұтынушылардың, банктердің, басқа мүдделі кәсіпорындар мен ұйымдардың, сондай-ақ биліктің жергілікті органдарының бюджет қаражаттары есебінен құрылуы мүмкін.
Соңғы уақытта алдын ала ескерілген шарттарда нақтылы ғылыми зерттеулер жүргізуге азаматтар мен заңи ұйымдардың, соның ішінде шетелдік, халықаралық ұйымдардың да өтеусіз және қайтарусыз беретін гранттары — арнаулы ақша және басқадай қаражаттарды беру жолымен қаржыландырудың демеушілік сияқты көзі айқын дамып келеді. Негізінен бұл нысан мақсатты қолданбалы зерттеулер мен енгізбелік жұмыстарды қолдау үшін қолданылады. Кейін, жекеше бизнестің дамуына қарай, бұл көз іргелі зерттеулерді қаржыландыруда көрнекті рөл атқарады.
Шаруашылықтың басқару органдары (концерндер, ассоциациялар, акционерлік қоғамдар, компаниялар, министрліктер, ведомстволар) ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық жұмыстарының және ғылымды қажетсінетін өнімдердің жаңа түрлерін игерудің арнаулы салалық және салааралық бюджеттен тыс қорларын құра алады.
Ғылыми зерттеулерді қалыпты қамтамасыз ету ғылыми орталықтарда күштерді біріктіруді, осы мақсат үшін қаржы ресурстарын орталықтандыруды қажет етеді. Ірі ресурстар не шаруашылық субъектілердің, аймақтардың, егеменді мемлекеттердің аударымдары жолымен шоғырландырылуы, немесе жеткілікті ірі бюджеттен мақсатты арналым түрінде бөлінуі мүмкін. Жекелеген өндірістерде іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін қаржыландырған кезде қаражаттардың бөліп-бөліп жіберілуі мүмкін. Және де нарық жағдайында ғылыми өнім тауар болуы және сұраным мен ұсынымның бағасы бойынша сатып алынуы тиіс. Мұндай жағдайда ғылыми өнімді сатып алушы шығарған шығындардың орнын толтыру үшін ғылым нөтижесін тез жөне тиімді пайдалануға мәжбүр болады. Бұл жағдайда ғылыми өнім үшін есеп айырысуда кредиттің рөлі артады, ол ғылыми-техникалық зерттемелерді өндіруден алынатын ұтыстардың есебінен өтеледі.
Қорғанысқа және басқаруға жұмсалатын шығыстар
Әрбір мемлекет өзінің қорғаныс қабілетін сақтап отыруы тиіс, ол аса маңызды мемлекеттік функциялардың бірі болып табылады. Өзінің жерін, елін сыртқы күштерден қорғай алатын мемлекетті ғана тәуелсіз деп тануға болады. Осының өзі Қазақстанның төл армиясының құрылуына ұйытқы болды, соған сәйкес әскери доктрина қабылданып, өзінің қалыптасу кезеңінен өтті. Соңғы кезде әскери саясатта түбегейлі өзгерістер болды. Соның ішінде кәсіби өскер құруға алғашқы қадамдар жасалып жатыр. Сондай-ақ кейінгі жылдары әскери салада шет мемлекеттермен ынтымақтастық кеңінен дамып келеді. Қарулы күштер дербес мемлекет құрылымының міндетті элементі болып табылады. Халықаралық қауіпсіздіктің тегіс қамти алатын жүйесін жасағанға дейін ел әскери құрылысты жүргізе береді және қарулы күштерді жетілдіре береді. Олардың құрамында құрлықтағы әскерлер, әскери - әуе күштері, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері, әскери-теңіз бөлімшелері-ақ қамтамасыз ету және қызмет көрсету құрамалары мен бөлімшелері бар.
Басшылық пен басқаруды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде орталықтандыру қорғанысқа бағытталатын қаржы ресурстарын тиісінше орталықтандыруды талап етеді. Сондықтан қорғанысқа жұмсалатын шығыстар көбінесе республикалық бюджеттен (80% жуығы) қаржыландырылады. Қорғанысты қаржымен қамтамасыз ету мыналарды кіріктіреді: а) қарулы күштерді қаржыландыру;
ә) қару-жарақтарды, соғыс техникасын, өндірістік-техникалық арналымның өнімдерін әзірлеуге, өндіруге және сатып алуға жұмсалатын шығындар;
б) ғылыми зерттеулер мен қорғаныс сипатындағы зерттемелер;
в) әскери объектілердің (аэродромдардың, полигондардың, баздардың, әскери бөлімдер мен бөлімшелердің орналасу орындарының және т.б.) күрделі құрылысы;
г) әскери қызметшілердің жеке басын міндетті мемлекеттік сақтандыру;
д) бірнеше мемлекеттің әскери-саяси одақтарын қалыптастырған кезде бірлескен қарулы күштерді және әскери объектілерді ұстауға үлестік қатысу.
