Шымкент — Қазақстандағы қала, Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы. Тұрғыны шамамен 1 млн адамға жуық. Халық санының көлемі жағынан Шымкент қаласы бүкіл республика бойынша үшінші орында.
Шымкент еліміздің туризмі жақсы дамыған қалалардың қатарына жатады. Жаздық демалыстарыңызда қайда баруды жоспарлап жүрсеңіздер, 7kun.kz Шымкент қаласын ұсынады.
Сонымен Шымкентте қай жерге баруға болады?
Оңтүстік Қазақстан өңірінде қалың жұртшылық зиянат жасайтын Ислам дінінің қасиетті орындары мен сәулеттік құрылыстары жеткілікті десек жаңылыспаймыз.
Өлкенің тарихи құндылықтары мен зиянат ету орындарына барудағы алғашқы қадам, екінші Мекке атанған-тарихи Түркістаннан басталады. Мұнда түркі халықтарының рухани астанасы, көне дәуірдегі өркениет орталықтарының бірі ретінде ЮНЕСКО-ның тізіміне енген, әлемге танымал тарих және мәдениет ескерткіштері мол қасиетті қалаға барып, әулие-әмбиелерге тәубе етуге болады. Шымкент шаhарының пайда болуына өзіндік үлесін қосқан көне Сайрам қаласы, Ұлы Жібек жолының бойындағы басты сауда және қолөнер орталығы болған - Отырар қалашығы. Қожа Ахмет Яссауи, Арыстан-баб кесенелері мен Тайқазан секілді басқа да құндылықтар туристер жүрегінде терең әсер қалдырады.
[caption id="" align="aligncenter" width="500"] Фото: kazgazeta.kz[/caption] [caption id="" align="alignnone" width="800"] Фото: media.izi.travel[/caption]Тянь-Шань сілемдері мен Қызылқұм шөлінің арасында орналасқан Оңтүстік Қазақстанның бірегей аумақтық жағдайы бір күннің ішінде қар жамылған таудан қыздырылған құмға ойысуға мүмкіндік жасайды. Бір облыстың өзінде климат сан алуан: заңғар таулық, далалық, құмдық және жартылай құмдық табиғи-климаттық аймақтарға бөлінген, онда аң-құс пен өсімдіктің түр-түрін көре аласың. Аумағы 100 мың шаршы шақырым жерден қар барысы, аю, дала түлкісі-қарсақ, тау ешкісі мен шөлейттерде жасайтын жайран, тағылан, борсық, Гималай ұлары мен дуадақты да осы Шымкент жерінен кездестіре аласың.
[caption id="" align="alignnone" width="4656"] Фото: el.kz[/caption] [caption id="" align="alignnone" width="749"] Фото: aksu-jabagly.kz[/caption]Осы аумақтағы табиғаттың қайталанбас інжу-маржандарының бірі - Орта Азиядағы байырғы қорық - Ақсу-Жабағылы қорығы. Батыс Тянь-Шань сілемдерінде орналасқан оның теңіз деңгейінен биіктігі 1000 метрден 4280 метрге жетсе, көлемі 75043 гектарды алып жатыр. Қорықтың ландшафты әдемі, ауқымды, әрі ғылым мен өнер үшін баға жетпес құндылыққа ие. Мұнда көне дәуірге тән өсімдік пен жануарлардың көптеген түрі бастапқы қалпында сақталған. Қасқабұлақ тауының тас қатпарларындағы ата-бабаларымыз салып кеткен көне кескін-бейнелер ғалымдар мен туристер үшін айрықша қызығушылық туғызады.
[caption id="" align="alignnone" width="1000"] Фото: aksu-jabagly.kz[/caption]Аталмыш аумақтағы рекреациялық қорға бай экзотикалық орындарға Қаратау бөктеріне жақын жайғасқан Қызылкөл, табиғаты ғажайып Бадам шатқалындағы «Қырыққыз» туристік базасы мен Батыс Тянь-Шань сілемдеріндегі «Ақмешіт» және «Біркөлік» демалыс аймақтары, Сайрам-су шатқалындағы «Альтекс» спорт кешені, Машат өзеніндегі шатқал, Шардара су қоймасы, емдік минералдық бұлақ суы бар Сарыағаш ауданының шипажай аймағы жатады.
[caption id="" align="aligncenter" width="500"] Фото: besmart.kz[/caption]Шымкент қонақтарының міндетті түрде барып танысатын орны – «Даңқ» мемориалы. Мемориалдық кешен 2010 жылы Абай саябағының аумағына салынды. Мұнда соғыстан оралмаған 140 мың боздақтың аты-жөні тасқа қашалып жазылған.
