Шаруашылық-қаржы қызметі процесінде кәсіпорын мен ұйымдар қаржы қорларын – белгілі бір мақсаттарға арналған ақша қаражаттарын қалыптастырып, пайдаланады. Қорлардағы ақша қаражаттары үнемі қозғалыста болады: түседі, қордаланады, жұмсалады.
Кәсіпорындарда өндірістік құралдар өндіріс процесінің материалдық-техникалық негізі болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында өндірістік құралдардың алғашқы қалыптасуы, олардың жұмыс істеуі мен ұлғаймалы ұдайы молайтылып отыруы қаржылардың тікелей қатысуымен жүзеге асырылады: олардың көмегімен еңбек құралдарды сатып алу, пайдалану және қайта қалпына келтіру жүзеге асыратын арнайы мақсатты ақша қорлары құрылып пайдаланылады. Қаржының арқасында кәсіпорындардың өндірістік капиталдарының (негізгі айналым капиталдарының) тұрақты толық айналымы болып отырады.
Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын рөліне қарап анықталады. Мысалыға, зауытта дайындалған бу қазаны сол зауыт үшін дайын өнім болып саналады: ал орнату үшін сатып алған субъект үшін осы қазан еңбек құралы болып табылады. Осы қазанды келешекте қайта сатуға алса, онда ол тауар болып табылады.
Сонымен, негізгі құралдардың кәсіпорын өміріндегі рөлі мен маңызын, сондай-ақ негізгі құралдарды қалыптастыру мен ұйымдастыруды, олардың дұрыс бағалануын және негізгі құралдардың талдануын алдағы бөлімдерде толық қарастырамыз.
І Бөлім. Негізгі құралдардың экономикалық маңызы мен қалыптасуы
1.1 Негізгі құралдардың мәні, құрамы мен құрылымы
Негізгі құралдар дегеніміз ұзақ кезең бойына қызмет ететін материалдық-заттай құндылықтардың жиынтығы; олар өндіріске қызмет көрсете отырып, өзінің табиғи-заттай нысанын сақтайды, өз құнының бір бөлігін жаңадан жасалған өніммен көрсетілген қызметтерге көшіреді.
Негізгі құралдардың екі түрі болады: өндірістік негізгі құралдар және өндірістік емес негізгі құралдар.
Материалдық өндіріс саласында жұмыс істейтін негізгі құралдар – өндірістік негізгі құралдар (оларға: ғимараттар, құрылыстар, көлік құралдары, жабдықтар мен басқа да еңбек құралдары, т.б. жатады) деп, өндірістік емес бағыттағы негізгі құралдар – өндірістік емес негізгі құралдар деп аталады (тұрғын үйлер, мәдениет, спорт мекемелері, балабақшалар, емдеу орындары және басқа да кәсіпорын балансындағы жұмысшыларға қызмет ететін объектілер).
Негізгі капитал – бұл материалдық құндылықтың ұзақ кезеңдегі жұмыс істеп тұруы ретінде негізгі құралдардың ақшалай бағалануы. Осыған байланысты құралдар өзінің құндылығын өндіретін өнімге жартылай апарады.
Кәсіпорындарда өндірістік құралдар өндіріс процесінің материалдық-техникалық негізі болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында өндірістік құралдардың алғашқы қалыптасуы, олардың жұмыс істеуі мен ұлғаймалы ұдайы молайтылып отыруы қаржылардың тікелей қатысуымен жүзеге асырылады: олардың көмегімен еңбек құралдарды сатып алу, пайдалану және қайта қалпына келтіру жүзеге асыратын арнайы мақсатты ақша қорлары құрылып пайдаланылады.
Негізгі құралдар – ұлттық байлықтың маңызды бөлігі болып табылады және олардың құрамы мен құрылымын анықтау үшін негізгі қорлардың сыныптамасын жасау қажет.
Негізгі құралдардың сыныптамасы
Топтардың аттары | Қолданылуы және қысқаша сипаттамасы |
1. Ғимараттар | өндірістік архитектура және құрылыс объектілері (цехтар, қоймалар, өндірістік лабораториялар және т.б.) |
2. Құрылыстар | өндіріс процесіне қызмет ететін техникалық функцияларды атқаратын инженерлік-құрылыс объектілері (тоннельдер, көпірлер, эстакадалар, су каналдары, автомобиль және темір жолдары т.б.) |
3. Жіберу құралдары | энергияны, сұйық және газ түріндегі заттарды жіберуші құралдар (электр, жылу жүйелері, газ жүйесі) |
4. Көлік құралдары 4.1. Күш машина- лары мен құралдар; | (генераторлар, электр бөлшектері, бу машиналары, турбиналар т.б.) |
4.2. Жұмыс маши- налары мен құралдар; | технологиялық процеске тікелей қатысатын құралдар (станоктар, прессмашиналар, терминалдық пештер, көтеру-тасымалдау механизмдері т.б.) |
4.3. Өлшеу, реттеу приборлары мен құралдары, лабора- ториялық құралдар | өндіріс процесін қол еңбегімен немесе автоматтандыру арқылы реттеуге, технологиялық процестердің параметрін өлшеуге және бақылауға, лабораториялық зерттеулер жүргізуге қажетті |
4.4. Есептеу техникасы | математикалық есептерді шешуді тездетуге қажетті құралдар жиынтығы |
4.5. Басқа да маши- налар мен құралдар | (өрт сөндіргіш машиналар, телефон станциялары т.б.) |
5. Тасымалдау құралдары | кәсіпорын көлеміндегі адамдар мен жүктерді тасымалдауға қажетті көліктер (электровоз, паровоз, автомобиль) |
6. Құрал-сайман | өндіріс процесіне қажетті элементтер (қол және механикалық кесу, ұру саймандары, штамптар т.б.) |
7. Өндірістік түгендеме (инвентарь) | өндірістік операцияларды орындауды жеңілдетуге және жеке еңбек заттарын сақтауға қажетті (жұмыс үстелі, қорап, т.б.) |
8. Шаруашылық түгендеме (инвентарь) | көбейту және қайта түсіру аппараттары, үстел, шкаф, т.б.) |
Негізгі құралдарды бағалаудың өндіріс процесінде ұзақ жылдар бойы қатысып, тозуына байланысты бірнеше түрі болады. Олар – негізгі құралдардың бастапқы құны, қайта өндіру құны және қалдық құны.
Негізгі құралдардың бастапқы құны – құралдарды дайындауға, жинауға, әкелуге кеткен шығындардың жиынтығы.
Қайта өндіру құны (қалпына келтіру) – негізгі құралдарды қайта өндіруге кеткен шығындардың жиынтығы.
Қалдық құн – негізгі құралдардан тозуды алып тастағандағы бастапқы немесе қалпына келтіру құны.
Негізгі өндірістік құралдардың құрылымына мынадай факторлар әсер етеді: шығарылатын өнім түрі, оның жалпы көлемі, автоматтандыру және механикаландыру деңгейі, мамндандыру және бірлестіру деңгейі, кәсіпорын орналасуының климаттық және географиялық жағдайлары және т.б.
