А
Альтернатива – мүмкін болған екі ұйғарымның ішінен бірін ғана таңдап алуға деген мәжбүрлік.
Ә
Әкімшілік шешімдер – басқару аппараттарының өз жұмысына қатысты болады және қызмет бабындағы адамдардың бөлімшелердің құқықтары мен міндеттерін реттеп отыруға. Олардың жұмыс істеуі мен өзара қарым-қатынасының тәртібін белгілеуге бағытталады.
Б
Бизнес – бұл пайда (табыс) алуға бағытталған қызмет.
Бизнес – істі жүргізу жүйесі.
Бизнес – бұл адамдарға қажетті өнімді жасау.
Басқарудың экономикалық әдістері – бұл адамдарды экономикалық қатынастары мен олардың экономикалық мүдделерін пайдаланатын адамдарға ықпал етудің тәсілдері мен әдістері.
Бағдарланған шешімдер – математикалық теңдеулерде қолданылатын әрбір қимылдың белгілі-бір сәйкестілігін жүзеге асырудың нәтижесі болып табылады. Немесе іс-қимылдың айқын, белгілі бір қисынға сәйкес, нәтижелі түрде жүзеге асырылуы.
Бағдарлау – тиімді ұйымдық шешімдер қабылдаудың көмекші құралы. Шешімдердің қабылдануына қарай басшылар көмекшілерді жояды.
Бұйрық – линиялық басшы қабылдаған және осы бұйрыққа қатысы бар адамдар міндетті түрде орындауға тиіс шешімді тұжырымдау формасы.
Бейресми ұйым – қызмет барысындағы әлеуметтік қатынастарға, ішкі себептерге байланысты ойламаған жерден құрылған адамдар тобы.
Д
Делегирлеу дегеніміз - басшыға сансыз көп мүмкіндіктерді қызметкерлер арасында бөлуге мүмкіндік беретін құрал.
Ж
Жалпы шешімдер – тұтас алғанда бүкіл шаруашылыққа қатысты шешімдер.
Жеке шешімдерге - өндірістің жекелеген жақтарын, қызметкерлердің жекелеген топтарын қамтитын шешімдер.
Жағдай дегеніміз – жүйені жаңа қалыпқа келтіру үшін шешімдер қабылдауды талап ететін сыртқы және ішкі шарттардың жиынтығы.
К
Критерий – шешімнің түрлі варианттарын салыстырып қарайтын көрсеткіш.
Коммуникациялық үрдіс - дегеніміз екі немесе одан да көп адамдар топтарының хабарлар, мәліметтер тағыда басқа алмасулары.
Қ
Қысқа мерзімді шешімдер – мәселелердің негұрлым шағын тобын қамтиды да, өзінің сипаты бойынша көбінесе жеке шешімдер болады.
Қаржылық шешімдер – жоспарлық және есеп беру қаржы баланстарын белгілеп, бекітуге, түрлі қорларды бөлуге, несиелер алып, оларды өтеуге бағытталады. Ол шешімдерге ақшалай есеп айырысудың бүкіл жүйесі жөніндегі шешімдер де жатады.
М
Менеджмент – кәсіпорынды ұйымдастырудың туралы, оны дамытудың стратегиясы ретінде, қызметкерлерді іріктеу (әлеуметтік жағы) туралы және олардың жұмысын оңтайландырудың тәсілдері (психологиялық бөлігі) туралы ілімдер қамтитын кәсіпорынды тиімді басқару.
Мақсат – іс-әрекеттің қажетті және болуы керек түпкі нәтижесі.
Модель – обьектіні бейнелей немесе оның суретін елестете отырып, оны алмастыра алатындай жүйе.
Мәселенің құрылымдалуы – мәселе ішіндегі элементтердің байланысын сан жағынан көрсетілуі.
Мотивациялау дегеніміз - бұл адамның бойындағы мотивтерді қозғау арқылы оларға әсер ету процесі.
Мотив дегеніміз - адамның белгілі-бір іс-қимыл әрекет жасауларына итермелейтін себеп.
Мотив - адамның ішкі хал-ахуалының жеке тұлғалық сипат алуы болып табылады.
О
Орташа мерзімді шешімдер – бір жыл ішінде жүзеге асырылатын және әдетте өндірістің жылдық циклімен байланысты болады.