Шығыстарды жоспарлау кезінде материалдық және ақшалай нормалар пайдаланылады. Жиынтық қаржылық жоспарлау кезінде құрамдастырылған нормалар, ал әскери белімдерді қаржыландырудың сметаларын жасаған кезде жеке қаржы нормалары қолданылады.
Қорғанысқа жұмсалатын шығыстарды үкімет республикалық бюджет құрамында қарайды, ал Парламент тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заң қабылдайды, онда қорғанысқа жұмсалатын шығыстар жеке функциялық топпен бекітіледі. Қаржы службасының органдары әскери округтер мен әскери бөлімдерде, оқу орындарында және басқа ұйымдарда армияны ұстауға арналған ақша қаражаттарының жұмсалуына бақылау жа-сауды жүзеге асырады.
Мемлекет шығыстарының құрылымында шаруашылық құрылыста, әлеуметтік және экономикалық саясатты жүзеге асыруда маңызды рөл атқаратын басқарудың мемлекеттік аппаратынажұмсалатын шығыстар шамалы орын алады. Басқару органдарының көмегімен мемлекет елдің саяси, шаруашылық және мәдени өміріне басшылықты жүзеге асырады. Экономикадағы жаңа міндеттерді шешу рыноктың артықшылықтарын толығырақ іске асыруға мүмкіндік беретін басқаруды терең қайта құрмайынша және оның икемді жүйесісіз мүмкін емес.
Заңнамалық биліктің жоғары мемлекеттік органы Қазақстан Республикасының Парламенті болып табылады, республика басшысы, оның атқарушы билігі Президент болып табылады. Атқарушылық билікті сондай-ақ Үкімет те жүзеге асырады.
Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау органдарын ұстауға жұмсалатын шығыстар Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ішкі әскерлер органдарын, сот, прокуратура, қаржы полициясы органдарын, нашақорлық және есірткі бизнеспен күрес жөніндегі органдарды қамтиды.
Тиісті салаға басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік басқарудың орталық органы — министрлік, ведомство (агенттік, комитет, комиссия және басқалары). Олар өзіне бағынышты шаруашылық жүргізуші субъектілерді, бірлестіктерді, ұйымдар мен мекемелерді тікелей немесе олардың басқаруындағы шаруашылық бөлімшелер (департаменттер, басқармалар) арқылы басқарады.
Соңғы уақытта функцияларды орталықтандырудың әр алуан дәрежесі бар салааралық, салалық және аумақтық басқарудың бірқатар жаңа жүйелері құрылды: ұлттық компаниялар, концерндер, ассоциациялар, компаниялар, қоғамдар және т.б. Шаруашылық басқарудың оңтайлы схемасы деп басқарудың екі буынды жүйесі саналынады, оның материалдық өндіріс сфе-расындағы негізгі буыны кәсіпорын болып келеді.
Мемлекеттік шаруашылық жүргізуші субъектілердің басқару аппаратын ұстауга жұмсалатын шығыстар өндіріс шығындарына кіреді және өнімнің өзіндік қүнында қамтып көрсетіледі, ал олардың үйлестіруші органдарының шығыстары бірінші кезектегі төлемдерді (басқарудың өкілеттілігі мен функцияларын бөлісу туралы шартқа сөйкес) төлегеннен кейін шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағында қалатын табыстардан аударылатын аударымдар есебінен болады.
Мемлекеттік басқару органдарын ұстауга жүмсалатын шығыстар барлық деңгейлердегі — республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге дейінгі бюджеттердің шығыстары құрамында жыл сайын бекітіледі. Бюджет қаражаттары бекітілген сметаға сәйкес жұмсалынады, ол мекеме шығыстарының көлемін, қаражаттарды мақсатты бағыттауды және оларды тоқсанға бөлуді анықтайтын негізгі құжат болып табылады.
