Менеджментті дамыту – бұл үзіліссіз болатын ұйымның мақсатына, стратегиясына және мәселелеріне бағытталған эволюциялық үрдіс. Басқару үрдісі үнемі жаңарып отырады. Менеджменттің тарихи кезеңделуі расталады және оның дамуының ең алдымен сыртқы жағдайларға тәуелді екендігін көрсетеді.
Менеджментті дамыту, еліктеу қадамдарының қатары емес басқаруды дамытуда бірнеше көзқарастың бір-бірімен сәйкес келуі орын алады. Басқарудың теориясы мен практикасы дамуына айтарлықтай үлес қосқан маңызды көзқарас белгілі.
- 1-ші басқарудағы әртүрлі мектептер тұрғысынан көзқарас. Бұл көзқарас басқару әртүрлі 4 көзқарастан қарастырылуымен сипатталады.
- 2-ші үрдістік көзқарас
- 3-ші ситуациялық көзқарас
- 4-ші жүйелік көзқарас.
20 ғ. 1-ші жартысында басқарушылық ойының әртүрлі мектебінің дамуы орын алады. Хронологиялық түрде оларды мынадай тәртіппен айтады.
- ғылыми басқару мектебі;
- классикалық мектеп;
- адалдық қатынастар және мінез-құлық ғылымының мектебі;
- басқару ғылымының мектебі.
Ғылыми басқару мектебі (1885-1920 жж.) негізін қалаушылар Фредрик Тейлор, Френк және Милли Пельберг Генрий Ганк құрушыларының ойынша өлшеуді, талдауды, логиканы пайдаланып қол еңбегін көптеген операцияларын олардың неғұрлым тиімді орындалуын қол жеткізе отырып жетілдіруге болады.
Фредрик Тейлор мектебінің дамуына үлкен үлес қосты. Оның мақсаты еңбекті және басқаруды дұрыс ұйымдастыру принциптерін қалыптастыруда болады. Негізгі назарды ол физикалық еңбекті ғылыми ұйымдастырып принциптерінің қалыптасуына бөлді. Оның ойынша кәсіпорында өзінің жеке тәжірибесі негізінде еш нәрсе істелмеуі керек. Ол жұмыстың барлық элементі алдын-ала мұқият оқылып және ғылыми негізделуі керек деп есептеді. Тейлордың жүйесі төмендегі негізгі ережеге тіреледі:
- империкалық тәсілді жұмыс элементтерінің ғылыми зерттеулерімен ауыстыру;
- тәсілдер мен жұмыс жағдайларын жақсарту;
- өндірістік үрдіспен қатар басқаруда да функциялардың мамандандырылуы;
- ғылыми анықтаушы белгілер негізінде қызметкер таңдап алу және оларды оқыту мен жаттықтыру;
- әрбір қызметкерге белгіленген нұсқаулық;
- жұмысқа жоспарлау және дайындау;
- жұмыстың барлық түрлерін есепке алу және бақылау;
Тейлордың жүйелік философиялық негізін экономикалық адам деп аталатын тұжырымдама құрады. Бұл тұжырымдамаға сәйкес оларды қозғалтушы жалғыз стимул олардың утелитарлық қажеттіліктері б.т. Тейлордың тұжырымдауынша еңбекке төлеудің тиісті жүйесінің көмегімен жұмысшылардың еңбектерін шегіне дейін интенсивтендіруге және осының негізінде ең жоғарғы еңбек өнімділігіне қол жеткізуге болады.
Тейлордың қағидасы:
- қызметкерлерді ғылыми түрде сұрыптау(физикалық интеллектуалды дамыған адамдарды);
- жалақы, еңбекақы төлеуде жұмысшыларды ынталандыру үшін әділетті жалақы төлеу.
Басқалардың классикалық және әкімшілік мектебі 1920-1950 жж. Бұл мектептің негізін көңіл бөлгені - әкімшілік басқаруды дамыту. Яғни басқарудың әмбебап принциптерін дамыту. Бұл мектептің негізгі өкілі А.Фаелдің 14 қағидасы бар:
- еңбек бөлінісі;
- өкілеттілік және жауапкершілік;
- тәртіп;
- дара басшылық;
- бір ғана бағытқа бағытталуы;
- жеке мүдделердің жалпы мүдделерге бағыныштылығы;
- персоналдарды марапаттау;
- орталықтандыру;
- әділеттілік;
- персоналдарға жұмыс орнының тұрақтылығы;
- сколярлық цепь;
- инициатива;
- корпоративті рух;
- порядок.
Келесі мектеп адамдық қатынастар мектебі. 1930-1950 жж. Негізгі өкілдері Элтон Мэйо, Мери Паркер Фале.
Негізгі мақсаты жұмыскерлер арасында жақсы қарым-қатынас орнату, жақсартып еңбек өнімділігін арттыру. Бұл мектепті неоклассикалық мектеп деп атайды.