Негізгі өндірістік құралдарды қолданудың көрсеткіштері үш топқа бөлінеді:
- Негізгі өндірістік құралдарды экстенсивті қолдану көрсеткіштері;
- Негізгі өндірістік құралдарды жедел түрде қолдану көрсеткіштері;
- Негізгі өндірістік құралдарды интегралды қолдану көрсеткіштері.
1-топ көрсеткіштеріне: құралдарды экстенсивті қолдану коэффициенті, құралдардың сменалық жұмыс жасау коэффициенті, құралдардың толық пайдалану коэффициенті жатады, яғни бұл көрсеткіштер құралдардың уақыт мөлшерінде қолданылу деңгейін көрсетеді.
2-топ өндірістік құралдарды жедел түрде қолдану көрсеткіші негізгі құралдардың нақты өнімділігін оның нормативті өнімділігіне бөлу арқылы анықталады:
К инт = Вф / Вн
Құралдарды интегралдық қолдану коэффициенті құралдарды экстенсивті және интенсивті қолдану коэффициенттеріне көбейту арқылы анықталады және ол құралдарды уақыт бойынша және өнімділігі бойынша қолданылуын сипаттайды.
Өндірістік негізгі құралдардың тиімділігін көрсететін жалпы көрсеткіш болып – қор қайтарымы есептеледі. Қор қайтарымы – бұл өнім өндіру үшін пайдаланылғын негізгі өндірістік құралдардың теңгеге шағып есептелгендегі өндірілген өнім көлемін сипаттайтын экономикалық көрсеткіш, сондай-ақ ол өндіріс тиімділігінің аса маңызды көрсеткіші болып табылады:
ФО = Т / Ф
Мұндағы: Т – тауар өнімінің көлемі;
Ф – негізгі өндірістік құралдардың орташа жылдық құны
Қор қайтарылымын ұлғайту – бұл халық шаруашылығының аса маңызды міндеті болып есептелінеді. Қор қайтарымына кері көрсеткіш – қор сыйымдылығы.
Қор сыйымдылығы – бұл негізгі өндірістік құралдар құнының өндірілген және сатылған өнім құнына қатынасын сипаттайтын экономикалық көрсеткіш.
Өндірістің негізгі құралдарының көлемі және олардың қолданылу дәрежесі кәсіпорынның өндірістік қуатының көлемін анықтайды. Өндірістік қуат – саланың, цехтың, агрегаттың жабдықтарды неғұрлым озық үлгіде ұйымдастыру негізінде тиісті уақыт ішінде өнімнің белгілі бір түрін шығаруға барынша жоғары қабілеттілігі (мүмкіндігі).
Өндірістік қуат берілген уақыт ішінде саланың, цехтың, агрегаттың өндіріс пен еңбекті неғұрлым озық үлгіде ұйымдастыра отырып, құрал-жабдықтарды неғұрлым тиімді пайдаланып, өнімнің белгілі бір түрін шығаруға барынша жоғары қабілеттілікті айтамыз.
Негізгі құралдар қолданылуына байланысты өндіріс процесінде тозады. Тозудың екі түрі бар: табиғи тозу және моральдық тозу. Табиғи тозу дегеніміз – негізгі құралдар элементтерінің материалдық тозуы, олардың өндірісте тұтыну барысында және табиғаттың табиғи күштерінің әсерінен тұтынылу құнын жоғалтуы.
Моральдық тозу – жабдықтың техникалық прогреске байланысты ескіріп құнсыздануы. Неғұрлым жетілдірілген және өнімді машиналардың пайда болуы нәтижесінде пайдаланылып жүрген машиналар табиғи қалпына және өндірісте пайдалану дәрежесіне қарамастан моральдық жағынан ескіріп құнсызданады.
Тозған негізгі құралдарды жаңарту үшін амортизациялық аударымдар қолданылады.
Амортизация – негізгі құралдардың тозуы салдарынан оның құндылығының бірте-бірте төмендеуі, сондай-ақ негізгі құралдарды жаңарту үшін, қаражатты қорландыру мақсатымен, осы қорлар құнының өндірілген өнімге бірте-бірте көшуі. Амортизацияның ақшалай сипаты амортизациялықаударымдар болып табылады.
Амортизациялық аударым – негізгі құралдардың тозығын толтыру үшін осы құралдар құнының бір бөлшегін аударып отыру. Ол өнімнің өзіндік құнының және айналыс шығындарының элементін құрайды. Амортизациялық аударым көлемі амортизация нормасы арқылы анықталады.
Амортизацияның жылдық жиынтығын негізгі қорлардың бағасына бөлу арқылы амортизация нормасын анықтаймыз.
Ол пайыз арқылы беріледі:
Н = (Ф1 – Фж ) / (Ф1 • Т) • 100 %
Мұндағы: Ф1 – негізгі құралдардың баланстық бастапқы құны, теңге;
Фж – жайылған негізгі құралдардың құны, теңге;
Т – амортизациялық кезең (негізгі құралдардың нормативтік
қызмет ету уақыты), жыл.
Негізгі құралдарды толық қайта құруға кеткен амортизациялық аударымдардың көлемі мына формула арқылы анықталады:
А = Н • Ф
Мұндағы: Н – амортизация нормасы (%);
Ф – негізгі құралдардың орташа жылдық құны, теңге.
Амортизация нормасы негізгі құралдарды өз уақытында қалпына келтіруге бағытталады және амортизация нормасын есептегенде мынадай факторларды қолдана отырып, негізгі құралдардың қызмет ету уақытын дұрыс анықтай білу керек:
- Негізгі құралдардың ұзақ мерзімділігі;
- Моральдық тозу;
- Техникалық қайта құрудың жоспары;
- Жабдықтардың балансы;
- Модернизациялау және күрделі жөндеу мүмкіншіліктері
1.2 Негізгі құралдарды қалыптастыру мен ұйымдастыру
Негізгі құралдар негізінен өндірістік ғимараттарды және тұрғын үйлерді, құралғыларды салудан; машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алудан; өз күшімен құрал-саймандар дайындаудан; малдардың төлдерін негізгі табынға ауыстырудан; жас өсімдіктер көп жылдық өсімдіктерге өткеннен; басқа субъектілер мен жеке тұлғалардан ақысыз (тегін) алынған негізгі құралдардың келіп түсуінен; объектілерді ұзақ мерзімге жалға алудан (келісімді құнын толық төлегеннен кейін); жарғылық қорға қосқан үлес нәтижесінде келіп түскендерден қалыптасады. Негізгі құралдардың түсуі мынадай құжаттармен рәсімделеді:
Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру (орнын ауыстыру) актісі негізгі құралдар құрамына жекелеген объектілерді енгізу үшін; қолданылып жүрген заңға сәйкес олардың енгізілуі ерекше тәртіппен рәсімделуге тиіс жағдайлардан басқасы, оларды пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін; негізгі құрал-жабдықтардың бір цехтан (бөлімнен, учаскеден) екіншісіне орын ауыстыруын рәсімдеу үшін; негізгі құралдарды қоймадан (қордан) пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін, сондай-ақ басқа да субъектілерге берілген кезінде (жарғылық капиталға қосқан үлестерді, сатуды, сыйларды) оларды негізгі құралдардың құрамынан шығару үшін қолданылады.
Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеу кезінде субъект жетекшісінің өкімімен тағайындалған қабылдау комиссиясы әрбір жекелеген объектіге бір данадан акт жасайды. Негізгі құралдардың бірнеше объектісін қабылдау тапсыру актісін жасауға тек шарууашылық мүлкінің, құрал-сайманның, жабдықтардың және т.б. объектілердің есебін жүргізген кезде, егер бұл объектілер бір типі болса, құндары бірдей болып, бір календарлық ай ішінде қабылданған болса ғана жол беріледі. Рәсімделгеннен кейін осы объектіге қатысты техникалық құжаттама қоса тіркеліп акт бухгалтерияға беріледі, бас бухгалтер қол қойып, субъект жетекшісі немесе соған өкілетті адамдар бекітеді.
Алыс-беріс (орын ауыстыру) актісінде, міндетті реквизиттермен қоса, комиссия қызмет ету мерзімін және болжамдық жою құнын көрсетеді. Қызмет ету мерзімін шаруашылық субъекті дербес анықтай алады, яғни ол негізгі құралдың техникалық жағдайынан, нормасынан және басқа да көрсеткіштерінен шығады. Ал болжамдық жою құны негізінен шаркашылық жүргізуші субъектінің есептік саясатында көрініс табады, болмаса оны қабылдау комиссиясы көп жағдайда көзбен (визуально) анықтайды, не болмаса бастапқы құнынан 0,01-ден 2,0 % -ға дейінгі сомасы алынады.
Негізгі құралдардың кәсіпорын ішіндегі орын ауыстыруын рәсімдеу үшін актіні екі дана етіп тапсырушы цех (бөлім) қызметкері толтырады. Алушының және тапсырушының қолдары қойылған бірінші данасы бухгалтерияға тапсырылады, ал екіншісі тапсырушы цехта қалады.
Негізгі құралдарды ақысыз беру (сыйлау) кезінде акт (тапсырушы және қабылдаушы субъектілер үшін) екі дана етіп жасалынады.
Негізгі құралдарды басқа субъектіге сату кезінде актінің үш данасы жазылады: алғашқы екеуі өткізуші субъектіде қалады (онда бірінші дана негізгі құралдардың нақты бары, қозғалысы туралы есеп беруге, екіншісі – есеп-айырысу төлем құжаттарына тіркеледі), үшінші дана негізгі құралдарды қабылдаушы адамға беріледі.
Негізгі құралдар бірдей өндірістік немесе шаруашылық жұмыстарға арналған, техникалық сипаттамасы және құны бірдей шаруашылық мүліктің бір типті заттарымен, құрал-сайманнан тұрса, олар бухгалтерияда бір мүліктік карточкада жүргізіледі.
II Бөлім. Негізгі құралдарды бағалау, талдау есебі және ұдайы өндіріспен байланысы
2.1 Негізгі құралдарды жіктеу және бағалау
Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын рөліне қарап анықталады. Мысалыға, зауытта дайындалған бу қазаны сол зауыт үшін дайын өнім болып саналады: ал орнату үшін сатып алған субъект үшін осы қазан еңбек құралы болып табылады. Осы қазанды келешекте қайта сатуға алса, онда ол тауар болып табылады.
Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес (әлеуметтік) салада да ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қызмет етеді.
Осы негізгі құралдарға: жер; үйлер; ғимараттар; көп жылдық екпе ағаштары; машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал-жабдық); машиналар және жабдықтар; өлшеу және қондырғылар мен құрал-жабдық; көлік құралдары; құрал-сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар жатады.
Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі № 6 БЕС сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі құралдың есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативті басқару жүйесін анықтайды.
Инвентарлық объектілер негізгі құралдардың есеп бірлігі болып табылады. Инвентарлық объект күрделі әрі жай болып келеді. Негізгі құралдың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып табылады.
Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдың өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.
Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына (машина, құрал-жабдық, құрал-сайман т.б.) әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды (ғимараттар, құрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар). Негізгі өндірістік құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіш
i – қор қайтарымы болып табылады, ол негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.
Өндірістік емес негізгі құралдар – тұтынуға арналған құрал-жабдықтар. Олар ұжымның мәдени-тұрмыстық (ғимараттар, тұрғын-үй комуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау мүлкі, т.б.) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған.
Иелігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді.
Меншікті дегеніміз – субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып саналады. Оларды жалға берушінің балансында есептейді, жалға алушы 001-ші «Жалға алынған негізгі құралдар» баланстан тыс шотында есептейді. Жалға алу мерзімі аяқталған соң немесе ол аяқталмай тұрып, жалға алушы келісілген бағамен сатып алуына болады. Оларды 121-ші «Жер», 122-ші «Үйлер мен ғимараттар», 123-ші «Меншік және құрал – жабдықтар, өткізгіш қондырғылар», 124-ші «Көлік құралдары», 125-ші «Басқа да негізгі құралдар» шоттарының тиісті аралық шоттарында есептейді.
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, істемей тұрған (тоқтатылып қойған) және қор ретінде тұрған болып бөлінеді. Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп тұрғандар болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар – бұл жұмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланбайтын негізгі құрал жабдықтар. Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп тұрған құрал-жабдықтарды жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған объектілер есептеледі.
Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке (заттай) көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары (ғимараттардан басқа күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер учаскелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өңдеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т.б.) жатады.
Әр субъектіде негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын қызметтеріне қарай мынадай түрлерге (топтарға) бөлінеді: жер; үйлер; ғимараттар; өткізгіш тетіктер; машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал-жабдық); күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары, қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналар мен құрал-жабдық; көлік құралдары, құрал-сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар.
Келтірілген негізгі құралдардың әрқайсысының құрамына енетіндер:
Жер – субъект меншігіне сатып алған жердің көлемі мен құны. Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек. Ондай актісі берілген болса, онда ондай жер учаскелері мүліктік объекті болып саналады;
Үйлер – халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған әлеуметтік құрылыс объектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік объект болып табылады;
Ғимараттар – еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыс объектілер (шахта ұңғысы, мұнай мұнарасы, бөгет, көпір, автомобиль жолы). Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік объект болып табылады;
Өткізгіш тетіктер (қондырғылар) – электр, жылу немесе механикалық энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу желілері, трансмиссиялар, құбырлар). Электр желілері бойынша, мысалы, электр станциясы бөлу қондырғыларының желісі немесе генератор клеммаларынан бөлу қондырғыларына дейін, қабылдау подстанцияларынан және подстанциялардан трансформатор жайына дейін мүліктік объекті бола алады;
Машиналар мен жабдықтар – күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды, соған тиісті заттарды, аспаптарды, қоршауды, фундаментті қоса алғанда, мүліктік объекті болып саналады;
Көлік құралдары – адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс құралдары (автомобиль, темір жол және су көлігінің қозғалмалы құрамы, жегін көлігі). Әрбір объект өзіне тиісті барлық бейімдегіш құралдары мен заттарын қоса алғанда мүліктік объект болып табылады;
Құрал-сайман – қол еңбегінің механикаландырылған немесе механикаландырылмаған құралдары немесе металдарды, ағашты және т.б. өңдеу үшін машиналарға бекітілген заттар (кесетін, соғатын және нығыздайтын еңбек құралдары).
