Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан және Түркия Түркі сауда-өнеркәсіп палатасын құрды

Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан және Түркия Түркі сауда-өнеркәсіп палатасын құрды

Алматы. 17 мамыр. 7kun.kz – Жаңа түркі сауда-өнеркәсіп палатасының жарғысына жұма күні Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан және Түркия өкілдері қол қойды, - деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

«Түркі Іскерлік кеңесінің халықаралық ұйымға айналуы Түркі елдері арасындағы экономикалық экономикалық ынтымақтастықты жаңа серпін береді. Бұл іскерлік ынтымақтастықты кеңейтуге және Қазақстан экономикасына инвестициялар ағынын күшейтуге мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.

Құжатқа «Атамекен» Қазақстан Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының басшысы Абылай Мырзахметов, Әзірбайжан кәсіпкерлер ұйымдары Ұлттық конфедерациясының президенті Мамед Мұсаев, Қырғызстан сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Марат Шаршекеев, Түркия сауда палаталары мен тауар биржалары одағының президенті Рифат Хисарчиклиоглу қол қойды.

«Бүгінде түркі елдерінің жалпы ішкі өнімі 1 трлн долларды құрайды, халық 150 млн адамнан асады. Бұл елдер жыл сайын 260 млрд доллардан астам өнімді импорттайды, өз кезегінде, бірыңғай палата осы елдер ішінде өнім өндірісін ұлғайту үшін негіз жасайды, яғни, ұжымдық импортты алмастыруды қамтамасыз етеді», - делінген ақпаратта.

Түркі кеңесі 2009 жылдың қазан айында құрылды. Қатысушылар - Әзірбайжан, Түркия, Қазақстан және Қырғызстан. Ұйымның хатшылығы Стамбұлда орналасқан.

Похожие материалы