Алматы. 23 қазан. 7kun.kz – Елімізге салынған тікелей инвестиция көлемі 15,4%-ға өсті, - деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі.
2018 жылы 9 айда негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 21,6%-ға артып, 7,5 трлн теңгені құрады. 2017 жылы бұл көрсеткіш 5,7 триллион теңге болды.
Ал, биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 15,4%-ға ұлғайып, 12,3 млрд долларды құрады. Өткен жылдың 1-жартыжылдығында 10,5 млрд АҚШ долларын құраған болатын.
Айта кетейік, Қазақстан Орталық Азиядағы тікелей инвестицияларды тарту бойынша көшбасшы ел. Оның үлесі шамамен 70%-ды құрайды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024