Ө
Өкілеттіліктер - ұйымның ресурсын пайдалану құқығын шектеу және кейбір қызметкерлердің күш-жігерін белгілі-бір міндетті орындауға бағыттау болып табылады.
П
Проблема – қалау мен шындықтың сәйкессіздігі.
Пікірге негізделген шешімдер – білім немесе жинақталған тәжірибе арқылы келісілген таңдау.
Р
Ресми ұйым - мақсатты орындауда басқару үрдісін жүйелі түрде үйлестіретін, нақты құрылымға ие болатын басшылық еркімен құрылған адамдар тобы.
С
Ситуация – ол проблема туғызатын жағдай немесе проблемасы бар жағдай.
Суреттемені модельдендіру – болашақ қимыл-әрекеттің, ситуацияның, оқиғалардың алдан-ала шамаланған дамуының ауызша суреттемесі.
Сыртқы шешімдер – белгілі-бір шаруашылықтың жоғарғы ұйымдармен, басқа кәсіпорындармен қарым-қатынасын қамтиды.
Семантика – сөзбен берілген мәліметтің «сөздердің», қолданылуын және мағынасын түсіндіреді.
Т
Технологиялық шешімдер - өндіріс процестерін ұйымдастыру мәселелеріне қатысты. Бұл шешімдер әрбір салада тиімді технологияны таңдап алуды, жұмыстарды материалдық – техникалық жағынан қамтамасыз етуді белгілеп береді.
Ұ
Ұйымдық құрылым – алға қойған мақсаттарға тиімді жету үшін жұмыс істейтін адамдардан арнайы құрылған тұтастық жүйе
Ұйым – алға қойған мақсатқа жету барысында адамдар тобы еңбегінің саналы үйлестірілуі.
Ұйымдық шешім - лауазымды адамдардың өздерін білетін міндеттерді орындаулары үшін таңдау қабілетінің болуы.
Ұйымдастыру дегеніміз - мақсатқа жету үшін адамдарға бірге тиімді жұмыс істеу мүмкіндігін беретін кәсіпорын құрылымын таңдау және оны құру процесі.
Ұзақ мерзімді шешімдер – жүзеге асырылуы бірнеше жылдарды керек ететін шешімдер.
І
Ішкі шешімдер – шаруашылықтың өз өмірінің түрлі жақтарын қамтиды. Сыртқы шешімдердің белгілі-бір тобын орындамайынша, ішкі шешімдер, көп ретте жүзеге асырылмай қалады.
Х
Хаттама – қандай да бір алқалы (коллегиялы) органның кеңестерінде, мәжілістерінде, жиналыстарында мәселені талқылау барысында қабылданатын шешімдерді жазу формасы.
Ф
Функциялық сипаты бойынша – экономикалық, технологиялық, қаржылық, әкімшілік шешімдер болады.
Ш
Шешім обьектісі – басқару шешімі бағытталған нысана.
Шешім субьектісі – шешім қабылдауға және оны орындауға құқығы бар адамдар.
Шешімнің тәуекел элементтерінің болуы – экономиканың үздіксіз өзгеруі, тұрақтанбауы жағдайында ұзақ уақыт бойы қолданылатын тиімді шешімдер күтілетін нәтижені мейлінше дәл қарастыруы мүмкін емес. Сондықтан шешімдер белгілі бір тәуекелді қалыптасқан жағдай үшін ең оңтайлы шешімді таңдай білу қажет.
Шешім өкілдігінің болуы – шешім басшыға берілген құқықтар негізінде ғана қабылданады. Шешім оны даярлауға міндетті органдар мен адамдардан ғана шығуы тиіс.
Шешім оперативтілігі – шешім өндіріс жағдайы нақ соны талап еткен күнде ғана қабылдануға тиіс. Кеш қабылданған шешім де, асығыс қабылданған шешім де бірдей зиянды.
Шешім қабылдау - ақпарат алмасу сияқты кез келген басқару қызметінің (функциясының) құрамдас бөлігі.
Шешім – бұл баламаны (альтернативаны) таңдау.
Шуылдар дегеніміз – хабарлардың өрескел түрде бұрмалануы.
Э
Экономикалық шешімдер – жоспарлардың, нормалар мен нормативтердің, еңбекке ақы төлеудің бүкіл жүйесін жасаумен, бағамен, өнім өткізу және табыстарды бөлумен байланысты
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024