Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қаскелең қаласының «VIP-казашка» жауапқа тартылды

Қаскелең қаласының «VIP-казашка» жауапқа тартылды

Алматы. 17 қаңтар. 7kun.kz – Полиция 2023 жылдың 16 қаңтарында әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында жүргізуші автокөлік құралын басқара отырып, жол қозғалысы ережелерін бұзған бейнені анықтады, деп хабарлайды polisia.kz.

Қарасай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізді, оның нәтижесі бойынша ЖҚЕ бұзған 2001 жылғы  «Е»  есімді азаматша бейне авторы анықталып, ұсталды.

Қазіргі уақытта құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-ның 591-бабы 2-бөлігі, 230-бабы 2-бөлігі тәртібінде 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

«TOYOTA Prado» маркалы автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Айта кетейік, «VIP-казашка» деп танылып кеткен Қаскелең қаласының тұрғыны жол ережесін бұзып, оны видеоға түсірген.

Похожие материалы