Өндірістік мүлік және соған жататын заттар – өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін заттар; еңбекті қорғауға көмектесетін жабдықтар; сұйық, сусымалы және басқа да материалдарды сақтауға арналған сыйымды заттар; қндірістік арналымы бар басқа да заттар;
Шаруашылық мүлік – кеңсе және шаруашылық мекемелерінің заттары (орындықтар, шкафтар, кілемдер). Дербес мәні бар әрбір объект – мүліктік объект бола алады;
Жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал – ат, өгіз, түйе және басқа жұмысқа пайдаланылатын малдар; өнім беретін мал – мүйізді ірі қара мал; асыл тұқымды айғырлар мен биелер, буралар мен інгендер; бұғылар, маралдар, еркек шошқалар мен мегежіндер, ешкілер, саулық қой мен қошқарлар. Әрбір ересек мал мүліктік объект болып табылады;
Көп жылдық өсімдіктер – қолдан егілген, көп жылдық өсімдіктер (жеміс және жидек ағаштары, жүзімдіктер, гүлдердің көп жылдық түрлері, роза плантациялары, өсімдіктен жасалған қоршаулар, жерді қорғайтын өсімдіктер). Жас өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген (жеміс-жидек бере бастаған) өсімдіктерден бөлек есепке алынады;
Басқа да негізгі құралдар – кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да салымдар.
Негізгі құрал – жабдықтардың бастапқы, ағымды, баланстық, сату, жою, тозу және қалдық құндары болады.
Бастапқы (тарихи) құны – негізгі құралды сатып алуға немесе салуға кеткен нақты өндіріс шығындарынан, соған қоса өтелмеген салық пен алымдардан (мысалға, ҚҚС, жеңіл автомобильдерді сатып алу кезінде төленген, баж салығы т.б.), сондай – ақ орнату, жеткізіп беру, монтаждау, пайдалануға қосу шығындары, несие үшін пайыздар, және т.б. шығындарынан тұрады.
Негізгі құралдардың бастапқа құны мынадай жолмен анықталады:
Жер учаскелері бойынша меншік немесе тұрақты пайдалану құқығы – актіде көрсетілген сатып алу құны, қозғалмайтын мүліктер бойынша агенттерге берілетін сыйақы, сатып алу – сату келісімін рәсімдеу бойынша көрсетілген қызметтердің төлемі, жерді мақсатты пайдалануға дайындау бойынша (ескі үйлерді бұзу, тазалау, тегістеу, т.б. кезінде алынған материалдарды сатудан түсетін табыстың шегірілімінен басқа) жұмсалатын шығыстар;
құрастыруды және орналастыруды қажет ететін немесе қажет етпейтін сатып алынған машиналар мен құрал-жабдықтар бойынша – сатып алу құны, тасымалдау, соның ішінде тасымалдау кезіндегі құрастыру, машиналар мен құрал-жабдықтардың пайдалануға жарамдылығын, т.б. тексеру мақсатымен өткізілетін сынақтарға жұмсалатын шығындар.
үйлер мен ғимараттарды шаруашылық әдіспен салу кезінде: құрылыс материалдары, құрал-жабдықтар, құрылыс машиналары мен механизмдерінің жұмысы, жұмысшылардың еңбек ақысы, үстеме шығысының тиесілі үлесі, сәулетшілер, заңгерлер көрсеткен қызметінің төлемі, құрылысты салу кезеңіндегі сақтандыруға жұмсалатын шығыстар, құрылыс салу кезеңінде берілген несиелер бойынша пайыздар, құрылыс салу үшін рұқсат алуға жұмсалатын шығыстар, жобалық-сметалық құжаттардың құны, т.б. – құрылыс бойынша жұмсалған шығыстардың барлығы да бастапқы құнға қосылады;
жерді, үйлерді немесе ғимараттарды біртұтас мүлік ретінде иеленген кезде өз орнымен пайдалану мақсатымен кіріске енгізу барысында бұл объектілердің бастапқы құнын шектеу қажет, өйткені үйлер мен ғимараттардың пайдалану мерзімі шектеулі әрі олар тозады. Ал жерді пайдаланудың мерзімі шектелмеген, сондықтан олар амортизацияланбайды;
мердігерлік әдіспен тұрғызылған үйлер мен ғимараттар бойынша – объектіні тұрғызу бойынша жүргізілген жұмыстардың келісілген құнына құрал-жабдықтарды сатып алуға жұмсалған шығыстар қосылады, егер де оның құны тапсырыс беруші тарапынан төленген болса;
құрылтайшылардың жарғылық капиталына салынған негізгі құралдар – өздерінің келісілген бағасы бойынша.
Ағымды құн – бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық бағасы бойынша бағаланған құны.
Баланстық құн – бұл бухгалтерлік есепте және қаржылық есеп беруде көрсетілетін жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы негізгі құралдардың бастапқы немесе ағымдағы құны.
Сату (өткізу) құны – бірін-бірі жақсы білетін және мәмілеге келетін дайын тәуелсіз жақтардың (тараптардың) негізгі құралдарды өзара айырбастауына мүмкіндік беретін құн.
Жою құны – тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою кезінде пайдалану мүмкіндігі бар бағасы бойынша бағаланған бөлшектердің, металл сынықтарының және басқа да материалдық құндылықтардың құны.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі: негізгі құралдардың келіп түсуін, кәсіпорын ішінде орын ауыстыруын және шығуын, дұрыс құжаттық рәсімделуін және бухгалтерлік есепте уақытылы көрсетілуін; олардың материалдық жауапты адамдарға бекітілуін және сақталуы мен ұтымды пайдалануын бақылайды; негізгі құралдардың есептелген амортизациясы мен тозу сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, сондай-ақ есептелген амортизация сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, негізгі құралдардың қор қайтарымын анықтауды, жаңа техниканың және оны қолданудың жаңа әдістерінің тиімділігін; негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындардың сенімді есебін; негізгі құралдарды түгелдеуді және қайта бағалауды мезгілінде жасауын және олардың нәтижесін есепте көрсетілуін; негізгі құралдарды сату және олардың басқаша шығу нәтижелерін есепте нақты көрсетілуін қамтамасыз етуі керек.