Бақытты жұмысшы ең тиімді «жұмысшы» деген қағидаға ұстаған. Жұмысшылардың неғұрлым әлеуметтік жағдайлармен қамтамасыз етілсе жұмысшылар өздерінің жұмыстарына ыңталасты, жақсы жұмыс істейді.
Басқару Ғылымының қалыптасуы және дамуы
- Басқарудың ғылыми мектебі.
- Жүйелік, процестік және жағдайлы көзқарас.
Қазіргі кезде басқару ғылымының даму эволюциясын сипаттайтын 4 көзқарасты атап көрсетуге болады:
- жүйелік;
- процестік;
- жағдайлық.
Алғашқы көзқарас өзінің құрамына 4 бағытты қарастыра өтеді:
- Ғылыми басқару мектебі – 1885-1920 ж. қалыптасты. Бұл мектептің өкілі Тейлор, Френк және Милли Гильберг.
- Әкімшілік мектептер және басқарудың классикалық мектептері 1920-1950 ж. қалыптасқан. Бұл бағыттың негізін салушылар: Анри Фаель, Урвин және т.б. Бұл бағытты басқарудың жоғарғы деңгейі тұрғысынан объективті кешенді көңіл бөлуді сипаттайды. Бұл бағыттың өкілдері кәсіпорындарды басқарудың жағдайындағы буындарында қызмет жасаған. Сондықтан әкімшілік мектеп деп атаған. Осыған байланысты әкімшілік мектептің өкілдері дәлірек айтады. Анри Фаель кез-келген кәсіпорындарды (яғни сату, сатып алу, айырбас) басқаруға қажетті функцияларды атап көрсетеді.
- Техникалық, яғни өндіріс.
- Коммерциялық, яғни сату, сатып алу, айырбас.
- Қаржылық функция, яғни капиталды тиімді пайдалану.
- Қауіпсіздік функция, яғни меншікті қорғау.
- Басқару функциясы, жоспарлау, үйлестіру, ынталандыру, бақылау және ұйымдастыру.
- Адамгершілік қарым-қатынастар мектебі немесе неоклассикалық бағыт. Ол 1930-1950 жж. қалыптасқан. Бұл бағыттың өкілдері: Элтон Мэйо, Мери Фоллет болып есептеледі. Бұл бағыттың негізгі мазмұны ретінде қызметкерлердің жұмыс жасау қабілеттілігінен өнімдерін арттырудың жолдарын ұсынылған, яғни адамның сана сезіміне ықпал ету.
- Басқарудың ғылыми мектебі – бұл бағыт 50-ші жылдары қазірге дейін жалғасады. Бұл бағыт қазіргі автоматтандырылған құрал-жабдықтар мен компьютерлерді орынды пайдалануды көздейді. Бұл бағыт кейбір оқулықтарды Сандық әдістер мектебі деп аталады. Жоғарыда айтылған мектептің немесе бағыттың басқарудың ғылыми ретінде дамуына қосқан үлестері бар. Олар төмендегідей.
Ғылыми басқару мектебі:
- міндетті орындаудың таңдалу әдістерін анықтағанда ғылыми таңдауды пайдалану.
- мақсатқа қол жеткізу үшін ең қолайлы қызметкерлерді таңдау, оларды баулап отыруды қамтамасыз ету.
- қызметкерлерді өз міндеттерін тиімді орындауға қажетті ресурстармен қамтамасыз ету.
- Еңбек өнімділігін арттыруға материалдық ынталандыруды ұдайы және дұрыс қолдану.
Басқарудың классикалық мектебі:
- басқарудың қағидаларын дамыту;
- басқарудың функцияларын бейнелеу;
- ұйымды басқарудығы жүйелендірілген әдіс.
Адамгершілік қарым-қатынастар мектебі:
- еңбек өнімділігімен еңбекке қанағаттандыруды арттыруда тұлға ара қатынастарын қолдану.
- Ұйым қызметкерлерін адамның қатынастарымен мінез-құлық әрекетіне бейімдеп қалыптастыру.
Басқару ғылыми мектеп:
- жобаларды ойластыру мен қолдану арқылы күрделі басқару проблемаларын түсінуді тереңдету.
- Күрделі жағдайларда шешім қабылдаған басшыларға жәрдем ретінде сандық тәсілді дамыту.
Жүйелік көзқарас – объектінің немесе ұйымды өзара бір-біріне тәуелді байланысқан элементтің жиынтығы ретінде сипатталады. Ол әлемдегі ұйым мақсаты, құрылымы, міндеті, технологиясы және еңбек ресурстары жатады.
Процестік көзқарас – басқаруды тізбектей бірінен кейін бірі орындалатын процестің жиынтығы ретінде сипатталады. Ол процестерде басқару функциясының көмегі арқылы жүз асыру, яғни жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және ынталандыру.
Жағдайлық көзқарас – кез елген мәселені шешіге, кез келген іс-әрекеттерді талдауға, басқарудың универсалды амал тәсілдерінің әдістері жоқ екендігін атап көрсетеді. Осыған орай кез келген проблеманы, жағдайға өзіндік қолайлы әдістер арқылы ықпал етуді сипаттайды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024