Экономика
Н.Назарбаев Алматыда жаңа әуежай ашу және тағы бір әуе компаниясын құру мәселелерін қарастыруды тапсырды
Президент Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің кеңейтілген отырысында Алматы жанынан жаңа әуежай салу мәселесін қарастыруды тапсырды.
"Біз әуе тасымалдары аясында ауқымды транзиттік потенциалды іске асыруымыз тиіс. Еуропа мен Азия арасындағы әуе тасымалдарының жыл сайынғы көлемі бүгінгі таңда 4 млн тоннаға жетеді, ал жолаушылар тасымалының көлемі - 53 млн адам. Қазақстанның транзитті бес есе арттыруға мүмкіндігі бар", - деп мәлімдеді Н.Назарбаев.
Президент Air Astana компаниясы ірі халықаралық оператор ретінде қызмет ететінін айтып, "жаңа әуе компаниясын құру қажет, Алматы жанынан жаңа халықаралық әуежай ашу туралы ойлану қажет" екенін атап өтті.
"Қазір ықыластылар бар, және тезірек қолдау көрсету қажет", - деді ол.