Негізгі құралдарды құндық бағалаудың мынадай түрлері бар:
- Қолда бар құрал-жабдықтарды бастапқы толық құны бойынша бағалау, оларды тасымалдаудағы көлік шығындары және пайдалану кезіндегі құрастыру жұмыстарының құны. Негізгі құралдар бастапқы құны бойынша кәсіпорынның балансында есепке алынады, сондықтан оны «баланстық құн» деп атайды.
- Қорды толық қалпына келтіру құны және оны дамыған жағдайға келтіру құны бойынша бағалау. Бұл ұқсас материалдарды дамыған сәйкес, пайдаланудың тиісті параметрлерін сақтауды көздейді.
- Қордың тозуын есепке ала отырып бастапқы және қалпына келтіру құны бойынша бағалау (қалдық құн). Бұл процестің нәтижесінде техника тетіктері мен құрал-жабдықтардың жоғары өнімділігін және оларды үнемді пайдалану жолдарын қарастыру көзделеді.
2.2 Негізгі құралдарды талдаудың есебі және ұдайы өндіріспен байланысы
Негізгі құралдар пайдалану процесінде табиғи және моральдық жағынан тозады. Олардың жекелеген бөлшектері (негізгі бөлшектері мен детальдары, құрылымдық элементтері) негізгі құралдарды тұтастай алғандағымен салыстырғанда (запас бөлшектері мен детальдары) неғұрлым қысқа мерзімде тозады.
Негізгі құрал-жабдықтар уақытынан бұрын тозып кетпеуі үшін, оларды мезгіл сайын жөндеп тұру керек. Ұйымдастыру-техникалық белгілеріне қарап, жөндеуді күрделі және жай (ағымды) етіп бөледі.
Күрделі жөндеу деп негізгі құралдардың объектісін тұтастай алғандағымен салыстырғанда тозу мерзімі азырақ жекелеген бөліктерін қалпына келтіруді айтады. Машиналардың, жабдықтардың және көлік құралдарының күрделі жөндеуі деп бір жылдан астам мерзімде агрегатты толық бөлшектеп, барлық тозған жинауды және сынақтан өткізуді, жүйелі түрде жүргізіліп отыратын жөндеуді айтады.
Ағымды жөндеу дегеніміз негізгі құралдарды жұмыс жағдайында ұстап тұру үшін оның тозған детальдарын ауыстыру немесе жөндеу болып табылады. Оны негізгі құрал-жабдықтарды пайдалану процесінде жасайды. Негізгі құрал-жабдықтардың тозуының алдын алу үшін күні бұрын жоспарланып қойған жөндеу жұмысын мерзімінде жүргізудің маңызы зор.
Негізгі құралдар бірнеше бағыттарда талданады:
- Инфляцияны есепке алғандағы негізгі құралдардың нарық бағасындағы динамикасы. Бұл динамиканы тұрақты бағадағы шығарылған өніммен салыстырып, негізгі құралдардан қайтарым өсуде ме, жоқ па екендігін анықтауға болады.
- Негізгі құралдардың құрылымын талдау. Оның ішінде:
- өндірістік (салалық) құрылымды, себебі ол негізгі құралдардың өндіріс (сала) бойынша бөлінуін көрсетеді;
- технологиялық құрылымды, өйткені негізгі құралдардың активті бөлігі (өнім шығаруға тікелей қатысатын жұмыс машиналары, жабдықтар) мен пассивтік бөлігінің (ғимараттар, салынымдар, т.б.) арақатынасын көрсетеді;
- жастық құрылымын, негізгі құралдарды қызмет ету уақытына байланысты сипаттайды. Машиналар мен жабдықтар бойынша Қазақстан өнеркәсібінде орташа қызмет ету уақыты – 25 жыл.
- Негізгі құралдардың жаңартылуын, шығуын және тозуын талдау. Коэффициенттер:
Кжан = (Фкір / Фс ) • 100 %
Кш = (Фж / Фб ) • 100 %
Мұндағы: Фкір , Фж - бір жыл ішінде кіргізілген және жойылған негізгі құралдардың құны, теңге;
Кжан , Кш – жаңарту және шығу коэффициенттері, %
Фб , Фс – негізгі құралдардың жылдың басындағы және жылдың соңындағы құны, теңге;
- Негізгі құралдардың технологиялық деңгейі. Ол ішкі және сыртқы нарықтағы фирманың бас бәсекелестерімен салыстыру арқылы анықталады;
- Негізгі құралдардың қолданылуын тиімділігі әртүрлі коэффициенттермен анықтайды:
- негізгі құралдарды уақыт өлшемінде қолданудың жеделдету коэффициентімен, оның ішінде жабдықтардың сменалық жұмысының коэффициентімен;
- өндірістік қуатты қолданудың коэффициентімен, яғни жабдықтың нақты қуатын құжаттағы қуатқа бөлу арқылы;
- қор қайтарымымен, формуласы:
J = Q / Ф , (теңге)
мұндағы: Q – шығарылған өнімнің құны, теңге;
Ф – негізгі құралдардың орташа жылдық бағасы, теңге.
Жөнделетін әрбір объектіге кәсіпорынның жөндеу цехтарында көп жолды карточкасы ашылады және оларды жөндеу бойынша шығындар жинақталады. Жөндеу жұмыстарын бітіргеннен кейін объектілерді акт бойынша тапсырыс берушілерге табыстайды. Бұл ретте шоттардың мынадай корреспонденциясы жасалынады:
Реттік нөмірі | Шаруашылық операцияларының мазмұны | Сомасы, теңге | Шоттар корреспонденциясы | |
дебет | кредит | |||
1 | Негізгі құралдарды жөндеуге босатылған материалдардың құны | 3100000 | 921 | 205, 206, 208 |
Жөндеумен айналысатын еңбеккерлерге жалақысын есептеу | 2200000 | 922 | 681 | |
Есептелген жалақының ұсталынған әлеуметтік салық пен зейнетақы (2200000 – 2200000 (10%) • 21% | 415800 | 923 | 634 | |
Жөндеу шығындарына жатқызылатын үстеме шығыстарының үлесі | 948000 | 924 | 930 | |
Негізгі құралдарды жөндеу бойынша жөндеу цехының шығыстары анықталды | 6663800 | 920 | 921 - 924 | |
2 | Негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындары есептен шығарылды: ─ жалпы және әкімшілік шығыстарына | 70000 | 821 | 920 |
- сату (өткізу) бойынша шығыстарына (жабдықтау және өткізу бөлімшелері үшін орындалған жұмыстар) - негізгі өндіріс цехтарына - әлеуметтік салаға - тысқары кәсіпорындар мен ұйымдарға | 30000 5800000 93800 240000 | 811 934 945 801 | 920 920 920 920 | |
3 | Бір мезгілде жөндеу бойынша орындалған жұмыстар үшін шоттар ұсынылды: - келісілген құнына | 320000 | 301 | 701 |
ҚҚС сомасы (16 %) | 51200 | 301 | 633 |
Кәсіпорынға қажет болған жағдайда және жөндеуге кеткен шығынды өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнына бірқалыпты тарату үшін, субъектілер резервтік қор құруына болады.