[caption id="" align="aligncenter" width="2560"] Фото: shymkent.gov.kz[/caption]Тәуелсіздік саябағы. ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Тәуелсіздік» саябағы ашылған болатын. Онда саябақтың триумфты 15 метрлік қақпасына 1991 жылдан – күні бүгінге дейінгі елімізде орын алған тарихи маңызды оқиғалар тасқа қашалып жазылған. Саябақ көлемі 5,8 гектар алқапты алып жатыр, аумағында «Ел бірлігі» Монументі орналасып, «Тәуелсіздік шежіресі» аллеясы салынған. Саябақтағы көкейге елжандылық сезімін ұялатар тағы бір нысан – «Алтын шаңырақ» ел бірлігі тәуелсіздік монументі қойылған.
[caption id="" align="aligncenter" width="486"] Фото: economics.kazgazeta.kz[/caption]Шымкент қаласындағы дендросаябақ - ең алғашқы саябақ. Ол 1979 жылы ашылған. Ағаштар саны - 500 мыңнан астам. Шөптесін өсімдіктер саны - 1 млн 360 мың. Шымкент дендрология саябағы жер шарының түкпір-түкпірінен жинақталған ағаштарға бай. Көктерек, балқарағай, самырсын және магнолия ағаштарының көшеті егіліп, түрлі 584 өсімдік өсірілуде және де мұнда Солтүстік Американың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан Мексика штатынан әкелінген "қасқыр жидегі" ағашын да кездестіруге болады.
[caption id="" align="aligncenter" width="500"] Фото: shymkent.otyrar.kz[/caption]Жақында ғана ашылған демалыс орындарының бірі «Жайлаукөл» демалыс аймағы. Онда орнатылған алып аттракцион - ТМД-дағы биік үшінші дөңгелек шеңбер, ал Азиядағы ең үлкен ойын элементіне жатады. Дөңгелек шеңбердің биіктігі - 50 метр. 18 жабық кабинамен жабдықталған аттракцион 108 адамға лайықталған. Әрбір кабинаға қыста жылу, ал жазда салқындататын арнайы желдеткіш орнатылған. Қозғалыс кезінде аудио-экскурсия, хабарландыру трансляциясы жұмыс істейді. Аттракцион кеңістікте 15 минут айналады. Алып әткеншектен бөлек бұл саябақта 15 түрлі ойын элементі де бар. Ойын-сауық құралдары бұрынғы «Тұлпар», қазіргі «Жайлаукөл» демалыс аймағында орналасқан.
[caption id="" align="aligncenter" width="800"] Фото: welcome.shymkent13.ru[/caption]Шымкент - еліміздегі субұрқағы көп қала. Қазіргі таңда Шымшаһардың өзінде 23 субұрқақ бар. Қала аумағының ұлғаюына орай бұл «ауа тазартқыштардың» саны еселене түсетіні анық.
Алып «Қызғалдақ» су көмкерген бассейннің ортасында орналасқан. Диаметрі 30 метрді құрайтын бұл бассейінді шіліңгір шілдеде балақайлар шомылу орнына айналдырады.
[caption id="" align="alignnone" width="1600"] Фото: rgmedia.kz[/caption]Шымкентте «Ontustik Invest-2016» халықаралық инвестициялық форумы аясында «Ontustik Tourism Center» туристік ақпараттық орталығы жұмыс істейді. Онда туристерді ақпаратпен қамтамасыз етіп, тұрғындар мен қонақтарға туристік бағытта қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар, мұнда тәулік бойы call-орталық жұмыс істейді.
Орталықтың ең басты ерекшелігі сол, мұнда өңір тұрғындары мен қонақтарына бір терезе қағидасымен қызмет көрсетіле отырып, мекеме ғимаратында тур операторлары, гид-аудармашы, көші-қон қызметі мен көліктік мекемелер және ұлттық парк өкілдері шоғырланған. Бұл өз кезегінде туристерге туристік қызметті кешенді түрде алуға мүмкіндік береді.
[caption id="" align="alignnone" width="800"] Фото: inform.kz[/caption]Ал өнерсүйер қауым үшін 2014 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан Жұмат Шанин атындағы «Облыстық драма театры» тамаша демалыс орны бола алады.
[caption id="" align="aligncenter" width="800"] Фото: otyrar.kz[/caption]Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024