Орал. 2 қазан. 7kun.kz — Орал қаласында жас кәсіпкерлер мектебі өз жұмысын бастайды. Тегін курсты ұлттық кәсіпкерлер палатасы өткізеді, деп жазды 24kz.
Жасы 18 бен 29 арасындағы іскер топ өкілдері апта бойы бизнестің негіздерін терең меңгеріп, жобалар мен қаржылық құжаттар әзірлеуді үйренеді. Оқу аяқталған соң қатысушылардың бизнес жобалары арасынан ең үздігі іріктеліп, 3 миллион теңгенің мемлекеттік бизнес грантын иеленеді.
"Қазіргі өтініштерге қарағанда шамамен 30-ға жуық адам қатысады деп отырмыз. Одан да көбірек келуі мүмкін. Қазіргі таңда аталған оқуға өтініштер әлі күнге дейін қаралып жатыр. Курс нақты бизнесті жүргізуге бағытталған оқу болып табылады", - дейді облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлім жетекшісі Мақсат Құланбаев.
Айгүл Хожантаева
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024