Кәсіпорында негізгі құралдарды тиімді пайдалануды сипаттайтын басты көрсеткіш – қор қайтарымы болып табылады. Қор қайтарымының көрсеткіші мына формуламен есептелінеді:
Ққ = (V / Қ)
мұндағы: V – жыл ішінде өндірілген өнімнің құны, заттай немесе құн есебімен;
Қ – негізгі өндірістік құралдың орташа жылдық құны.
Бұл формула негізгі өндірістік құралдың пайдалану деңгейін егжей-тегжей талдау үшін пайдаланылады. Ол өндірім мен еңбек қорының жарақтанғандығының арсындағы өзара байланысты көрсетеді. Егер де еңбек қоры жарақтанғанға қарағанда өндірімнің қарқыны өте жоғары өсетін болса, бұл өте оңды нұсқа болып есептеледі. Қор қайтарымының қарсы көрсеткіші – өнімнің қор сыйымдылығы (Қс). Бұл өнімнің өлшеміне шаққандағы негізгі құралдың құнын сипаттайды:
Қс = (Қө / Өқ )
мұндағы: Қө – жыл ішінде өндірілген өнімнің тауарлы немесе қалыпты бөлігінің құны, теңге.
Өқ – негізгі өндірістік құралдың орташа жылдық құны, теңге
Қор қайтарымы көрсеткішінің артуы және өнімнің қор сыйымдылығының төмендеуі негізгі құралдарды пайдалануды жақсартатынын немесе керісінше көрсетеді. Негізгі құралдарды пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін олардың активтік бөлігін артыру құралдарды жаңарту, үдемелі жабдықтарды, қазіргі технологияны білікті қызметкерлерді пайдалану қажет.
Қазіргі өндірістік құралдардың нәтижелігін арттырудың аса маңызды факторларының бірі – жабдықтардың пайдалануын жақсарту. Ол үшін олардың жұмыссыз тұрып қалуын азайту, ауыстыру коэффициентін көбейту жолымен қол жеткізеді.
Негізгі құралдың заттық мазмұны еңбек құралдары. Олар кәсіпорында ұзақ мерзім қызмет істеп, өндірістік процеске әлденеше рет қатысады, соның өзінде бұрыңғы қалпын сақтап қалады, бірақ жұмыс барысында тозу арқылы бұрынғы бағасын кемітеді.
Кәсіпорындарда өндірістік капиталдар өндіріс процесінің материалдық-техникалық негізі болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында өндірістік құралдардың алғашқы қалыптасуы, олардың жұмыс істеуі мен ұлғаймалы ұдайы молайтылып отыруы қаржылардың тікелей қатысуымен жүзеге асырылады: олардың көмегімен еңбек құралдарды сатып алу, пайдалану және қайта қалпына келтіру жүзеге асыратын арнайы мақсатты ақша қорлары құрылып пайдаланылады. Қаржының арқасында кәсіпорындардың өндірістік капиталдарының (негізгі айналым капиталдарының) тұрақты толық айналымы болып отырады. Қаржының арқасында кәсіпорындардың өндірістік капиталдарының (негізгі айналым капиталдарының) тұрақты толық айналымы болып отырады. Бұған еңбек заттарын сатып алу, көбейту немесе олардың орнын толтыру үшін қаржы ресурстарын аванстау жолымен жетеді. Еңбек құралдары мен еңбек заттарынан тұратын, құн нысанында көрінетін өндіріс құрал-жабдықтары негізгі және айналым капиталдары болып табылады.
ІІІ Бөлім. Ұдайы өндірістегі негізгі құралдарды тиімді пайдалануды жетілдіру
Өндірістің ұдайы дамып отыруына әсер ететін нарықтың субъектілердің бірі – барлық типтегі кәсіпорындардың (шағын, орта, ірі) прогресте болуы. Кәсіпорындар өндіріс процесінің материалдық-техникалық негізі болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын қаржыларының алғашқы қалыптасуы, олардың жұмыс істеуі мен ұлғаймалы ұдайы молайтылып отыруы өндірістің ұдайы жоғарылап отыруына тигізер әсері жетерлік. Олардың көмегімен халық шаруашылығының әлеуметтік дәрежесін жоғарылатуға, орталықтандырылмаған ақша қорларын дұрыс ұйымдастыруға сондай-ақ орталықтандырылған ақша қорларын қалыптастырудағы алатын өзіндік үлесі бар. Кәсіпорындардағы негізгі құралдардың тұрақты толық айналымын экономиканы қалыптастырудағы негізгі діңгек деп санауға болады.
Қазіргі кезде шағын және орта бизнесті дамыту мемлекеттің алға қойған негізгі мақсаттарының бірі. Осы жолда жасалған жұмыс аз емес (салықтан босату, салықтық жеңілдіктер, несиелік жеңілдіктер, т.б.), бірақ атқарылатын маңызды мәселелер әлі де жетерлік. Мәселен, ХСҰ –на кіргенге дейінгі және кіргеннен кейінгі шешімін табуды талап ететін (бәсекелік деңгейі, қызмет көрсетудегі сапалық жағдайы, бағадағы айырмашылықтар, т.б.) мәселелер бар.
Кәсіпорын – түрлі өндірістерден және шаруашылықтардан (негізгі, көмекші, қосымша, қосалқы және эксперименттік) тұратын күрделі механизм.
Кәсіпорынның жекелеген өндірістік буындары бойынша жоспарлау және шығындарды есепке алу мақсатында өндірілетін өнімнің атқаратын қызметіне қарай барлық өндірістер негізгі және қосымша өндірістер болып екіге бөлінеді.
Негізгі өндіріске кәсіпорын шығаратын өнімдер, сондай-ақ өнімді сатуға және зауыт ішінде тұтынуға (желелік, ұсталық, престеу – машина жасау зауыттарында) арналған шалафабрикаттарды дайындайтын өндірістер жатады.
Көмекші өндіріс негізгі өндірістің өнімін әзірлеуге қатыспайды, бірақ өнім өндіруге, қызмет көрсетуге, жұмыс жасауға тікелей ықпал етеді (жөндеу-механикалық және аспаптық цехтар, электр-көліктік, сумен жабдықтау және т.б.).
Қосымша цехтар (мақта қалдықтарынан тазартылған мақта өндіру жөніндегі цехтар) негізгі өндіріс қалдықтарынан кәдеге жаратуға септігін тигізеді.
Қосалқы цехтар (ыдыстар мен буып-түю материалдарын дайындаумен айналысатын цехтар) негізгі материалдардан емес, бірақ негізгі және көмекші өндірістерде пайдаланатын материалдардан өнім өндіреді.
Эксперименттік (тәжірибелік) цехтар тәжірибелік үлгілерді дайындайды және түрлі эксперименттік жұмыстарды атқарады.