Экономикалық сыныптамаға сейкес басқару аппаратын ұстауға жұмсалатын шығыстардың құрамына мыналар кіреді: ағымдағы шығыстар (тауарлар мен қызметтер көрсетуге жұмсалатын шығыстар, соның ішінде жалақы, өтемдік және басқадай ақшалай төлемақылар; сыйақылар (мүдделер) төлеу; субсидиялар және басқа ағымдағы трансферттік төлемдер); күрделі шығыстар; кредит беру, үлестік қатысу және қаржыландыру.
Республикалық бюджет шығыстарының көлемі мен құрылымы 2005 ж (жуық шамамен)
Млн. тг | % | |
Шығыстар | 773893 | 100,0 |
Шығындар | 734809 | 94,9 |
1. Жалпы мипаттағы мемлекеттік қызмет көрсетулер | 44066 | 5,7 |
2. Қорғаныс | 40435 | 5,2 |
3. Қоғамды тәртіп және қауіпсіздік | 73822 | 9,6 |
4. Білім беру | 23241 | 3,0 |
5. Денсаулық сақтау | 19105 | 2,5 |
6. Әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек | 202043 | 26,1 |
7. Тұрғын- үй коммуналдық шаруашылығы | 10321 | 1,3 |
8. Мәдениет, Спорт, туризм, ақпараттық кеңістік | 12879 | 1,7 |
9. Отын энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану | 8486 | 1,1 |
10. Ауыл, су, Орман, балық және қоршаған ортаны қорғау | 43040 | 5,6 |
11. Өнеркәсіп және құрылыс | 1395 | 0,2 |
12. Көлік және байланыс | 59663 | 7,7 |
13. Басқалар | 68345 | 8,8 |
14. Борышқа қызмет көрсету | 34338 | 4,4 |
15. Ресми трансферттер | 93630 | 12,1 |
Кредиттер: | 39085 | 5,0 |
2.2 Бюджет шығыстарын қалыптастыру негіздері
Мемлекеттің функцияларын іске асыру мүмкін, егерде олар материалдық кұралдармен қамтамасыз етілсе, себебі мемлекеттің іс-әрекеті мемлекеттік құралдардың тікелей шығыстарымен байланысты. Шығыстар нақты шығындардың көлемін көрсетеді. Сондықтан, бюджеттердің барлық деңгейлері бойынша мемлекеттік шығыстардың бір-бірімен өзара байланысты нақты түрлерінің жиынтығы әрбір мемлекеттің бюджет шығыстар жүйесі болып табылады. Шығыстар жүйесін құру құралдардың арнаулы бағыттау, үнем режимі мен мемлекеттік құралдарды жұмсаудың қайтып оралмас принциптеріне негізделеді.
Мемлекетгік шығыстар мақсатты белгілеулер бойынша қатаң іске асыруға тиіс, яғни бюджетте қарастырылған бағыттар бойынша құралдардың қайтып оралмас принципі негізінде әлеуметтік саланы қаржыландыруда пайдаланады.
Қаржы министрлігінің стат. бюллетені № 6 маусым 2004 ж.
Ал, егерде экономиканың дамуын қаржыландыру құралдары жөнінде айтсақ, онда нәтижелік инвестициялау орын алады, яғни бұл арада бөлінген бюджеттік құралдарды қайтару принципі әрекетте болады. Үнем режимін сақтау принципі - ол өз алды бюджет шығыстарын төмендетудің формалары мен әдістерінің жүйесі. Бұл жүйе бюджет ресурстарын нәтижелі және тиімді пайдалануды іске асыруға мүмкіншілік береді.
Мемлекеттік бюджет шығыстары жүйесі бірнеше факторлармен шарттанады, олардың ішінде негізгі болып мемлекеттің табиғаты мен функциялары, елдің әлеуметті-экономикалық даму деңгейі, мемлекеттің әкімшілік-аумақтық жайластырушылығы, бюджеттік құралдар беру формалары саналады. Мемлекеттік бюджет шығыстарының құрамы мен кұрылымы олардың экономикалық мазмұны және жалпы ішкі өнімді бөлу жөніндегі мемлекет алдында тұрған мақсаттармен анықталады. Бюджет шығыстарының ел экономикасындағы рөлі мен мәнін анықтау мақсатпен олар әр түрлі белгілер бойынша жіктеледі. Бюджет кодексінде бюджет жүйесінің барлық деңгейлері бойынша әрекеті бар бюджет шығыстарының жіктеуі тағайындалған.
