Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан 120 миллиард доллар инвестиция тартуды жоспарлап отыр

Қазақстан 120 миллиард доллар инвестиция тартуды жоспарлап отыр
28 қыркүйек. Алматы. 7kun.kz - "Қазақстан 2022 жылға қарай 118 миллиард долларға тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға ниетті", - деп хабарлайды 7kun.kz  ақпараттық агенттігі.  ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, елдегі инвестициялық климатты жақсарту бойынша түрлі реформалар жүргізілуде.  «2022 жылға қарай Қазақстан тікелей шетелдік инвестициялардың 118 миллиард доллар тартып, олардың 24,6 миллиард доллары тиімді іске бағытталған инвестиция болады», - деп хабарлады «Сауда мен инвестицияларды дамытуға жәрдемдесу туралы: Еуразиялық көзқарас» атты форумда. Кездесуге Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев пен Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас директоры Роберт Азеведу қатысты.  ҚР Ұлттық экономика министрлігі 2016 жылдан бастап Қазақстанда барлық инвесторлар үшін «Бір терезе» қағидасы жұмыс істеп келе жатқандығын және еліміздің 16 өңірінде инвесторларға қызмет көрсететін аймақтық кеңселердің ашылғандығын айтты. Қазіргі уақытта ел Дүниежүзілік банктің «Бизнесті жүргізу жеңілдігі» рейтингісінде 35-орынға ие. Естеріңізге салсақ, Қазақстан 2015 жылы Дүние жүзіліу сауда ұйымына кірді.

Похожие материалы