Бұдан басқа кәсіпорындарда қызмет көрсететін өндірістер мен кәсіпорын ұжымының тұрмыстық қажеттілігін қанағаттандыратын шаруашылықтар (тұрғын-үй комуналдық шаруашылық, моншалар, кір жуатын орындар) болады. Бұл атқаруға немесе қызмет көрсетуге өз септігін тигізеді.
Өндірістік есепті дұрыс ұйымдастырудың кез-келген кәсіпорын үшін маңызы зор.
Өндірістің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру көбіне өндірістің тұрпатына (типіне) байланысты болады. Өндіріс жеке-дара, сериялық және жаппай өндіріс болып үш топқа бөлінеді.
Жеке-дара (жекелеген) өндіріс – өнім жекелеген даналарымен немесе қайталанып отыратын шағын тапсырыстарымен дайындалатын өндіріс. Бұл ауыр машина жасауға, кеме жасауға, бірегей станоктар мен турбиналарды өндіруге тән. Оның мынадай ерекшеліктері бар: ондағы цехтар нақты бір салаға мамандандырылмайды; субъект пен цехтардың өндіріс бағдарламасында бұйымдар мен олардың бөлімдерінің көп мөлшерде болуымен ерекшеленеді; дайындық қорытындылау жұмыстарына кететіншығындардың деңгейі салыстырмалы жағдайда алғанда біршама үлкен болады; өндірістің басқа да тұрпаттарына қарағанда өндірістік цикл ұзақ болып келеді. Жеке-дара өндірісте, әдетте, шығындарды есепке алу үшін және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін тапсырыстық әдіс қолданылады, бұл орайда шығындар әрбір бұйым (тапсырыс) бойынша есепке алынады.
Сериялық өндіріс біркелкі бұйымдарды дайындап шығарудың оқтын-оқтын қайталананып отыруымен сипатталады және оған мынадай ерекшеліктер тән; шығарылатын өнім номенклатурасының шектеулілігі; жұмыс орындарының салыстырмалы түрде алғанда кең мамандануы; мамандандырылған машиналардың, аспаптар мен қондырғылардың қолданылуының шектеуліліг. Сериялық өндіріс машина жасау өнеркәсібінде және металл өңдеуге неғұрлым кең тараған. Бұл кәсіпорындарда өнімнің шығарылуын есепке алу сериялы бұйымдарға тән етіп қолданылады, бірақ ол бұйымдарды құрастыратын партияларға қолданылмайды.
Сериялардың көлеміне қарай өндірістер мынадай үш түрге бөлінеді: ірі сериялық өндіріс (өнім жыл бойы үздіксіз дайындалады), сериялық (мамандану анағұрлым тар, ал өндірістік желілер мен цехтар бойынша және технологиялық жағынан мамандандырылған), ұсақ сериялық өндіріс (жекелеген өндірістің ұсақ сериямен өнім шығаруға арналған).
Жаппай өндіріс – ұзақ уақыт бойы бірдей өнімді үздіксіз шығаратын өндіріс тұрпаты. Шығарылатын өнімдердің ассортименті (түрлері) көп болмағанымен олардың шығарылатын мөлшері айтарлықтай көп болуы мүмкін, белгілі бір салаға ыңғайланған жабдықтардың жоғары деңгейі және өндірістің жұмыс ырғағының жоғары болуы өндірістің осы тұрпатына тән белгілер болып табылады. Бұл арада әдеттегідей өнімнің және оның негізгі элементтерінің өзіндік құнын есепке алудың және калькуляциялаудың нормативтік әдісі қолданылады.
Өндірісті ұйымдастыру тұрпаты тек шығындарды есепке алуға және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауға ғана әсер етіп қоймайды, сонымен бірге бастапқы есепті ұйымдастыруға, талдамалық есепке де әсер етеді. Мәселен, ірі сериялық және жаппай өндірістерді шығарылатын өнім мен жалақы ауысым ішінде өндірілген өнім рапорттарына, ал жеке-дара және ұсақ сериялық өндірістерде – жасалған жұмыстар нарядтарымен үйлесімде көбіне маршруттық парақтарына жазылады...
Бүгінгі таңда бәсекеге барынша қабілетті шағын және орта шаруашылық субъектілерін дайындауда шеттелдік әріптестерден аларымыз бар. Шетелдік технология мен маркетингтік басқару үлгісі Қазақстандық нарықтағы кәсіпорындарға өте қажет. Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылудағы алғы шаралардың бірі осы жолдан басталмақ, яғни жетілген технолгия, өнімнің жоғары сапасы, қызмет көрсетудегі шеберлік, кәсіпқой мамандарды даярлауда үйренеріміз мол.
Қорытынды
Сонымен, кәсіпорынның негізгі құралдарын қысқаша қорытындылап көрейік:
- Негізгі құралдың заттық мазмұны еңбек құралдары. Олар кәсіпорында ұзақ мерзім қызмет істеп, өндірістік процеске әлденеше рет қатысады, соның өзінде бұрыңғы қалпын сақтап қалады, бірақ жұмыс барысында тозу арқылы бұрынғы бағасын кемітеді.
- Негізгі құралдар – өндірістің материалдық-техникалық базасы болып табылады. Олардың көлемі кәсіпорынның өндірістік қуаты мен еңбектік техникамен қаруландыру деңгейіне байланысты болады.
- Өндірістік үдеріске қатысу дәрежесіне қарай негізгі құралдар екі түрге – өндірістік және өндірістік емес бағыттағы құралдар болып бөлінеді.
- Пайдалану үдерісінде негізгі өндірістік құралдар табиғи және сапалық жағынан тозады.
- Негізгі құралдардың тозу ысырабын азайту оларды жақсылай пайдалану жолымен, негізгі көрсеткіштердің деңгейлерін қор қайтарымы, ауысымдылық коэффициенті, жабдықтау жүктемесінің коэффициентін арттыру мүмкін.
- Бұл көрсеткіштерді жақсарту ғылыми-техникалық прогресс, негізгі құралдардың құрылымын жетілдіру, жабдықтардың әр түрлі бос тұрып қалуын қысқарту, өндірісті және еңбекті жетілдіру, шаруашылықты жүргізудің жаңа нысанын дамыту есебінен мүмкін болады.
- Амортизация нормасы негізгі құралдарды өз уақытында қалпына келтіруге бағытталады және амортизация нормасын есептегенде мынадай факторларды қолдана отырып, негізгі құралдардың қызмет ету уақытын дұрыс анықтай білу керек:
- негізгі құралдардың ұзақ мерзімділігі;
- моральдық тозу;
- техникалық қайта құрудың жоспары;
- жабдықтардың балансы;
- модернизациялау және күрделі жөндеу мүмкіншіліктері.
- Негізгі құралдардың өндірістік процеске қатысуына қарай екі топқа бөлінеді:
- актив;
- пассив.