Мемлекеттің барлық шығыстары негізінде мемлекеттік бюджетте шоғырланған құралдар арқылы қаржыландырыланады. Бұл шығыстарды қоғамдық қайта өндірістегі рөліне байланысты келесі екі топқа бөлуге болады:
- өндірістік қорларды ұлғайту мен өндірістің үздіксіз процесін қамтамасыз ету үшін;
- қоғам мүшелерінің әлеуметті-мәдениеттік мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін.
Бірінші топқа — мемлекеттік бюджеттің экономиканы қаржыландыруға бағытталған шығыстары жатады. Екінші топқа - әлеуметті-мәдениеттік шараларды, білім беруді, ғылым, қорғаныс пен мемлекетті басқаруды қаржыландыру үшін арналған бюджет шығыстары жатады.
Осы екі топ арасындағы арақатынас бюджеттің тиімділігін анықтайды. Экономиканың бәсеке қабілеттілігі дамуға бағытталған шығындардың децгейі қаншалықты жоғары және бюджеттің тұтынушылық шығындары соған сәйкес төмен болса, соғұрлым бюджет құралдарын пайдалану тиімділігі жоғары болады. Әрине, бюджет құралдарын пайдалану тиімділігі бұл арада мемлекеттік бюджеттің шығыстарын қалыптастыру әдістеріне, мемлекеттің жүргізіп жатқан әлеуметтік саясатына және елдің бүгінгі күнгі әлеуметті-экономикалық ахуалына байланысты.
Бюджет түрлері бойынша шығыстарды қалыптастыру ерекшеліктері олардың арнаулары маңында жатыр. Сондықтан, бюджет түрлері бойынша шығыстарды қалыптастырғанда келесі негізгі факторларды есептеу қажет:
- басқару органдар арасындағы функцияларды шектеу;
- мекемелердің бағынушылығы;
- мекемелердің іс-әрекет шекарасы;
- шығыстарды тиісті бюджетке апару.
Республикалық бюджеттің шығыстары келесі бағыттар бойынша қаржыландыру үшін қалыптасады:
- жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер;
- қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік;
- құқықтық, соттық, құқық қоғау қызметтері;
- білім беру;
- денсаулық сақтау;
- әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету;
- мәдениет, спорт, туризм және ақпарат кеңістігі;
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы;
- ауыл, орман, су, балық шаруашылықтары мен қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары;
- өнеркәсіп, құрылыс және жер қойнауын пайдалану;
- көлік және коммуникация;
- басқа да бағыттар.
Осыған сәйкес, бірақ тиісті әкімшілік аумақтарға арналған шығыстар бағыттары төмен тұрған бюджеттер деңгейлері бойынша да қалаптасады. Жергілікті бюджеттер шығыстарының қалыптастыру Бюджет кодексімен, нормативті-құқықтық актілермен және тиісті маслихаттар шешімдерімен реттеледі. Биліктің жергілікті органдарына аумақтардың экономикалық және қаржылық базаларын пайдалану жөнінде өкілеттік берілген. Әрбір бөлек әкімшілік-аумақтардың экономикалық базасы ретінде жергілікті тұрғындардың әлеуметті-экономикалық мұқтаждықтарын қамтамасыз ету үшін қажетті кірістер көздері болатын меншікті мүлік пен оларға берілген объектілер саналады. Ал қаржылық база болып меншікті бюджеттік құралдар мен жоғары тұрған бюджеттерден берілетін ресми трансферттерден қалыптасатын қаржылық ресурстар табылады. Бюджет жүйесінің әрбір деңгейінің шығыстар құрамы мен қалыптасуы әрекеттегі заңнамалық актілермен, тиісті аумақ бойынша қаржыландыруы қажет нақты объектілер және олардың іс-әрекеттін қамтамасыз ету үшін қажетті шығындармен анықталады.
Республикалық және жергілікті бюджеттер шығыстарының лимиті бюджеттік жоспарлау жөніндегі тиісті уәкілетті органдармен ағымдағы және даму бюджеттік бағдарламалар үшін қалыптастырылады. Бюджеттің болжамдық көрсеткіштері, бюджет қүралдарын пайдалануының басымдылық бағыттар көрсеткіштері, операциялық қалдық мөлшері, орташа мерзімді фискалдық саясатпен белгіленген көрсеткіштер және республика мен ай-мақтар дамуының орташа мерзімді жоспарларымен анықталған керсеткіштер бюджет шығыстарының лимитін анықтау негіздері болады. Бұл лимиттерді, бюджеттік комиссияда қаралып бекітілгеннен кейін, бюджет жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдар әрбір бюджеттік бағдарлама әкімшіліктеріне жеткізеді.
Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар үшін бюджет шығыстарының лимитін есептегенде келесілер қолдалынылады:
- ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындардың жалпы сомасы (бюджетгік субвенциялар мен алымдарды қоса);
- бекітілген натуралды нормалар;
- тиісті қаржы жылдағы ағымдағы бюджеттік бағдарламалар көлемі;
- орташа мерзімді фискалды саясатта анықталған бюджет шығыстарының өсуі немесе төмендеуі:
- ағымдағы қаржы жылда аяқталатын ағымдағы бюджеттік бағдарламалар (оларды алып тастау).
Даму бюджеттік бағдарламалар үшін шығыстар лимиті бағдарламалар әкімшіліктері арасында белінбей анықталады және оның көлемі бюджеттің барлық шығыстарының жалпы болжамдық көлемі мен ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойы анықталған бюджет шығыстар лимитінің жалпы көлемі арасындағы айырмасы ретінде есептеледі.
Үкімет тағайындаған мерзімде бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері бюджет жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға бюджеттік өтініш (заявка) ұсынады. Бюджетгік өтініш - ол бюджеттік бағдарламаларды дәлелдеу мен оларды қаржылавдыру сомасын анықтау үшін қажетті және бюджеттік бағдарламалар әкімшілігі жыл сайын жасап ұсынатын құжаттар жиынтығы. Бюджетгік өтініштерді құрудың негізгі мақсаты - ол бағдарламаны орындау нәтижесі мен қажетті ресурстар жөніндегі сандық және қаржылық ақпарат базасы арқылы болжамдық мезімге бюджеттік бағдарламалар тандау және олардың нәтижелігі мен тиімділігін бағалау.
Бюджеттік өтініш аймақтың әлеуметті-экономикалық дамуының орташа мерзімді жоспары, тиісті мерзімдегі мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламалар негізінде құрылады. Оның мәліметтері бағдарлама жөнінде нақты және толық ақпараттарды көрсетуі тиіс. Бұл өтінішті бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері ағымдағы және даму бюджеттік бағдарламалар үшін бекітілген шығыстар лимиті мөлшері мен тиісті бюджеттік комиссия анықтаған тиісті бюджеттен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар тізімі мен көлемі негіздерінде құрады. Республикалық немесе жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімшілігі тек қана бір бюджеттік өтініш құрады.
Бюджеттік өтініш келесі бөлімдерден түрады:
- бюджеттік бағдарламалар тізімі және шығындар сомасы;
- әрбір бюджетгік бағдарламаға түсіндірме хат;
- бюджеттік өтінішке кірген әрбір бюджеттік бағдарламаның паспортының жобасы.
Бюджеттік өтініш бағдарламаларды қаржыландыру жоспары мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын қүру үшін негіз бо-лып табылады.
Ораз Баймұратов / Қазақстанның қаржысы / том/ БИС Алматы 2005 ж.
- Бюджет шығыстарын қайта құрылымдаудың негізгі бағыттары
Шығыстарды қайта құрылымдау аумағындағы бюджеттік саясат экономиканың әр салаларына мемлекет қатысуының салыстармалы тиімділігіне баға беру мен мемлекетке жөнді және қасиетті емес бағыттарда қатынасуын бюджет құралдары арқылы қаржыландыруды азайтуға негізделеді. Бұл саясат бюджет құралдарын шоғырландырып, мемлекеттің ағымдағы міндеттемелерін атқарумен бірге экономика дамуының басымды бағыттарын шешуге мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, бюджеттік бағдарламаларда қарастырылған шаралардың бюджет шығыстарымен байланысын айқын белгілеу мен бюджет құралдарын пайдалану тиімділігін жоғарылатуға экономикалық және бюджеттік жоспарлаудың әсершіл жүйесін жасау, бағдарламалық құжаттарды оңтайландыру мен қалыптандыру және оларды бағалау әдісін дайындау себепші болады.
Бюджет шығыстарын жоспарлауының сапасын жоғарылатуға мүмкіншілік беретін жолдардың бірі - ол натуралдық нормаларды пайдалану, яғни бұрынғы мемлекеттік органдар топтары бойынша бір қызметкерге шаққандағы ағымдағы шығындардың орташаландырылған нормативін пайдалану орнына қажетті материалды және материалды емес байлықтарды тұтынудың минималды натуралдық көрсеткіштерін қолдану.
