Нұр-Сұлтан. 9 тамыз. 7kun.kz – ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов тұрғындармен бетпе-бет кездесу өткізгісі келмейтін әкімдерге ескерту жасады.
Үкімет отырысында Смайылов халықпен тікелей кездесулер өткізу және кездесу туралы баспасөзде алдын ала хабарлау президент тапсырмасы екенін атап өтті.
Ол аймақтардағы министрлермен кездесуде азаматтарды ұялы байланыс пен интернет сапасы, электрлендіру мен газдандыру, ауыз сумен қамтамасыз ету және әлеуметтік мәселелер көбірек қызықтыратынын айтты.
«Барлық деңгейдегі әкімдер халықпен кездесу өткізгеннен кейін мәслихат сессияларында оларды қаржыландыру мүмкіндігін ескере отырып, мәселелерді жүйелейді. Кейбір өңірлерде жиналыстарды өткізудің жаңа форматына әлі бейімделе қойған жоқ. Кездесулерге еркін қатысу принципін сақтау керек. Мемлекет басшысы «еститін мемлекет» қағидасының маңыздылығына тоқталды. Біз халық мәселесін, олардың сын-пікірлерін тыңдауымыз керек», – деді премьер-министр.
Премьер-министр барлық деңгейдегі әкіммен өткен кездесулерде тұрғындар тарапынан 30 мыңға жуық сауалдар мен ұсыныстар көтерілгенін нақтылады.
Сондай-ақ, ол түйткілді мәселелерді жедел шешуге баса назар аударуды, ал Ұлттық экономика және ақпарат министрліктеріне тұрғындар тарапынан көтерілген барлық мәселені бір жүйеге келтіріп, оларды шешу бойынша іс-шаралар жоспарын бекітуді тапсырды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024