- Кәсіпорын негізгі өндірістік құралдар бойынша шаруашылық айналымын жүргізу үшін мынадай сатылардан тұрады:
- негізгі құралдың тозуы;
- амортизация;
- негізгі құралды толық қалпына келтіру үшін жинақталған қаражаттар;
- капитал салымдарын жүзеге асыру жолдары.
- ҚОСЫМША МӘЛІМЕТТЕР
Негізгі құрал-жабдықтар меншік нысандары бойынша
Жыл аяғына, бастапқы құны бойынша (млрд. теңге)
2000 | 2001 | 2002 | 2003 | 2004 | |
Барлық негізгі құрал-жабдықтар | 3401,8 | 4004,0 | 4882,5 | 5707,4 | 6628,3 |
Соның ішінде меншік нысандары бойынша: | |||||
Мемлекеттік | 642,3 | 754,5 | 655,6 | 788,4 | 870,6 |
Мемлекеттік емес | 2485,5 | 2870,9 | 3741,6 | 4350,8 | 5058,0 |
Шетелдік | 274,0 | 378,6 | 485,3 | 568,2 | 699,7 |
Экономикалық қызмет түрлері бойынша негізгі құрал-жабдықтардың бастапқы (ағымдағы) құны
Жыл аяғына, млрд. теңге
2000 | 2001 | 2002 | 2003 | 2004 | |
Негізгі құрал-жабдықтар | 3401,8 | 4004,0 | 4882,5 | 5707,4 | 6628,3 |
соның ішінде: | |||||
ауыл шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда көрсетілетін қызметтер | 231,0 | 252,7 | 284,3 | 299,4 | 329,0 |
орман шаруашылығы және осы салада көрсетілетін қызметтер | 1,4 | 0,9 | 0,7 | 0,9 | 0,9 |
балық аулау, балық өсіру | 2,0 | 2,0 | 1,7 | 2,0 | 2,1 |
кен өндіру өнеркәсібі | 970,5 | 1154,7 | 1337,8 | 1595,6 | 1772,5 |
өңдеу өнеркәсібі | 507,4 | 580,6 | 638,6 | 659,8 | 808,9 |
электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлу | 311,2 | 355,7 | 393,3 | 442,6 | 482,4 |
құрылыс | 76,8 | 91,3 | 108,7 | 179,9 | 268,9 |
сауда; автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдар мен жеке пайдаланатын заттарды жөндеу | 68,6 | 88,5 | 118,8 | 146 | 196,3 |
қонақ үйлер көрсететін қызметтер | 33,9 | 33,3 | 39,0 | 42,8 | 47,9 |
мейрамханалар көрсететін қызметтер | 4,3 | 5,6 | 9,0 | 12,5 | 12,9 |
көлік | 306,3 | 365,8 | 720,6 | 845,7 | 1038,7 |
байланыс | 57,3 | 84,5 | 110,3 | 136,9 | 174,4 |
қаржы қызметі | 35,7 | 44,8 | 53,8 | 64,2 | 82,8 |
жылжымайтын мүлікпен операциялар, жалға беру және тұтынушыларға қызмет көрсету | 538,6 | 560,4 | 574,9 | 659,4 | 701,3 |
мемлекеттік басқару | 83,3 | 185,8 | 231,4 | 303,8 | 359,9 |
білім беру | 53,2 | 73,6 | 103,3 | 122 | 136,8 |
денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету | 92,8 | 81,5 | 94,1 | 122,8 | 129,4 |
комуналдық, әлеуметтік және дербес қызмет көрсету | 27,5 | 42,3 | 62,2 | 71,1 | 82,9 |
Экономикалық қызмет түрлері бойынша негізгі құрал-жабдықтардың бастапқы (ағымдағы) құнының өзгеру индекстері
(жыл аяғына, өткен жылға %-бен)
2000 | 2001 | 2002 | 2003 | 2004 | |
Негізгі құрал-жабдықтар | 118,1 | 117,7 | 121,9 | 116,9 | 116,1 |
соның ішінде: | |||||
ауыл шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда көрсетілетін қызметтер | 100,6 | 109,8 | 112,5 | 105,3 | 109,9 |
орман шаруашылығы және осы салада көрсетілетін қызметтер | 100,0 | 64,3 | 77,8 | 128,6 | 100,0 |
балық аулау, балық өсіру | 95,2 | 100,0 | 85,0 | 117,6 | 105,0 |
кен өндіру өнеркәсібі | 182,4 | 119,0 | 115,9 | 119,3 | 111,1 |
өңдеу өнеркәсібі | 114,7 | 114,4 | 110,0 | 103,3 | 122,6 |
электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлу | 100,0 | 114,3 | 110,6 | 112,5 | 109,0 |
құрылыс | 111,0 | 118,9 | 119,1 | 165,5 | 149,5 |
сауда; автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдар мен жеке пайдаланатын заттарды жөндеу | 118,1 | 129,0 | 134,2 | 122,9 | 134,4 |
қонақ үйлер көрсететін қызметтер | 163,0 | 98,2 | 117,1 | 109,7 | 111,9 |
мейрамханалар көрсететін қызметтер | 159,3 | 130,2 | 160,7 | 138,9 | 103,2 |
көлік | 88,5 | 119,4 | 197,0 | 117,4 | 122,8 |
байланыс | 113,9 | 147,5 | 130,5 | 124,1 | 127,4 |
қаржы қызметі | 111,9 | 125,5 | 120,1 | 119,3 | 128,9 |
жылжымайтын мүлікпен операциялар, жалға беру және тұтынушыларға қызмет көрсету | 98,8 | 104,0 | 102,6 | 114,7 | 106,4 |
мемлекеттік басқару | 110,5 | 223,0 | 124,5 | 131,3 | 118,5 |
білім беру | 120,1 | 138,3 | 140,4 | 118,1 | 112,1 |
денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету | 102,7 | 87,8 | 115,5 | 130,5 | 105,4 |
Пайдаланылған әдебиеттер
Дүйсенбаев К.Ш. «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау»,Алматы – 2001ж.
Жолдасбаева Т.Ө. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы – 2002ж.
Мейірбеков А. «Кәсіпорын экономикасын талдау», Алматы – 2000ж.
Үмбеталиев А.Д. «Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік», Алматы – 2005ж
Дробозина Л.А. «Финансы», Москва – 1997г.
Ибраева Н. «Поисковый сер.гуманитарных наук», №2, 2002г.
«Казахстан в цифрах» Статистическое агентство,
Колчина Н.В. «Финансы предприятия», Москва – 2000г.
Ковалев В.В. «Финансовый анализ», Москва – 1995г.
Мозоров С. «Аудит и налагообложение» №1, 2003г.
Мозоров С. «Аудит и налагообложение» №3, 2003г.
Балабанов И.Т. «Основы финансового менеджмента», Москва – 1994г.
Промыслов Б.Д. «Логистические основы управления материальными и денежными потоками» Москва – 1994г.
Павлова Л.Н. «Финансовый менеджмент», Москва – 1995г.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024