Алматы. 2 қазан. 7kun.kz — Бір жыл ішінде Қазақстаннан Ресейге тартылған тікелей инвестиция 155 миллион долларды құрады. Бұл Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы ең ірі инвестиция көлемі болды. Оны 2018 жылдың үш тоқсаны мен 2019 жылдың І тоқсанындағы статистикалық деректер куәландырады.
Беларусь бұл кезеңде Ресейге 62,6 миллион доллар, Армения - 3,9 миллион доллар инвестиция салған. Ал Қырғызстан, керісінше, 27 миллион доллар тартты.
Сонымен қатар, Ресей Қазақстанға 398,7 млн доллар инвестиция салды, осылайша, Одақтағы Қазақстанның басты инвесторы атанды. Қырғызстан елге 5,8 миллион АҚШ долларын инвестициялады, ал Қазақстан көрші мемлекетке 2,8 миллион доллар аударды.
ЕАЭО мүшелері тарапынан Қазақстанға инвестицияның жалпы көлемі 401,6 млн доллар. Аталған көрсеткіш бойынша Беларусь бірінші орында - 479,1 млн доллар тартты.
Жалпы, ЕАЭО-дағы өзара инвестициялардың жиынтық көлемі бір жыл ішінде 1,2 млрд долларға жетті.
Тэги:
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024