Президент Нұрсұлтан Назарбаев Астана, Алматы және облыс әкімдерінің қатысуымен жиналыс өткізді деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
Жиналыс барысында аймақтық даму мәселелері қарастырылып, жекелеп алғанда, жылу маусымын аяқтау, көктемгі суғару жұмыстарына дайындалу, бюджет қаржысын басқару, баға мен тарифтерге мониторинг жүргізу және қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету сөз болды.
Шара соңында Елбасы аймақтардың ары қарайғы дамуы бойынша нақты тапсырмалар берді.