Ірі инфрақұрылымдық объектілер, соның ішінде EXPO-2017 отандық материалдарсыз салынып жатыр. Бұл жөнінде Қазақстандық автоклавты газобетон ассоциациясының баспасөз қызметі хабарлайды.
Қазақстандық өндірушілердің сөзіне сүйенсек, рубль мен теңге курсының айырмашылығынан Қазақстанда Ресейден әкелінетін құрылыс материалдары көбірек алынады.
«Негізінен, сапалы деген материалдар іріктелініп алынады да, оның ішінде бағасы бойынша ең арзан деген өнім әкелінеді. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ойынша, отандық өнімдердің мазмұнына мән беріп, жобалық-есептік құжаттама жүргізген кезде көлемді инфрақұрылымдық объектілерді есепке алу қажет.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алдында екі мәселе бар: ресейлік құрылыс материалдарының бағасының арзандауы және көлемді объектілерді жобалау барысында қате жүргізілген есептер. Ол жобаларда Қазақстанда жоғары дәрежеде өндірілетін өнімдер әу баста дұрыс көрсетілмеген. Бүгінде отандық өндірушілер өз өнімдерінің бағасын анағұрлым азайтты.
«Құрылыс индустриясы курстық айырмашылықтарға байланысты тығырыққа тіреліп отыр. Қазіргі күні жергілікті кәсіпкерлерге тапсырыс бергеннен Ресейден цемент, газобетон, кірпіштер сынды материалдарды әкелген тиімдірек. Отандық өнімдерді қолдау бағдарламасын әрі қарай дамыта беру керек», – деп санайды ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Рахим Ошақбаев.
«Елбасының қазақстандықтарға неғұрлым көп жұмыс орнын ашу туралы тапсырмасы бар. Яғни, ірі инфрақұрылымдық объект өкілдерінің Ресейден материалдар әкелген тиімдірек дегендері үшін қоғамдық сөгіске ұшырайды. Бұл жерде патриоттық сезім мен бизнестің қоғамдық жауапкершілігі туралы сөз болады. Сонымен қатар, жергілікті өндірушілер өз материалдарын белсенді түрді ұсына білулері тиіс. Ал, ірі тапсырыс беруші компаниялар олардың ұсыныстарын барынша қабылдап, жобалық-есептік құжатнаманы жүргізулері шарт. », – деп айтып өтті Рахим Ошақбаев.
Хабарламада сонымен қатар, EXPO-2017 объектілері үшін Санкт-Петербургтен ірі форматты керамикалық блок алынғандығы көрсетіледі. Блоктың сапасы отандық материалмен салыстырғанда әлдеқайда жақсырақ әрі бағасы да арзан көрінеді. Материалдарды жеткізу бағасын қосқанның өзінде бағаның арзан болуы көптеген әзірлеушілерді алаңдатып отыр. Ресейден одан бөлек, газобетон тасымалданады. Қазақстанның түрлі қалаларындағы тоғыз зауытта оның жоғары сапада құрылған түрлері өндіріледі.
«Бізді мазалайтын бір сұрақ: неге энерготиімділігі жағынан барлық нормаларға жауап берсе де, отандық өнімнің қолданыс аясы тар? Бұрыннан бері құрылысшы боп келе жатқан, ескі мектептің шәкірттері әлі күнге дейін газобетонға силикат кірпіш деп қарайды. Десе де, бізде осымен 10 жылдай бұрын іске қосылған экологиялық газобетон даярлайтын зауыт бар. Көптеген халықаралық зерттеулер нәтижесінде, автоклавты газобетонның сапасының жоғары екендігі дәлелденген. Қазақстанда тоғыз зауыт жылына 1 млн м/куб газобетон өндіре алады. Бірақ олар тиісті дәрежеде қолданылмай жүр», – дейді Қазақстандық автоклавты газобетон өндірушілер ассоциациясының директоры Дәулет Сүтемгенов.