Республиканың әлеуметті-экономикалық дамуының орташа - мерзімді жоспарының негізінде және мемлекеттік пен салалық бағдарламаларға сәйкес басымды бюджеттік шығыстар ретінде алдымыздағы жылдарға келесі бағыттар анықталған:
- денсаулық сақтауды реформалау мен оның дамуы;
- білім берудің дамуы;
- әлеуметтік реформалардың әрі қарай тереңдеуі;
- индустриалды-инновациялық дамытуды;
- аграрлық секторды дамытуды;
- жаңа тұрғын-үй саясатын іске-асыруды;
- Астана қаласының дамуы.
Қорытынды
Жалпы "Мемлекеттің шығыстары" деген ұғымының әлеуметтік-экономикалық мәні мен рөлі экономиканы қаржыландыру жүйесінде негізгі орныға қоюға болады. Сондықтан Мемлекет шығыстарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді, мемлекет шығыстарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқару, қорғаныс және т.б. функцияларымен тікелей байланысты.
Мемлекеттің шығыстарын ұйымдастыру кезінде қолданылатын қағидаттар Мемлекеттің шығыстарын ұйымдастырудың қажетті қағидаты оларды жабудың бюджет, кредит және меншікті көздерінің оңтайлы үйлесуі болып табылады. Соңғы уақытта елімізде әлеуметтік-мәдени шараларды қаржыландырудың жаңа қағидаттары енгізілді: әлеуметтік сфераның мекемелері ішінара қаржыландырудың шаруашылық есеп негіздеріне, сақтандырудың қағидаттарына көшуде. Әлеуметтік-мәдени мақсаттарға, қорғанысқа, құқық тәртібін қорғауға, басқаруға, мемлекеттің инфрақұрылымдық кәсіпорындары мен ұйымдарының өнімі мен қызмет көрсетулеріне жұмсалатын шығыстар мемлекет, сонымен бірге экономиканың нарықтық секторы тарапынан рыноктық тауарлармен және қызметтер көрсетумен қамтамасыз етуге қосымша ретінде халықтың жалпы қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс.
Қарулы күштер дербес мемлекет құрылымының міндетті элементі болып табылады, кейінгі жылдары әскери салада шет мемлекеттермен ынтымақтастық кеңінен дамып келеді.
Ғылыми-техникалық прогресті оның бағыттылық сипатына Мемлекет ғылыми-техникалық, инвестициялық, экологиялық, ізгіліктілік және өзге де бағдарламалар саласында келісілген саясат жүргізу қажет. Бюджетте қарастырылған бағыттар бойынша құралдардың қайтып оралмас принципі негізінде әлеуметтік саланы қаржыландыруда пайдаланады, сондықтан Мемлекетгік шығыстар мақсатты белгілеулер бойынша қатаң іске асырылуға тиіс.
Қолданылған әдебиеттер:
- Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі. – Алматы: Юрист 2004
- Қазақстан: қазіргі заманғы аймағы және ғаламдық экономикалық талаптар. Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ –дың Экономика және бизнес факультетінің жас ғалымдардың 6-шы ғылыми теоретикалық конференцияның материалдары: Банктік сектордың даму болашағы.
- Сейітқасымова Ғ.С. «Ақша, Несие Банктер» Оқулық ; «Экономика» Алматы 2004.
- «Егемен Қазақстан» Жалпыұлттық Республикалық газет, Сәуір 2005ж
- Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ. «ЖЕДЕЛ ЖАҢАРУ ЖОЛЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАР» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары \/-бөлім; Алматы 2005 ж.
- Өтебаев Б.С. /Мемлекеттік бюджет /Оқулық /Алматы «Экономика» 2006ж.
- М.Н. Нәдіров, Д.Б. Қалыбекова /Шет мемлекеттер қаржысы/ Алматы «Экономика» 2006ж.
- Қ.Қ. Ілиясов, С. Құлпыбаев / Қаржы/оқулық – Алматы 2005ж.
- Ілиясов Қ.Қ., Сатқалиева В.А., ж/е тб. «Государственный Бюджет: оқулық.-Алматы:РИК, 1994ж.
- Мельников В.Д., Ілиясов Қ.Қ., Қаржы. – Алматы : Қаржы-қаражат, 2001.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024