Мерчандайзинг (ағылшын тілінен аударғанда «өткізу өнері») — ірі сауда дүкендерінде қолданылатын, тауардың сатылымын және брендтердің қалыптасуын қамтамасыз ететін қызметтің түрі. Сатып алушыны тауарға "жақындатуға" және сатып алу ықтималдығын көтеруге бағытталған шаралар кешені. Оған қоса сатып алушыға психологиялық ықпал жасау және сендіру тәсілі. Мерчандайзинг көбінесе өткізімді ынталандыру жөніндегі қызметтің бір бөлігі ретінде қарастырылады.
Мерчендайзер мамандығының пайда болғанына көп болған жоқ. Дегенмен, бүгінгі күні әмбебап сауда орындары мерчандайзерсіз жұмысын жүргізбейді. Негізгі міндеті – өзіне бекітілген сатылым объектілерін зерттеу, оны дүкен сөрелеріне тиімді етіп орналастыру. Сонымен қатар, мерчендайзер тауар сатылымын ұйымдастыру үдерісінде іскерлік қатынасты орнату схемасын әзірлейді. Сауда-саттық мекемелерінің қызмет көрсететін персоналдарын оқытып, даярлық жүргізе алады. Тауардың сатылымын өсіру мақсатында жарнама акцияларын әзірлеу міндетіне ие. Ұдайы клиент іздестіру жұмысымен айналысып, олармен тауарды жеткізіп беру туралы келісімшартқа отырады.
Дереккөз: Ekoslovar.ru
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024