Алматы. 3 қаңтар. 7kun.kz – Жаңа жылдан бастап ең төменгі жалақы (ЕТЖ) 42 500 теңгені құрайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен 1 қаңтардан бастап ЕТЖ мөлшері 1,5 есеге өсті, ең төменгі жалақы ең төменгі күнкөріс шегіне байланысты болмайды. Бұл барлық сала бойынша түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1 миллион 300 мың адамның еңбекақысын тікелей қамтиды. Бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 275 мың қызметкердің еңбекақысы көбейіп, орта есеппен 35%-ға өседі.
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің деректеріне сәйкес, ЕТЖ өсірудің нәтижесінде 6 млн-нан астам жалдамалы жұмыскердің иемденетін табысы салықтан босатылатын кіріс көлемінің ұлғаюы есебінен жылына 15 мың теңгеге дейін өседі.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024