Нұр-Сұлтан. 9 маусым. 7kun.kz - ҚР қазіргі Президенті әрі "Нұр Отан" партиясы ұсынған үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтандағы №115 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді.
"Бүгін ерекше күн, тарихи күн деп айтуға болады. Әрбір сайлау, әсіресе президент сайлауы шайқас алаңы,бағдарламалар мен пікір жарысы. Біздің халқымымыз елімізде өтіп жатқан саяси оқиғаларға ешқашан бей-жай қараған емес. Бұл жолы да Қазақстан халқы азаматтық белсенділік танытып, еліміздің болашағаы үшін дауыс береді деп сенемін", - деді дауыс беруден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев.
Биыл үміткерлердің барлығы Нұр-Сұлтанда дауыс береді. Таңертең алғашқы болып коммунист Жамбыл Ахметбеков пен Кәсіподақтар федерациясы ұсынған Амангелді Таспихов дауыс берді.