Алматы. 7 желтоқсан. 7kun.kz – Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚКҚ) Qazaq Banki салымшыларына өтемақы төлеуді тоқтатты. Оған себеп, Алматы қаласының мамандырылған ауданаралық экономикалық сотының «Qazaq Banki» АҚ-ты мәжбүрлеп тарату туралы шешіміне 29 қарашада берілген апелляциялық шағымы болды.
Қазіргі уақытта банктің 18 246 клиенті өтемақысын күтуде. Өтемақы төлемінің жалпы сомасы 20,4 миллиард теңгені құрайды.
ҚДКБҚ «Qazaq Banki» АҚ-ның салымшыларына өтемақыны төлеу үшін агент банкті таңдау жөніндегі барлық алдын-ала жұмысты жүргізіп қойды. Берілген апелляциялық шағымды апелляциялық сатыдағы сот қанағаттандырмаған жағдайда, қор және таңдап алынған агент-банкі келісім жасауға ниетті.
"«Qazaq Banki» АҚ-да орналастырылған теңгедегі және шетел валютасындағы бір салымшы депозиттері бойынша өтемақы 15 миллион теңгеге дейін төленеді, сондай-ақ шетел валютасындағы депозит бойынша – 5 миллион теңге эквивалентінен аспайтын көлемде", - деп түсіндірді Қордың баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, осы уақытқа дейін "Qazaq Banki"-нің 27 шілдеде лицензиясынан айырылғанын, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры жеке банктің салымшыларына кепілдік берілген өтемақыны төлеуді жүзеге асыратынын хабарлаған едік.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024